Әлемдегі ең әдемі ағаштар

0
600 рет оқылды
Белновости

Әлемде ағаштың түр-түрі кездеседі. Олардың сұлулығы соншалық, жаныңызды жадыратып, ерекше көңіл-күйге бөлейді. Талай ғашықтардың куәсі болған бұл ағаштар, ақынға шабыт беріп, суретшінің қолына қыл қаламын алуға еріксіз мәжбүр етеді. Сол себепті, редакция әлемдегі ең әдемі ағаштар топтамасын назарларыңызға ұсынуды жөн көрді.

Төменде берілген Глициния ағашы – әлемдегі ең әдемі әрі көпжылдық ағаштардың бірі. Наурыз айының соңында гүлдейтін өсімдіктің бұл түрі, хош иісімен адамды өзіне бірден баурап алады. Оны дизайнерлер ландшафт дизайнында кеңінен қолданады.

Бугага

Оңтүстік Каролинада (АҚШ) өсетін «Періште емені» ағашының биіктігі – 20 метр. Оның өсіп тұрғанына 400 жылдан аса уақыт болған.

Куда-то там ру. Онлайн путешествия

Сакура – қызғылт түсті гүлдері бар ең әдемі ағаш. Оның сұлулығына әлемнің көптеген халықтары қызыға қарайды. Бірақ өсімдіктің бұл түрі көбінесе Жапонияда кездесетіндіктен, осы елдің тұрғындары сакураны өздерінің символына айналдырған.

YouTube

Кемпірқосақ эвкалипті – Гавай аралдарында өсетін түрлі-түсті қабығы бар ерекше ағаш түріне жатады. Қабықтың түсі ағаштың жасына қарай өзгереді. Бастапқыда жасыл, содан кейін көкшіл және күлгін түсті реңк береді. Ең соңында күлгін және қою қызыл түсті реңк пайда болады. Ең қызығы, қабығы қабыршықтанған кезде, ағаш әртүрлі түске әдейі боялғандай көрінеді.

Раскрой глаза

Жакаранда ағашыерекше әдемі, гүлді өсімдіктердің қатарында. Оның 50-ге жуық түрі бар. Отаны – Аргентина, Бразилия және Оңтүстік Америка.

Лучшие места мира

Франциядағы «Allouville-Bellefosse» – әлемдегі ең әдемі емен болып есептеледі. Жергілікті тұрғындар бұған өсімдік ретінде ғана емес, діни ескерткіш ретінде де қарайды. Ағаштағы шіркеу 1669 жылы найзағай жарқылынан кейін салынған.

Re-actor.net

Мимоза – кейбір елдерде көктемнің символы іспеттес екен. Олай деуге бір себеп, жергілікті тұрғындарды ұзақ уақытқа дейін жайқалған әсем  гүлдерімен қуанышқа бөлейді. Ағаштың тағы бір атауы – австралиялық акация деп аталады.

Мастерок.жж.рф – LiveJournal

Гүлжайна Саяқбаева

«Алауинформ»