Швеция тұрғындарын таң қалдырған төрт күн

0
272 рет оқылды
Фото: facebook

Швеция тұрғындары, бірден төрт күнді көргендерін дәлелдейтін бейне жазбаны желіге салған. Бұл туралы news.rambler.ru сайты хабарлайды.

Ұмытылмас құбылысты туристер Вемдален шипажайында болған кезде байқаған.

Куәгерлердің айтуынша, «гало» 10-15 минутқа дейін созылған.

Айта кетейік, «гало» аспанда бірнеше факторлардың бірігуінен пайда болады. Көбінесе аязды ауа райында ылғалдың жоғары жағдайында байқалады. Ол кейбір тұста кемпірқосаққа ұқсас болғанымен, күннің айналасында ғана пайда болатындығымен ерекшеленеді.

Гүлжайна Саяқбаева

Алауинформ