Роберт ШЕКЛИ. ПАТШАНЫҢ ҚАЛАУЫ. АҚШ жазушысы

0
437 рет оқылды

әңгіме

Боб Грейнжер екі сағат бойы қатарынан қаптаған ыдыс-аяқ  тізілген сөренің астында жүрелеп отырғындықтан аяғының ұйи бастағанын сезді. Орнынан сәл қозғалып, отырысын түземек болғаны сол еді, гольфтің ауыр сойылы тізесінен сырғып, даңғыр етті де жерге түсті.

– Тыныш – деп, Жейн сыбыр етті. Ол темір сойылынан айырылып қалардай-ақ тас қып ұстап алыпты.

– Ол жексұрын енді, келер деймісің – деді, Боб.

Жейн тас түнек қараңғылықтан көз алмаған күйі:

  • Сүйіктім-ау, үндемеші! – деп тағы да сыбырлады.

Ұрының келер түрі жоқ. Екі апта бойы түн құрғатпай келіп, тоңазытқыштарды, қуат көздерін, ауа таратқыштарды әдеттен тыс әдістермен үптеп бүгінге жеткен еді. Неге әдеттен тыс десең, ол ұры құлып бұзбайды, терезе сындырмайды, тіпті, ізін де қалдырмайды. Сөйте тұра әлде бір таңданарлық тәсілмен дүкенге кіреді де, мына екеуінің дүние-мүлкін әжептәуір ойсыратып барады.

  • Екеуіміздің бұл әдісімізден ештеңе шықпас – деп, Боб тағы да

сыбырлады.

  • Екі-үш жүздік фунт салмағы бар қуат көзін таратушының өзін

көтеріп кетіп жүрген адамың қалай ойласаң да, біз…

  • Қам жеме, шамамыз келеді – деп, Жейн нық сеніммен жауап қатты.

Жейн қыз кезінде осындай сенім-нанымының арқасында әскери әйелдердің  моторландырылған дивизиясында старшина шенін алған жан.

  • Осы бір оңбаған ұрының кесірінен екеуіміздің неке тойымыз кейін

қалдырыла бере ме, осылай бір жөнін тапқаннан өзге амалымыз жоқ.

Боб бас изеді. Армиядағы қызметтері тұсында жинаған ақшаларымен  Жейнис екеуі өздері туып-өскен шағын қалада дүкен ашқан, қалталары қалыңдай бастағанда үйлену тойларын жасамақшы. Сөйтіп жүргенде, тоңызытқыш, ауа таратқыш секілді оны-мұнылары қолды бола берген соң…

  • Бір сыбдыр естілді – деген Жейнис қолындағы сойылды барынша

қатты қысты.

Дүкеннің әлде бір түкпірінде естілер-естілмес сыбдыр шығады. Екеуі демдерін ішке тартты. Кешікпей линолиум үстінде сыртылдаған адам аяғының дыбысы шықты.

  • Дәліздің ортасына жеткенде жарықты жағып қал! – деп, Жейнис

сыбыр етті.

Сол сәтте қараңғы залдың ортасында бір үлкен қара дақтың ұлғая түскенін екеуі де аңғарды. Боб жалма-жан жарықты жақты да «Қозғалма!» деп айғай салды.

  • Бұл не, өзі! – деп, абыржи үн қатқанда Жейнис қолындағы сойылын

түсіріп ала жаздады. Бұрылып қараған Бобтың аузы ашылып қалды…

Үш метрге жуық биік алып мақұлық ол екеуінің алдында сорайып тұрды. Маңдайында екі кішкентай мүйіз көрінеді, арқасында шағын ғана қос қанаты қағылып тұр. Әлгі мақұлық үндістандықтар жасайтын матадан тігілген кең шалбар, кеудесінде «Шайтандар патшасы Ібіліс атындағы политехника институты» деп қанмен жазылған  спорттық үлгідегі тоқыма жейдесі бар. Адамның зәресін ұшырарлықтай үлкен аяғына бұғы терісінен жасалған ақ етік киіп, ақсары шашын спортшылардың үлгісімен бастырған.

Әлгі тажал  Боб пен Жейниске көз тоқтатып қарады:

  • Қарғыс атсын – деп, күбірледі де: –Колледжде көрінбес

ғылымының дәрісін меңгеруім керек еді.

Осылай деді де әлгі құбыжық бауырын қысып тұрып, екі бетін томпайта тұрып үрледі. Сол сәтте екі аяғы жоғалып кетті. Алып мақұлық бар күшімен үрлеуін жалғастырғанда іш жағы жоғалғанымен әлде бірдемеге тірелгендей тоқтап қалды.

  • Міне, осы ғой енді, қолымнан келмейді – деп, шарасыздық

танытқандай кейіді де, іштегі ауасын бар дәрменімен сыртқа шығарды. Іші, екі аяғы қалпына келді.–Әйтеуір, бірдеме жетпей қала береді, қарғыс атқыр!

Жейнис метр жарымдай ұзын бойын барынша тіктеп, қорқыныш тудырарлықтай кейіпке еніп алды да:

– Саған не керек? – деп, сұрады.

– Не керек дейсің бе? А, не еді, ана бір. Иә, анандай желдеткіш.

Осылай деді де, кері бұрылып барып, жалғыз-жарым адамның әлі келмейтін ауыр желдеткішті еденнен шөп құрлы көрмей лып еткізіп көтеріп ала қойды.

  • Тоқтай тұр, қане! – деп айғай салған Боб гольф ұрғышын кезеген

күйі алып құбыжыққа беттеді. Артында көз алмай тұрғын Жейнис

  • Сен оны қайда апармақшысың? – деп сұрады.
  • Алериан патшаға апарамын – деп жауап қатқан алып құбыжық: – Ол

осындай желдеткішке аса мұқтаж.

  • А, солай ма, өте мұқтаж екен ғой – деп, Жейнис ызалана үн қатты

да: – Қанеки, андағы желдеткішті орнына қой.

Жейнис сойылын жоғары көтеріп оқталды.

Алып денелі абыржып қалғандай қанатын қағып-қағып жіберді де:

– Енді, мен не істеймін, патша осыны қалады ғой.

– Обалың өзіңе! – деп Жейн тістеніп айбар шекті.

Жейнис аласа бойлы болғанымен армияда қызмет еткен кезінде джип көліктерінің  моторын жөндеумен айналысқан күш-қуаты мықты бикеш. Алып құбыжықты қолындағы сойылмен салып жіберді. Оның ақшыл түсті шашы жан-жаққа дудырап кетті. «Ойбай!» – деп қалды, Жейнис. Құбыжықтың басына тиген сойыл қайта серпілгенде бикештің өзін алып ұра жаздады. Сол сәтте Боб дереу қимылдап, алып мақұлықтың қабырғасын сындыру үшін сойылын сермеп қалды.

Сойыл алыптың денесін кесіп өткенімен, қайта серпілгенде қолынан ұшып кетті.

  • Ферраларға тән күші әсер етпейді ғой – деп, алып дене иесі кешірім

сұрағандай үнмен тіл қатты.

– Кімге дейсің? – деп, Боб анықтап сұрады.

– Ферра дедім ғой, саған. Біз гоблиндермен қандаспыз, нағашы жағынан келгенде, тирандармен туыспыз.

Осылай деген алып желдеткішті ірі саусақтарымен ұстаған күйі залдың ортасына қарай аяңдап бара жатып: «Ал, енді мен…» деп қояды.

Таңданыстан аузы ашылып қалған Жейнис:

  • Бұл сонда шайтан ба?

Жейнистің бала кезінде әке-шешесі жын-пері, елес, шайтан туралы ертек тыңдауына тиым салғандықтан ол дені дұрыс ой-саналы материалистік көзқарастағы қыз болып бой жетті. Ол кез келген техникалық құрылғыларды өте шебер жөндейтіндіктен, бірлескен бизнесте жөндеу жағын жауаптанатын.Жөндеуден өзге неше жерден таңғажайып іс кезіксе де, ол оны Бобтың үлесіне қалдырар еді. «Берроуз», «Асыл тас қаласының сиқыршысы» секілділерді беталды оқып өскен Боб көз алдындағы көрініске одан гөрі артығырақ әрі тез сенген болса керек.

  • Сіз ендеше өзіңізді «Мың бір түн ертегісінен» оралдым дегіңіз келе ме? – деп, Боб сұрағанда Ферра тыржиып:

– Жоға. Араб құбыжықтары бізге аталас болып келеді. Жалпы, барлық сайтан бір-біріне туыс-бауыр.  Ал, мен нағыз ферра тұқымынанмын.

– Олай болса, электр шығарғыш, тоңазатқыш, желдеткіштің сізге не үшін қажет болғанын айтып берсеңіз қайтеді – деді, Боб қонағына барынша сыпайгершілік танытып.

– Несі бар, еш бүкпесіз-ақ айтайын – деп, жауап қатқан Ферра желдеткішті жерге қойды.

Әуеден әлде бір көрінбейтін затты іздегендей болып, қолын қимылдатты да тапқандай-ақ бос кеңістікке жайланып тұрып отырды. Сосын, малдас құрып алып, етегінің бауын қатайтып, байлады.

– Үш апта бұрын мен шайтандар патшасы Ібіліс атындағы политехника колледжін бітірдім – деп, сөзін бастаған ферра өз тарихын баяндады. – Сонымен не керек, дереу азаматтық істер жөніндегі мемлекеттік қызметке тұруға өтініш жасадым. Біздікілер ежелгі заманнан бері түп-тұқиянымызбен мемлекеттік лауазым атқарған жайымыз бар. Сондай-ақ, менің өтінішім секілділер мыңдап саналатындықтан…

– Азаматтық іс жауаптанған мемлекеттік қызмет дейсің бе? – деп, Боб нақтылап алды.

– Әлбетте, солай. Бәрі мемлекеттік қызмет үшін жанталасады. Алладиннің сиқырлы шамының жыны да үкіметтік лауазым иесі болған ғой.  Сонсоң, арнайы сынақтан өту керек болады. Қандай сынақ дегенде…

– Оны қоя тұршы! – деп, Боб сөзін үзді.

– Сонымен не болды десең… Екеуің бұл туралы ешкімге жақ ашпаймыз деп уәде беріңдер! Мен ебін тауып қызметке орналасқан жайым бар – дей сала қонақтың жүзіне қызыл шырай жүгірді де, екі беті алаулап, күлгін түске айналды. – Тозақ кеңесінің мүшесі әкем бар бет-беделін салып, өз ықпалын пайдаланып бақты. Ғылыми дәрежесі бар 4000 ферраның алдын орап, Патша кубогығының феррасы болып тағайындалдым. Бұл өте беделді қызмет.

Бірер сәт бәрі үнсіз отырды да ферра әңгімесін жалғастырды.

  • Турасын айтқанда, менің дайындығым жеткілікті емес болатын –

деді, әлгі ферра мұңлы үнмен: – Кубок феррасы деген сайтантанудың барлық саласында қамшы салдырмайтын болуға тиіс. Алайда, мен енді ғана оқу бітірген, оның өзінде үлгерімі мардымсыз  ферра едім. Соған қарамастан, мен қолымнан бәрі келетіндей-ақ сезіндім.

Ферра сәл үнсіздіктен кейін әуедегі орнын түзеп алды да, ойын жинақтап:

-Жә, қой! Мұндай әңгімемен сендерді қинап қайтемін. Екеуің ғафу етіңдер… – деді де, әуедегі орнынан секіріп түсіп, едендегі желдеткішті алды.

– Тоқтай тұр! – деген Жейнис: – Сонда патшаң дәл осы біздің желдеткішті алып кел деп бұйырды ма?

Ферраның  жүзі тағы да күлгін сарғыш тартты да:

– Дәл осы деген емес.

– Сонда сенің патшаң бай ма? – Жейнис қызыға сауал қойды.

Жейнис не болса да тылсым әлемнің осы бір мақұлығымен адамша қарым-қатынас жасауға шешкен сыңай танытты.

– Жалпы өте бай патша.

– Олай болса, неге алған затының ақысын төлемейді? Міндетті түрде ұрлап алудың не қажеті бар? – деп, Жейнис нақтылады. Ферра «енді» деп, күбір етті де:

– Оның мұндай зат сатып алатын жері жоқ қой.

«Азиядағы кедей елдердің бірі шығар» деген ойға келген Жейнис:

– Электр тауарларды шетелден тасуларыңа болады ғой. Кез-келген компания қуана-қуана келісер еді.

– Ой, оның да бір әуре – деген ферра тура жауаптан жалтарғандай екі етігін бір-біріне үйкеді де: – Көрінбейтін сиқырлықты меңгергенімде ғой.

– Тура шындығыңды айтшы! – деп, Боб та жата жабысты.

– Соншалықты бәрін білгілерің келсе, Алериан патша сендердің сөздеріңмен айтсақ, сіздің жыл санауыңыздан бұрынғы  2000 жылында өмір сүреді –  деп жауап қатты, ферра мұңлы үнмен.

– Ендеше, мұнда қалай…

– Мен бәрін түсіндірейін. Сәл күтсеңдерші! – деп, жас ферра ызалана айтты да, тершіп кеткен алақанын ақ жейдесімен сүртіп: – Мен патша кубогінің  ферраcы деген лауазымдағы тұлға екенімді айттым ғой. Патшаға асыл тастар мен сұлу арулар керек шығар деп ойлаған едім. Оларды мен еш қиналмай-ақ таба салар едім. Алайда, патшада асыл тастан көп дүние жоқ, сұлулар да жыртылып айырылады екен. Сонымен маған қандай бұйрық берді дейсің бе? «Ферра, менің ордам жазда өте ыстық. Сарайымды салқындататын бірдеме жаса» демесі бар ма. Біткен жерім осы деп білдім. Ферралар тек арнайы  семинарда ғана ауа райын өзгертуді жасай алады. Ал, мен жүгірумен жаттығып, бар уақытымды зая кетіргенмін. Сонымен жағдайға көндігу қажет болды. Сиқырлықтың үлкен түсіндірме сөздігін алдым да «Ауа райы» деген мақаланы оқыдым.

Дуалары маған ауыр болды. Көмек сұрау жайында ойлаудың да қажеті жоқ. Жәрдемге жүгіну деген өзіңнің еш қабілетсіздігіңді әйгілеу болмақ. Ал, мен жиырмасыншы ғасырда ауа райы қолданбалы түрде үйлестіріледі дегенді оқыған едім. Сонымен өте күрделі ізбен келешекке қарай өтіп, сендердің салқындатқыштарыңды алғаным  ғой.  Артынан патша тамақ өнімдерін сол қалпында сақта дегеннен кейін қайта оралып, тоңазытқыш алдым. Сонымен…

Мұның бәрінің техникалық жағын қызықтаған  Жейнис:

– Сонда сен оның бәрін электр жүйесіне қостың ба? – деп, сұрады.

– Қостым. Дуа жасауға нашар болсам да, техникадан хабарым бар.

«Еш шүбәсіз шындықты айтып тұр» деп, ойлады Боб.Расымен де, біздің жыл санауымыздан бұрынғы  2000 жылы патша сарайын салқындата аларлық кім табылар еді? Әлемнің бар інжу-маржанын әкеліп төксе де, ауа тазартқыштан үрлейтін салқын самал мен тамақ сақтайтын тоңазытқышты таба алмас еді. Бірақ, бұл қай жақтың жын-перісі болды екен деген ой Бобтың мазасын алды.  Ассириліктерге ұқсамайды, мысырлық емесі де анық.

  • Түсінсем бұйырмасын – деп таңданған Жейнис: – Өткен дәуірден

дедің бе? Сен өзі уақыт саяхатын меңзеп тұрсың ба? Ферра:

  • Дәл өзі! – деп, кішкентай балақайлардың маңғазданған күлкісімен

езу тартып: -Колледжде оқығанда мен уақыт саяхатын арнайы зерттеген жайым бар.

Осы сәтте Боб «Ацтектік пе екен. Бірақ, сәл басқаша секілді…» деп ойын жалғастырып тұрды.

– Жә, жә. Онда сен өзге жерлерге барсаңшы! – деп, Жейнис оған жөн сілтеді. – Астананың ірі супермаркеттерінен неге ұрламасқа?

– Уақыт ізі тек сіздің дүкенге ғана жетелеп әкеледі – деп, ферра түсіндірді де, жердегі желдеткішті тағы да алды.

– Мен үшін шынымен ыңғайсыз болып тұр. Егер Алериан патшаға дұрыс қызмет көрсете алмасам, маған ешбір лауазым бұйырмайды. Менің атым да, затым да мәңгілікке өшеді.

Жарты сағаттан кейін Боб пен Жейнис тәулік бойы үзіліссіз қызмет көрсететін дәмхананың түкпіргі бөлмесінде отырды. Қою кофе іше отырып, баяу үнмен ғана сырласады.

Материалистік дүние танымы қайтадан қылаң берген  Жейнис ащулы:

  • Бір де бір сөзіне сенбеймін. Сайтан, дуа дей ме! Ферра деп қояды!

Боб әбден қалжыраған кейіппен жауап қатады:

– Сенбеске амалымыз жоқ қой. Екеуіміз де көзбен көрдік.

– Көргеннің бәріне сене беруге де болмайды – деп, Жейнис берілер емес. Дегенмен, айырылып қалған заттарын, шыққан шығынын, кейінге қалдырылған неке тойы еске түскенде: – Сүйіктім, енді қайттік?

– Сиқырлармен дәл сондай сиқырлық тәсілмен ғана күресу керек – деп, Боб бір тәмсіл айтты. – Ол ертең түнде қайта оралады. Сол сәтте қалай қарсы алуды мықтап қолға алайық.

– Мен де солай ойлаймын – деп, оны қолдаған  Жейнис: – Уақытша винчестэр бере тұратын орынды мен білемін.

Боб бас шайқады.

– Оған оқ дарымайды, кері қарай ұшады немесе еш залалсыз тесіп өте салады. Бізге керегі уақыт тезінен өтіп, сыналған сиқырлық тәсіл керек. Уды у ғана қайтарады.

– Дәл қандай сиқырлық сонда? – деп сұрады, Жейнис.

– Кепілді түрде нәтижеге жету үшін екеуіміз бар сиқырлықтың бәрін қолдануымыз керек – деді де, Боб: – Ол пәленің шығу тегін   білмейтінім өкінішті. Қалаған нәтижеңе жетуге сиқырлық дегенің…

– Тағы да кофе алдырасыздар ма? – деген даяшының тосын үні сөзін бөліп жіберді.

Жауап орнына Боб кінәлі адамша оның бетіне қарап, Жейнис қызарып кетті.

  • Екеуіміз бұл жерден кетейікші – деді, Жейнис: – Біреулер естіп

қойса, күлкіге қалып, қаладан безіп кетіп жүрерміз.

Ертеңінде кешкісін екеуі дүкендерінде жүздесті. Боб материал жинақтап, күні бойы кітапханада отырған екен. Соның жемісі болса керек, екі жағы толтыра беталды шимайланған 25 бет қағазы бар.  Дүкеннің темір заттар бөлімінен домкрат сүйрей келген Жейнис:

– Мылтық болғанда тәуір болар еді –деп, күрсінді.

Сағат тілі 23.45-ті көрсеткенде  ферра шыға келді.

– Амансыңдар ма? – деп, сәлемдескен ол: – Сендердің электр пештерің қайда? Қыста керек болады дейді, патшамыз. Ашық оттан әбден мезі болған көрінеді. Жалын шарпи беретін секілді.

– Исаның атымен айтамын, қараңды батыршы! –деп, Боб әлде бір рәсімді бастап, ферраға крест көрсетті.

– Ғафу ете көріңіз –деп, қонақ аса сыпайылықпен ғана: – Ферраларға христиан дінінің еш қатысы жоқ қой.

Тізімнің басында Мысыр елі тұрғандықтан Боб:

  • Намтару және Тиамат атынан мен саған қараңды батыруыңды талап

етемін! –деп жалғастыра берді: – Шөл тәңірі Шамаши атынан, Телаль және Энилилидің…

Бұл аралықта  ферра:

  • А, мұнда екен ғой – деп өзімен өзі сөйлесіп, – Мен осы неге ылғи

жайсыз бірдемелерге шатыламын да жүремін? Мынау газ емес, электрлік үлгісі шығар, ия? Бұрын қолданылған зат секілді.

Боб керісінше, Полинез өлкесіне қарай ауысып:

  • Қайық жасаушы Ратуды шақырамын деп әндетті: – Шөп

алжапқышын жарылқаушы тәңір Хинуды шақырамын…

Сатушылық мінезіне басқан Жейнис:

  • Қолданылған дейді ғой. Айтады екенсің. Бір жылдық кепілдігі бар,

кез келген уақытта қайтаруға болады – деп ашуға мінді.

Полинезден қайыр болмаған соң  Боб:

-Тәңірдің көк бөрісін шақырамын –деп, қытай бағытына қарай ауысты: -Шан Ди жоғары тәңірдің қақпасын күзеткен бөріні, найзағай құдайы Ли Кунды шақырамын…

– Тұра тұр, мынауың әсіре сәулемен қуыратын қобдиша ғой. Бұл да керек еді. Айтпақшы жуынатын елеген қажет. Сендердің елегендерің қайда-ей! –деп, ферра ештеңе болмағандай өз шаруасын реттеп жүр.

– Вал, Буэр, Форкия, Мархоци, Астартаны шақырамын…

-Ванна елегендер мұнда ғой, ия? –деп, ферра Жейнистен сұрағанда ол бас изеп жібергенін өзі де аңғармай абыржып қалды.

– Ең үлкенін аламын. Біздің патша өте ірі денелі қаған.

– Төбесінде мүйізі бар айғыр, Фетид, Асмодей, Инкубты шақырамын –деп, Боб дұғасын аяқтады.

Ферра оған ілтипат танытқан көзбен қарап қояды. Боб парсылардың ақ тәңірі Ормузды шақырды, аммондардың құдайы Молох, ежелгі филистимляндардың құдайы Дагонды атап, ызалана оқыды.

  • Бұдан артықты алып жүре алмаймын – деп, ферра өзімен өзі

сөйлесіп әуре боп жүр.

Боб Дамбаланы шақырған соң араб түбегінің әулиелеріне тәу етті.  Фессал жерінің сиқырлығын, кіші Азияның дуаларын да іске қосып көрді.  Сосын, Африка, Мадагаскар, Үндістан, Ирландия, Малайзия, Скандинавия мен Жапон перілерін қарсы қолданып көрді.

  • Шынымен керемет екен –деп, ферра оны мойындап қояды: – Бірақ,

еш әсері болмайды.  Ферра үлкен елеген, духовка, ток пешті көтерді.

Бар күшін зая кетірген Боб таңырқап:

– Неге бұлай? –  деп сұрап, ентіге үн қатты.

– Неге десең ферраларға өз туған жерінің дуасы ғана дариды. Сол секілді гоблиндер тек Араб түбегінің дуасына ғана бағынады. Оның үстіне сен менің атымды да білмейсің ғой. Саған деп қана айтайын, атын білмейтін құбыжықты қуу үшін дуа жасаудың еш әсері болмайды.

Боб маңдайының терін сүртіп:

– Онда сен қай өлкенікісің?

– Өйтіп тұзаққа түспеспін. Жерімді біліп алсаң, маған қарсы сенімді дуаны тауып алуың мүмкін. Менің онсыз да шаруам бастан асады.

– Сен құлақ салшы! Егер патшаң соншалықты бай болса, неге затымызды бізден сатып алмайды?  – деп, сұрады Жейнис.

– Патша тегін алатын зат үшін ақша шығындамайды. Сондықтан ол бай.

Неке тойларының мерзімі белгісіз мерзімге ұзарғанына көздері жеткен Боб пен Жейнис ферраға ызалана көз тастады.

Ферра керісінше, достық ізетпен қол көтеріп:

  • Ал, ертеңгі түнге дейін аман болайық! – деді де ғайып болды.

Ферра қарасын батырған соң Жейнис:

  • Оңбай кеткір. Енді не істейміз? Сенде басқа амал бар ма?
  • Ештеңе жоқ! – деген Боб баспалдақтың үстіне отыра кетті.

– Сиқырлығыңды тағы бір көрмейсің бе? –деп, Жейнис мысқылдай сұрады.

– Одан қайыр жоқ. «Ферра», «Алериан патша» деген сөздерді ешбір түсіндірме сөздіктен таба алмадым. Анауың аты мен заты белгісіз жерден келген секілді. Бәлкім, Үндістандағы кішкентай каролдықтан шығар –деп, Боб азар да безер болды.

Жейнис мысқылшылдығын сол сәтте доғарып:

  • Не деген қорлық, мынау! Енді, не істемек керек? Келесі жолы оған

шаң сорғыш, одан кейін магнитофон қажет болатын шығар.

Осылай деді де, Жейнис көзін жұмып ойға батты.Боб:

  • Анауың лауазымын арттыру үшін тіпті өлермен болып жүр ғой – деуден

өзге сөз таппады.  Жейнис көзін ашып:

– Мен бір амал тапқандаймын.

– Қандай амал?

– Екеуіміз үшін бизнес пен неке той өзекті. Дұрыс па?

-Дұрыс – деді, Боб.

-Онда былай жасаймыз. Мен сиқырлы дуаға жоқ адаммын. Ал, техниканы қатырамын ал, іске кірісейік –деп, Жейнис жеңін түрді.

Ертеңінде түнгі онбірге онбес минут қалғанда ферра келіп жетті. Қонақ бұрыңғы тоқыма жейдесін кигенімен бұғы терісінен жасалған тойтық етігін жұмсақ табанды күрең аяқ киіммен айырбастапты.

– Патша бұл жолы маған өте жедел атқаруға шұғыл тапсырма берді. Жаңадан алған жас қатыны тулап маза бермегенге ұқсайды. Киімдерін бір рет жуған соң дал-дұлы шығады екен. Күңдері тасқа ұрып жуғаннан сол ғой –деп, мәлімдеді, ферра.

– Түсінікті – деп, Боб жаны ашығандай үн қатты.

– Қысылма, ала бер! – деп, Жейнис қосып қойды.

– Сен екеуің өте мейрімдісіңдер. Мен бұларыңды бағалай аламын, шынымен де –деп, кір жуатын машинаны таңдады: – Патшайым күтіп отыр.

Ферра зытып, жоқ болды. Боб темекі шығарып,  Жейниске ұсынды. Екеуі орындыққа жайғасып күте бастады. Ферра жарты сағаттан соң қайтадан пайда болды.

– Сендер не істеп қойғансыңдар? – деп, сұрады.

– Не болды? – деді, Жейнис ештеңе болмағандай.

– Кір жуатын машина. Патшайым қосып еді, қарсы алдынан сасық түтін шықты да, қызық дыбыс шығып, істемей қалды.

Жейнис темекісінің түтінін дөңгелектеп үрледі де:

– Оны біздің тілімізде «құпия машина» деп атайды.

– Құпия деймісің?

– Құпия әрі тосын сыйы бар. Ақауы бар. Біздің дүкендегі өзге заттар секілді.

– Сендер олай етпеуге тиіссіңдер –деп, ойбай салған ферра: – Бұларың әділетсіздік қой.

– Сен техникадан хабарым бар дегенсің. Жөндеп ала саларсың – деп, Жейнис мазақтай қарады.Ферра:

– Мен бөсе салған едім –деп, момақан кейіппен жауап қатты: – Негізі, спортқа келгенде дарындымын.

Жейнис күлімсірей отырып, есінеді.

– Бұлай жасамау керек –деп, ферра жалынғанда қос қанаты абыржығандай дірілдеп кетті.

– Өте өкінішті. Бірақ, мен ештеңемен көмектесе алмаймын – деді, Боб.

– Сендер мені ауыр жағдайға тап қылдыңдар –деген ферра барын салып жалынды:–Менің лауазымдық қызметімді төмендетеді. Тіпті, мемлекеттік қызметтен қуып та жібере салуы кәдік.

– Ендеше, біз екеуіміздің де банкротқа ұшырауға қақымыз жоқ қой. Дұрыс па? – деп, Жейнис сауал тастады.

Боб бір сәт ойға шомды. Сәлден соң:

– Олай болса, сен өте тегеурінді сиқырлы қарсылыққа ұшырадым деп патшаңа неге айтпасқа? Егер бұл заттар керек болса, тозақ сайтандарына салық төлеуіміз қажет деп айта сал –деп Боб ақыл үйретті.

– Оған ұнамайды-ау – деп, ферра күмәндана тіл қатты.

– Дегенмен әрекет етіп көр –деді, Боб.

Ферра:

– Көрейін деді де жоқ болды.

– Сонда қанша дүние алар екенбіз –деп, Жейнис үнсіздікті бұза сөйледі.

– Жарайды, бөлшек сауданың стандарт бағасымен есеп айырыса салайық. Екеуіміз саудада адал боламыз деп дүкен аштық емес пе. Ешкімді бопсалап, қыспайық. Дегенмен, оның қай өлкеден екендігін біліп алу керек еді.

– Патша бай шығар-ә!–деп, қиялға батқан Жейнис: – Олай болса, жалпы біз неге…

– Тоқта! – деп, Боб аяқ астынан ойбай салды:–Болмайды екен. Біздің дәуірімізден бұрынғы 2000 жылы тоңазытқыш болды деуге бола ма? Салқындатқыш желдеткіш те солай.

– Сен не айтқың келеді?

– Бұл тарихты түп орнымен қопарып тастайды деген сөз ғой. Ақылдылау біреулері оны көріп, қалай жұмыс істейтінін түсініп қояды. Сонымен тарихи үдеріс толығымен өзгеріп кетеді –деп, Боб түсіндірді.

Бүгінгіге көбірек бас қатыратын Жейнис:

– Онда тұрған не бар?

– Не болмас? Ғылыми даму басқа арнаға түсіп кетеді. Қазіргі уақыт ауысып кетеді.

– Сен сонымен қазіргі ісімізді жарамайды деп тұрсың ба?

– Иә.

– Мен де соны айтып тұрмын ғой –деп, Жейнис кекетіп қойды.

– Жә, қойшы –деп ренжіген Боб: – Бұл туралы ертерек ойлануымыз керек еді. Мына ферра қай жақтікі болуына қатысты келешекке міндетті түрде ықпал ететін дүние шыққалы тұр. Біз парадокс жасайтін қадам бармауымыз керек.

– Неге? деген Жейнистің сұрағы жауапсыз қалды. Ферра жетіп келген еді.

– Патша келісімін берді –деп, мәлімдеді ол. – Сендерден алған заттардың өтеуіне мынау жете ме? –деп, ферра шағын дорбаны ұсынды.

Боб дорбаның ішіндегін төккенде жиырма шақты ірі лилии асыл тасы мен  бриллианттар шықты.

  • Біз мұны ала алмаймыз. Сенімен сауда жасауға болмайды –деп, Боб

мәлімдеді.

Неке тойдың жайы қайтадан буға айналып құрыдымға кетіп бара жатқанын аңғарған Жейнис:

  • Қайдағы бір соқыр сенімге берілме! – деп, айғай салды. Ферра:

– Сонда, неге бұлай? – деп сұрады.

– Қазіргі заманның тауарын өткен дәуірге жіберуге болмайды. Олай етсек, қазір заман өзгеріп кетеді немесе әлем түбірімен асты-үстіне түседі. Одан да зоры болуы мүмкін – деп, Боб түсіндіре бастағанда ферра:

– Сен оған еш қам жеме. Ештеңе болмайды, мен кепілмін.

– Қайдан білеміз? Сен аяқ астынан Ежелгі Ромға кір жуғыш  машинаапарасың сонда не болады десек…

– Өкінішті –деп, ферра сөзін бөлді де: -Алериан патшаның елінде ешбір болашақ жоқ.

– Дұрыстап түсіндіре алмайсың ба?

– Бұдан оңай дүние жоқ –деп, ферра әуеге бапталып отырып алды: – Үш жылдан соң Алериан патшаның өзі де патшалығы да табиғи апатқа ұшырап жермен жексен болады. Тірі жан қалмайды. Балшық ыдыстың сынығы да қалмайды.

Жейн асыл тастарды жарыққа ұстап көріп:

  • Шынымен ғажап. Андағымен саудамызды қыздырып барлық

затымызды тықпалауымыз керек шығар.

Дүкені банкроттан құтқарылып, неке тойды ертең жасаймын десе болатындай жағдай туыпты.

– Онда жөн екен –деген Боб: – Ал, сен не істейсің? – деп, феррадан сұрады.

– Не болушы еді, міндетімді тәуір орындадым. Кешікпей шетелге шығуға сұранамын. Араб әлемінің сиқырлығының келешегі зор деседі.

Осылай деді де ферра спорттық үлгімен бастырған ақсары шашын рақаттана сипады.

– Мен сендерге келіп-кетіп тұрармын –деді де ферра ғайып болды.

– Әй, сен тұра тұршы! Қай елден келгеніңді айтпайсың ба? Алериан патша дегенің қай елді басқарады, өзі? – деп, Боб айғай салды.

Басы ғана сәл көрінер-көрінбес болды да, әлгі ферра:

  • Сендер білген болар деп ойлаған едім. Ферра дегендер Атлантиданың сайтандары емес пе.

Осылай деген ферра ұшты күйлі жоқ болды.

Аударған:

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ.

«Алауинформ»