Samsung компаниясы Galaxy Note 8-ді жаңа үлгіде шығармақ

0
362 рет оқылды

 

Оңтүстік Кореяның тұрмыстық техникалар мен гаджеттер өндіруші Samsung компаниясы Galaxy Note 8 смартфонын «Жұлдызды соғыс» үлгісінде шығаруды жоспарлап отыр деп хабарлайды news.rambler.ru сайты.

Әлемге әйгілі Samsung компаниясы Galaxy Note 8 смартфонын «Жұлдызды соғыс» үлгісінде шығармақ.

Жаңа дизайндағы телефонның шығарылымы, осы жылдың желтоқсан айының ортасына жоспарланып отырған «Звездные войны: Последние джедаи» атты жаңа эпизодтың тұсаукесер рәсімінде қойылуы мүмкін.

Айта кетейік, Samsung Electronics 1969 жылы Кореяның Сувон қаласында құрылған уақыттан бастап, ақпараттық технологиялар саласында 200-ден астам еншілес компанияларды басып озып, әлемдік көшбасшыға айналған.

Сурет news.com.au сайтынан алынды

Гүлжайна Саяқбаева

Алауинформ