Сіз өз еркіңізбен ауруды шекесінен шертіп тұрып таңдап алатыныңызды білесіз бе?

Адамға өмірде дұрыс жүріп, тұру үшін ең бастысы денсаулықтың саулығы керек. Егер денсаулығың  дұрыс қалыптаспаса өмірдің мәні кете бастайды. Нұрын шашып тұрған күн, соғып тұрған самал жел де саған шаттық әкеле қоймасы анық. Жас кезімізден көп нәрсеге мән бере бермейміз. Осының салдарынан бір уақыт келгенде жанымызды шүберекке түйіп қайдасың аурухана деп жүгіреміз. Бұл біздің осалдығымыз және жан дүниемізге деген немқұрайлы қарағанымыз. Ауру адамда қалай  пайда болатынын біріміз білсек біріміз біле  бермейміз. Адамның он екі мүшесі, алпыс екі тамыры -бәрі бір орталықтан бастау алады. Бастағы миды дұрыс бағытта бағдарлай білсек жан саулығы мен тән саулығы өз жемісін береді. Қазіргі кезде адамдардың дені  100 пайызға сау деп айту қиын. Себебі – әр отбасыда өзіндік бір шешілместей мәселелердің тұруы. Осы мәселелер күні- түні мазалауы, арты ауруға әкелуі бірден бір себеп болады. Бұны психологиялық тілмен айтқанда «психосоматика» деп айтамыз. Психосоматика дегеніміз не?

 

Психосоматика  –  бұл психологиялық факторлардың тән ауруларының пайда болуы мен ағымына әсерін зерттеумен айналысатын медициналық психологияның тарауы. Психосоматика ілімінің аясында жеке тұлғаның мінез-құлықтары, эмоциялық және психологялық жай-күйінің белгілі бір самотикалық (тән) ауру арасындағы байланысты зерттейді.

Осы жайында көптеген шетелдік ғалымдарда зерттеп өткен. Соның біріне тоқталсақ Валерии Синельников «Өз ауруыңды сүй», Луиза Хей «Өміріңді емде» деген сияқты шығармалыры жарық көрген.  Психосоматикалық ауруларды қалай жеңуге болатынын өз тәжірбиелерімен жеткізген.

 

Психосаматикалық аурулардың қалай пайда болатынынының бірнешеуіне тоқталып кетсем:

  • Аллергия – өз күшіңізден бас тарту, сонымен қатар осы ауру мен

аурыратындардың ата-аналарының өмірге деген көз қарастары екі бөлек.

  • Ұйқысызздық – қорқыныш, өзіне сенімсіздік, кінәнің сезінуі.
  • Бас ауру Өзін бағаламау. Өзін-өзі сынау. Қорқыныш. Қашан өзін

кемісткенде және төмен санағанда. Қателік  жасаудан қашқанда. Айналасынан үнемі қолдауды күтетіндер. Бұл үшін адам өзін толық еркін ұстау  және кешіру керек.

  • Ангина – жанға бататын, қатты әсер ететін сөздерден аулақ болу.
  • Астма – 1. Өзі үшін тыныс алу қабілтесіздігі. Басымшылықты сезіну.

Жылауын тежеу. Өмірден қорқу. 2. Отбасында махаббат сезіміне басымшылықтың әсерінен.

  • Гастрит – ұзақ уақытқа созылған таңдау. Сезімге дұшар болу.

Ашулану. Көңілсіз жүру.

  • Анемия – қуаныштың жетіспеушілігі. Алдағы өміріне қорқыныш.
  • Туберкулез – өмірден күдер үзу. Өз-өзін бейберекетсіз ойлау.

Менменшілдік. Өмірге ризашылдығының жоқтығы.

  • Бүйрек ауруы – сынау, түңілу, жол болмаушылық. Ұятқа қалу.

Қайғыру.

  • Психоз – отбасынан қашу, өз-өзінен шығу, өмірден жалтару.
  • Жүрек ауруы – 1. Жүрек ауруы сезіміне көңіл аудармауы. Бұрынғы

эмоционалдық мәселелер. Қуаныштың жетіспеушілігі. Мейірімсіздік. Айналасына сенімсіздігінің туындауы. 2. Жалғыздық сезімде қалалтынынан қорқу. Ақша және мансап үшін жүректегі қуаныш сезімінен арылу.

  • Қатерлі ісік (рак) – 1. Бірінші кезекте қатерлі ісік адамның менмешілдігін оқшаулайды.  Жаныңда қорқыныш пен ренішті көп ұстаған. Жеккөрінішті күшейту. Терең жара. Ескі реніш. Қызғанышты іште сақтау.     2. Онкологиялық емделушілер  көбінесе мына дәрежедегілер жатады, ортада өзін үнемі жоғары санайтындар.

Міне көріп отырғанымыздай бірнеше аурулардың психосоматикалық жолдармен  пайда болатынын білдік. Әрине біздің келтірген аурулар толық емес, аурудың көптеген түрлері бар солардың барлығы осы сияқты жан күзелісінен пайда болады.  Адамның жан дүниесі біздің тікелей миымызбен және сүріп жүрген өмірімізбен байланысты.

Сонымен, психосамотикалық емдеудің күшіне сену-сенбеуді, немесе дәрілік құралдарға сенуді әркімнің өзі шешеді. Алайда, кім де кім өз денсаулығын сақтағысы келсе, күн сайын денсаулығына көңіл бөліп отыруы маңызды. Таза ауада жүру, өзін-өзі сүю, сыртқы дүниені қабылдауға, өзіңнің бұрынғы қателерін  кешіруге, өз табиғатыңды қабылдауға үйретеді. Мұндай сенімге кірген адамның психикалық денсаулығы тұрақты, көңіл-күйі жақсы болады.

Ермек Нұрымов, психолог

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here