Facebook балаларға арналған Messenger бағдарламасын іске қосты

0
284 рет оқылды
Фото: Dalma News

Еңбектеген жастан, еңкейген кәріге дейін ғаламторды пайдаланған мына заманда, жасөспірім балалардың түрлі әлеуметтік желілерді шектен тыс қолдануы, көптеген қайғылы оқиғаларға әкеп соғып жатқанын жасыра алмаймыз. Осындай мәселелердің алдын алу мақсатында, Facebook әлеуметтік желісі, 13 жастан кіші пайдаланушыларға арналған Messenger бағдарламасының балалар нұсқасын іске қосыпты.

News.rambler.ru сайтының хабарлауынша, бағдарлама Messenger Kids деп аталады. Аталмыш әлеуметтік желіде, баласының кімдерді достыққа қабылдайтынын және олармен не туралы сөйлесетінін бақылауға ата-аналарының толықтай мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, 13 жасқа толмаған балалар, үлкендердің шешімімен ғана бұл әлеуметтік желіні пайдалана алады.

Мұндай көзқарас, баланың араласатын ортасы тек жақын туысқандар мен достар қатарында болатындай етіп шектеуге мүмкіндік береді деп есептеледі.

Айта кетейік, АҚШ-та тіркелген iOS құрылғыларының иелері, Messenger Kids бағдарламасын алғашқы болып пайдалануға мүмкіндік алды. Әзірлеушілер жылдың аяғына дейін оны Android-қа қосуға уәде етіп отыр.

Гүлжайна Саяқбаева

Алауинформ