Әлемдегі ең ұзақ романдардың авторларын білесіз бе?

0
887 рет оқылды
фото: 1Ul.Ru

Әрбір автор өзінің өміріндегі ең ұзақ романды жазу үшін, көп уақытын, тіпті, өмірінің жартысын дерлік сарп ететіні таңғаларлық-ақ. Біз төменде сол ұзақ романдар мен авторлары туралы miridei.com сайтында жарияланған материалды оқырманға ұсынуды жөн көрдік.

Кітапты ұзақ уақыт жазғаны үшін, ешкім де авторды айыптамайды. Себебі, барлық оқырмандар кез келген оқиғаның бір-екі бөлімге сия бермейтінін жақсы түсінеді. Сондай-ақ, автор өзінің ойын оқырманға толыққанды жеткізу үшін, әрбір деталіне дейін ерекше мән беруі тиіс. Көп адамдар сүйікті кітаптарының ешқашан аяқталмағанын қалайды. Төменде әлемдегі ең ұзақ романдар берілген. Бұл тізімдегі романдар сіздерге қызықты.

Викрам Сеттің «Подходящий жених» («Лайықты күйеу») романы әлемдегі ең ұзақ романдардың бірі. Төрт отбасының өмірі және сол дәуірдегі тарих пен әлеуметтік жағдай жайлы айтылған роман – 593 674 сөзден тұрады.

Фото: greatnote.ru

Айн Рэндтің «Атлант расправил плечи» («Атлант еңсесін көтерді») романында, басты рөлдегі кейіпкер Дагни Таггерттің өмірі туралы әңгімеленеді. Барлығы 565 223 сөзден құралған кітап, өзіңе бағалы зат пен өзіңнің сенімің үшін күресе білуді үйретеді.

Фото: interesno.co

Американдық жазушы Карл Сэндбергтің «Камень памяти» («Естелік тасы») атты тарихи романы 532 030 сөзден құралған. Автор оқырманға үш ғасырдан астам уақыт созылған, Америкалық арманның дамуының ұзақ жолы туралы айтып береді.

Фото: Miridei

Джеймс Клавелл «Гайдзин» романында 1862 жылы Жапонияда болған оқиға туралы жазады. Романтика да, тарих та, драма да кездесетін роман – 478 700 сөзден тұрады.

Фото: NeMalo.net

Рон Хаббард өзінің «Миссия «Земля» («Жер» миссиясы») романында, планеталар арасындағы соғыс туралы баяндайды. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, он томнан тұратын бұл кітап – 1,2 миллион сөзден құралған.

Фото: Электронная библиотека bookz.ru

Мэдисон Купердің «Сирония, Техас» романы 1,1 миллион сөзден тұрады. Автор ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылындағы, ең қарапайым американдық қаланың өмірін сипаттайды. Бір қызығы, романда отыз басты кейіпкер бар.

Фото: Великолепная десятка – blogger

Самюэл Ричардсонның 969 000 сөзден тұратын «Кларисса, или история юной барышни» («Кларисса, немесе жас ханымның тарихы») атты туындысы, Кларисса есімді қыздың бақытсыз тағдыры жайында. Ата-анасы оны өзі сүймейтін жанға тұрмысқа бермек болады. Мұны естіген  Кларисса, үйінен қашып кетеді. Бұл ұзақ, қайғылы, драмалық сюжетті өте ауыр кітап.

Фото: shgpi.edu.ru

Жоғарыда берілген кітаптардың тақырыптары күрделі болғандықтан, осы романдардың авторлары оқырманға әңгіменің барлық мағынасын жеткізу үшін, оқиғаларды соншалықты мұқият әрі толық сипаттау керек болды.

Гүлжайна Саяқбаева

Алауинформ