Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

0
289 рет оқылды

Алматы қаласында 6 желтоқсан күні кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғимаратында өткен шараны «Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру орталығы» ҚҚ ұйымдастырды. Аталған жәрмеңке «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығымен» бірлесе отырып, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асты.

Биылғы жылдың күз айында іске қосылған Алатау аудандық  жастар орталығы бірқатар түрлі бағыттағы шараларды атқарып келуде. Бұл орталық «Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іскем асыру орталығы» ҚҚ аясында жұмыс істеп тұр. Жәрмеңке әдеттегідей,  жұмыс іздеушілер,  студенттер, ЖОО бітірушілер және жалпы жастар қауымына арналды.

Жәрмеңкенің  басты мақсаты – азаматтардың жұмысқа орналасуына, бос жұмыс орындар туралы хабардар болуына, еңбек нарығындағы мәселелер туралы мәлімет алу болып саналады.

Жәрмеңкеге жұмыс беруші 50-ден астам компаниялар өздерінің 600 –ден астам бос жұмыс орындарын ұсынады.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырушылар жұмыс берушілер мен жұмыссыз жастар арасындаөзара тиімді еңбек қатынастарын орнатуға, сондай-ақ оларға қолдау білдіру мақсатында өткізіп отыр.

Жәрмеңкеге келуші азаматтарсұранысқа ие жұмыстар жайлы, кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары туралы және тағы да өзге пайдалы ақпараттарға қол жеткізді.

Бүгінде жұмыс іздеушілер жұмысты іздеу барысында, ең бірінші интернеттегі хабарландыруларға жүгініп жатады. Дегенмен, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің өзіндік алар орны бар. Оның жұмыс іздеушіге де жұмыс беруші тарапқа да өз кезегінде пайдасы бар. Аталған кезекті жәрмеңке осы жайтты да қамтыды деп күтілуде.

«Алауинформ»