Ғаламтор дамыған заманда ақша табудың түрлі саласын кезіктіруге болады. Бірақ мүмкіндік молайған сайын адамдардың бір-біріне сенімі де жоғалып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мәселен, бөтелкелес досыңыз жоқ болса, әлеуметтік желі жарнамаларынан  тауып алуға болады. Ал салауатты өмір салтын ұстанып, спирттік ішімдіктен аулақ жүретін адамдар ішқұсасын сыртқа шығаруға арналған адамдарды  да табатынын білесіз бе?

кулак

Анығында бұл айтарлықтай жаңалық емес болар. Алайда бұдан қоғамдық сананың өзгеріп жатқандығын байыптаймыз. Сеніп сыр айтатын досыңыз жоқ па? Онда сырласатын адамға тапсырыс беріңіз.

екинши сурет

Болды. Ішіңіздегі запыранды төгіп тастауға ақша үшін келісе кететін арнайы адамдар бар. Бірақ… Анығында, қабылдау қиындау екен. Ол сенің жаныңды шынымен түсінбейді ғой. Ол түсінгенсіп образға енеді. Өтірік басын ұстап, ойға шомған секілді рөл де де ойнайтын шығар. Бірақ адам қай кезде жалғызсырайды? Жалғанның жалған екенін ұғынғанда ма? Онда тым құрығанда жалпақ әлемнен көріп қойған жалғандығыңды жалған доспен ақы төлеп бөлісу деген тым күлкілі ғой.

Слшателб

Жақсы, тебіреністен обьективті әлемге шығайық. Бұл өзгеріс қайда апарып соқтырарын кім білген, бірақ досты да сатып алуға болатын заман туыпты. Сәттік дос деген тіркес те қалыптасып үлгерер. Шырын сезімді талай жыл саудаға салуға дәті жеткен адамзат достыққа да ақша деген арам қағазды араластыра алатын кезеңге келген. Несі бар, сәттік достың сатылып отырғанын бірден түсініп аласың. Сатып кеткеннен ол да тәуір шығар.

«Алауинформ»

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here