Әйелдің қолындағы әмірлік

0
21 934 рет оқылды

 Еркек пен әйел. Бірінен бірі ажырамайтын қос ұғым. Әлемдік деңгейдегі ұлы шығармаларды әйел затының қатысынсыз елестетіп көріңізші. Онда адамзаттың болмысы толықтай ашылмас еді. Ал адам болмысын аша алмаған туындының Ұлы болуы мүмкін емес қой. Оның себебі неде? Оның себебі, әйелдің қолында мәртебелі әлемнің нәп-нәзік кілті бар.Бірақ ол кілттің қолында тұрғанына дандайсыған сырғалымдардың мүлт кетіп қателескен шақтары көп. Себебі нәзік жаратылыс иесінің айналасына деген ойы мен көзқарасы бір рулы елді татуластыруға, бір елді «қатуластыруға» жетіп жатыр. Ақыл айтудан асқан оңай дүние жоқ шығар. Бірақ психологтардың зерттеулеріне зер салып көріңізші. Менің пікіріме келісетін боласыз.

муж и жена

  

Жағымсыз жақтарынан бастасақ…
Әйелі қалай ойласа, күйеуі сондай болады. Күнделікте күйбең тіршілікте оның жетіспеушілік жақтарын көре берсе, ондай жағы екі еселене көбейе береді. Тіпті ер азаматта күш- қуат,  жігерлі болып, жақсы жолдас болуға талпынса да қатардағы жай жауынгерден аспай қалады.

Егер әйел  күйеуін сыйламаса, оны ешкім сыйламайтын болады. Мәселен,туысқандары, жолдастары және әріптестері. Жолдасын сыйламай, оған көрінбейтін жағымсыз атаулар яғни  мінездеме берсе, айналасындағы адамдар да сондай қарым-қатынаста болады. Білместіктің кесірінен осындай бастамаға барса,  аяғы неге күйеуім бұндай болды деген таңданыспен аяқталады.
Егер әйел  күйеуіне сенбесе– онда оған ешкім сенбейтін болады. Тіпті ол адам толыққанды сенімге лайықты болса да, айналасындағы адамдар сенімсіз қарайтын болады. Ал бұдан кейін күйеуде  қандай өрлеу мен биіктіктен көрінетін талыпыныс болсын?

 

Егер әйелдің ештеңеге көңілі толмай жүрсе, онда отбасында өзі қалағандай жағдай ешқашан орнамайды. Тіпті, кешкі ас, киетін киім және демалыс орындары да  оған сұрғұлт түстерден тұратын көңілсіз мекен болып көрінуі мүмкін. Тіпті күйеуіңіздің ата-аналары да бір түрлі бөтендік танытатын секілді көрінуі мүмкін.
Егер әйел  күйеуім бұдан да жақсы  болса деп санаса, онда оның ең бірінші болып күйеуінің көзіне шөп салғанымен бірдей. Бұндай кезде бірінші болып отанасы күйеуіне жаман әрекетке баруына жол ашып  береді. Бірақ оны өзі де байқамай қалуы мүмкін. Осыдан барып, «күйеулер» физикалық тұрғыда, өзгелерге баруын бастайды.
Егер әйелі шын жүрегімен, шын ниетімен күйеуіне қызмет етпесе, сонымен қатар  оны жан жылуымен жылыта алмаса, онда ол өзге жаннан немесе арақ-шараптан, нашақорлықтан «жылу» іздейді.
Егер әйел күйеуіне ер жігіттік іспен айналысуына мүмкіндік бермесе – жолдастарымен сырласуға, балыққа шығуға және басқа да істермен айналысуына кедергі келтірсе, онда ол ішкілікке, компьютерлік ойынға, темекі шегуге болмаса көңіл көтерерлік өзге істерге ден қоя бастайды.
Егер әйел жолдасының   сырымен бөліспесе, онда ол сараң қызғаншақ  болады. Ондай кезде ол адамннан гүл тұрмақ, қыста қар сұрап та ала алмайсыз. Осылайша әйелі  күйеуіне деген  жүрегіндегі  жолды жабады. Ал күйеуі оған ешқандай ақша ұстатпайды.
Егер әйел дербес тәуелсіз болса, ешкімнің көмегіне жүгінбесе – онда күйеуі жауапкершіліксіз болады. Тіпті осыған дейін бәріне жақсы жауап беретін болса да, оның ақырындап икемі жоғала бастайды. Босаңсып диванға жатуға тырысады.

муж и жена 2

Егер әйел ренжігіш болса, онда күйеуі ашуланшақ болады.
Егер әйел күйеуін тыңдауды қойса һәм үнемі ерегессе, онда ол үйден дау кетпейді. Күйеуі әйелін сыйлаудан  қалады. Отбасы  жауапкершіліксіз  және балалар керексіз  болып калады.
Егер әйел үнемі күйеуіне күштеу, озбырлық көрсетсе; мысалы, басын болмайтын нәрсемен қатырса, болмайтын нәрселерге дауыс көтерсе т.с.с. онда күйеуінде екі нұсқа қалады:

Не әйелжанды, не болмаса үнемі әйеліне күш көрсету және  қорқытумен болады.
 

Ал жағымды жақтарына келсек!
Егер әйел күйеуінің жақсы жақтарына мән беріп, көңіл бөлсе – олар бірге өседі және көбейеді. (Тіпті ешқандай негізсіз болса да. Жауапкершілік алмаса да). Сонымен қатар, басшылыққа ұмтылмаса да,  аяқ- асытынан бастық  болуы да мүмкін. т.с.с.

 

Егер әйел күйеуін сыласа, оны жолдастары және әріптестері сыйлайды. Олар әрқашанда қиыншылық кездер болса қолдап, одан шығуына көмектеседі.

 

Егер әйел күйеуіне сенсе – оған айналасындағы адамдар  да сенеді.

 

Егер әйел күйеуінен еш нәрсе жасырмаса және алдамаса, жүрегін ашса – онда күйеуі де алдай алмайды және опасыздық жасамайды.
Егер әйел күйеуін шын жүрегімен жақсы көрсе, онда ол жомарт болады. Сонымен қатар, әйелінің әрқашанда көңілін көтеруге және бақытты етуге тырысады.

 

Егер әйел күйеуіне шын ниетімен қызмет ете білсе, онда ол бар ынта- жігермен өз қамқорлығына алады, сонымен қатар, қамын ойлап, қорғап жүреді.
Егер әйел күйеуінің ашуын сабырлықпен түсініп, оны басса – онда ол тау қопарады. Ол үшін күйеудің жақсы жақтарын көре біліу керек.
Егер әйел отбасын ошақ қасын сақтап қаламын десе және бар күш -жігерін салса, күйеуінде де сондай ықылас туады. Жақсылық  жағынан күйеуі әрқашанда жанынан табылады.

Психолог Ермек Нұрымовтың аудармасы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here