Швейцария билігі дыбыссыз дискотека әдеттегі би кешінен де  шулы деп есептейді. Лозанна қаласының билігі  дыбыссыз биге тоқтау салды. Себебі жергілікті тұрғындар құлақшын (наушник) киіп билеушілер әбден мазалады деп шағымданған. Бұл кешті ұйымдаситырушы Оливер Мейлан жастардың онсыз да сауық өткізетін орындары қалада тым аз екендігін жеткізген. Алайда музыканың дыбысы орталық әуен тарату аппатарынан емес, әрбір келушіге жеке тарайтын болғандықтан, құлақшын киген «бишілердің» даусы тұрғындардың мазасын алған көрінеді.

«Алауинформ»

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here