Біз бала туыла салысымен жылайды деп ойлаймыз. Бірақ олай емес.  Перзент дүние есігін аша салған кезде шырылдайды(шыңғырады немесе айқайлайды, тіпті бақырады десек те болады).  Анығында, көздің жасын мөлтілдетіп тұрып жылай алу қабілеті сәбиге  туылғаннан кейінгі бірнеше аптадан соң  ғана дариды. Сонда жас  деген не?  Иә, біз әдетте көздің жасын көргенде ғана адамның жылағанын біле аламыз ғой. Рас, рас! Поэтикалық тілде «үнсіз жылау», «жүректің жылауы» деген тіркес қалыптасқан. Бірақ, поэтиканы бір сәтке ұмытып, көздің жасының құрамына үңіліп көрейікші?

Сіз білесіз бе,  жастың құрамы-  қанның құрамымен бірдей дерлік.

Тек  көз жасында  калий мен хлор көбірек.  Қанның құрамынан адам ағзасына тән ақпарат алуға болатыны сияқты – жас құрамынан да адам ағзасының  мәліметтеріне қол жеткізуге болады. Көздің жасына байланысты ең көп ғылыми  ізденісті АҚШ ғалымдары жүргізген. Көз жасында  үрей мен мұңды жеңілдететін  құрам бар.

Көздің айналасындағы майлы тері қабаты жастың еркін сырғанауына мүмкіндік береді.

Тек  жылаған сәтте ғана емес, көздің өздігінен жасаурайтын кездері де болады емес пе? Жастың бактерияларға қарсы тұра алатын қауқары бар. Егер біздің көзімізде жасаурау қабілеті болмаса, түрлі микроағзалар оны «құртып» тынатын еді. Ал сіз көздің жасында иіс болады дегенге сенесіз бе? Ғалымдар бұған қатысты тәжірибе де жасап көрген екен. Ер адамдарға нәзік жандылардың көз жасының иісі өте қатты әсер етеді.  Ғалымдар әйел затының көз жасы сіңген мақтаны иіскеген тәжірибе алаңындағы ер адамдардың миын сканерге түсіру барысында ондағы айтарлықтай өзгерісті байқаған екен.

Сырттағы болып жатқан құбылысқа қатысты ауыртпалықты сезінген ағза бірден ми қабатына хабар береді. Денедегі ауыртпалықты жеңілдету мақсатында ми жас шығару сигналын таратады. Демек жылай алмаса, адамзатқа өмір сүру тым қиын болар еді.

Самал Болатқызы

«Алауинформ»

3 ПІКІРЛЕР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here