[:kk]Бүгін Елордада БАҚ өкілдеріне арналған «Кәсіби шеберлік және журналистика» тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр.

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырған бұл шараға еліміздің бірқатар өңірінен келген 30-ға жуық журналистер қатысуда. Екі күнге жоспарланған семинар-тренинг барысында қатысушылар экономикалық журналистика, онлайн медиа, смартфондарды журналистикада тиімді пайдалану, аудио-бейне файлдарды, суреттерді өңдеу, PR жаңалықтары, стильдік ерекшелік бойынша тәжірибе алмасады.

image-29-01-16-03-51-3

Шараның алғашқы күнінде медиа-тренерлер – жоба менеджері, интернет-маркетолог Нұрлан Жанай және «Сұрақ-Жауап» сайтының негізін қалаушы Ербол Серікбай IT саласындағы білімдерімен бөлісті. Семинар тыңдаушылары теориялық дәріс алумен шектелмей, оны тәжірибе жүзінде жасап, біліктіліктерін арттырды. Бірнеше топқа бөлініп, берілген тапсырмалар бойынша аз уақыт ішінде жедел ақпарат тарату жолдарымен танысты.

image-29-01-16-03-51-1

Бағдарлама бойынша шеберлік сыныбының екінші күнінде «Әлеуметтік желілерді қаржы табу мақсатында пайдалану, статистикалық мәліметтер көзі,  сайт ашу және оның рейтингін өсіру жолдары, хостинг жасау, онлайн-трансляция, видеотүсірілімдер т.б. тақырыптарда дәрістер жалғасын табады.

image-29-01-16-03-51-2

«Бұл басқосу қазақ журналистерінің кәсіби тұрғыдан шыңдалуына, заманауи медианы тәжірибе жүзінде жетік меңгеруіне мүмкіндік береді. Біздің негізгі мақсатымыз да – осы.

Бұл жолда біздің қызметімізге «Шеврон» компаниясы демеушілік жасап отыр. Ақпарат мамандарын мультимедиялық журналистика заманына бейімдеу өте маңызды. Дәлірек айтсақ, журналист өзі суретке түсіріп, қысқа әрі нұсқа ақпарат әзірлеп, сайтқа орналастырып, фоторепортаж жасап, слайд дайындап әмбебап маманға айналуы тиіс» дейді қор президенті Нәзия Жоямергенқызы.

шеврон

Айта кетейік, «Түркітілдес журналистер қоры» 2014 жылдың қараша айында құрылған болатын. Қоғамдық қор содан бері түркі мемлекеттеріндегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен серіктестік орнатып, іскерлік ынтымақтастықты арттыру бағытында жұмыс істеп келеді. 2016 жылдағы қызметін Алматыдан бастаған ұйымдастырушылар алдағы уақытта Атырау және Шымкент қалаларында семинар өткізуді жоспарлап отыр.

 

Мөлдір Еркінқызы. АСТАНА. 30. 01. 2016

«Алауинформ»[:ru] 

 

Бүгін Елордада БАҚ өкілдеріне арналған «Кәсіби шеберлік және журналистика» тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр.

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырған бұл шараға еліміздің бірқатар өңірінен келген 30-ға жуық журналистер қатысуда. Екі күнге жоспарланған семинар-тренинг барысында қатысушылар экономикалық журналистика, онлайн медиа, смартфондарды журналистикада тиімді пайдалану, аудио-бейне файлдарды, суреттерді өңдеу, PR жаңалықтары, стильдік ерекшелік бойынша тәжірибе алмасады.

Шараның алғашқы күнінде медиа-тренерлер – жоба менеджері, интернет-маркетолог Нұрлан Жанай және «Сұрақ-Жауап» сайтының негізін қалаушы Ербол Серікбай IT саласындағы білімдерімен бөлісті. Семинар тыңдаушылары теориялық дәріс алумен шектелмей, оны тәжірибе жүзінде жасап, біліктіліктерін арттырды. Бірнеше топқа бөлініп, берілген тапсырмалар бойынша аз уақыт ішінде жедел ақпарат тарату жолдарымен танысты.

Бағдарлама бойынша шеберлік сыныбының екінші күнінде «Әлеуметтік желілерді қаржы табу мақсатында пайдалану, статистикалық мәліметтер көзі,  сайт ашу және оның рейтингін өсіру жолдары, хостинг жасау, онлайн-трансляция, видеотүсірілімдер т.б. тақырыптарда дәрістер жалғасын табады.

«Бұл басқосу қазақ журналистерінің кәсіби тұрғыдан шыңдалуына, заманауи медианы тәжірибе жүзінде жетік меңгеруіне мүмкіндік береді. Біздің негізгі мақсатымыз да – осы. Бұл жолда біздің қызметімізге «Шеврон» компаниясы демеушілік жасап отыр. Ақпарат мамандарын мультимедиялық журналистика заманына бейімдеу өте маңызды. Дәлірек айтсақ, журналист өзі суретке түсіріп, қысқа әрі нұсқа ақпарат әзірлеп, сайтқа орналастырып, фоторепортаж жасап, слайд дайындап әмбебап маманға айналуы тиіс» дейді қор президенті Нәзия Жоямергенқызы.

Айта кетейік, «Түркітілдес журналистер қоры» 2014 жылдың қараша айында құрылған болатын. Қоғамдық қор содан бері түркі мемлекеттеріндегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен серіктестік орнатып, іскерлік ынтымақтастықты арттыру бағытында жұмыс істеп келеді. 2016 жылдағы қызметін Алматыдан бастаған ұйымдастырушылар алдағы уақытта Атырау және Шымкент қалаларында семинар өткізуді жоспарлап отыр.

 

Мөлдір Еркінқызы. АСТАНА. 30. 01. 2016

«Алауинформ»[:]

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here