Пингвиндер өмірінің құпиясы

0
647 рет оқылды

Пингвиндер өмірінің құпиясы

Пингвиндер жүзе алғанымен, ұша алмайтын ерекше болмысты құстар. Сондай-ақ, олар тік жүре алатын қасиетке ие. Пингвиндердің көбісі өмірлерінің жартысын дерлік мұхитта, ал қалған жартысын жер бетінде өткізеді. Ал олардың Антарктида мен басқа да суық аймақтарда мекен ететінін жақсы білеміз. Тіпті, кейбір түрлері тропикалық ендікте мекен ете алады екен. Негізінен пингвиндер теңізде өмір сүру үшін жаралған. Олардың кейбір түрлері 75 % өмірлерін суда өткізсе, жер бетінде тек жұмыртқа басып, ұрпақтарының өмірге келуін күтеді.

Пингвиндердің ұрпағын біріктіруге және тұқымдастыруға дайындық, түрі мен жынысына байланысты болады. Әдетте аталық аналықтан кейін жетіледі. Кейбір түрлері 2 жасында тұқымдастыруға дайын болады. Тіпті, басқа түрлері 5 жасында ғана ұрпақ туралы ойланады екен. Олар көбінесе, биік емес тасты жағалауларға ұя салады. Сонымен қатар, кейбірі қарапайым өсімдіктерден ұя салса, ал кейбірі тастардың ортасына жұмыртқалағанды жақсы көреді. Әдетте 2 жұмыртқа, ал 3 жұмыртқа өте сирек пайда болады.

Жемтік табу үшін ата-аналары жұмыртқаны кезекпен инкубациялайды. Құстың түріне қарай инкубациялау 30 күннен 100 күнге дейін созылады. Пингвиндердің балапандарының көзі тек бірнеше аптадан кейін ғана көре бастайды. Олардың салмағы түрлеріне қарай өзгеріп, 300 граммға дейін жетеді. Балапандар шамамен жиырма күн ата-анасының қамқорлығында болады. Одан кейін өздері өмір сүруге бейімделеді. Ата-анасының қамқорлығына қарамастан, балапандардың 60 %-дан астамы аштықтан, температурадан және шабуылдардан өледі.

Бір қызығы, көктем бастала салысымен пингвиндер балапандарын топ болып жиналуға үйретеді екен. Топ болып жиналу арқылы жылулықты сақтап қалады. Ал температура 10° С-тан төмен болса, аталық пингвиндердің өліп кетуі әбден мүмкін.

Пингвиндер өмірінің тағы бір сыры – диета ұстағанды жақсы көреді. Аталық пингвиндердің асқазандары тамаққа толы болғандықтан, қыс бойы аш жүреді. Олар ас қорыту үдерісін тоқтатып, аналық пингвин жемтік тауып әкелгенше, өсіп келе жатқан балапандарын асқазанындағы тамақпен асырайды. Бұл қалай жүзеге асады? Анализдің көрсеткіші бойынша, пингвиндердің іш-құрылысының температурасы мен қышқылдық деңгейі бактериялардың өсуіне ыңғайлы болғанымен ештеңе бұзылмайтын көрінеді. Осыған байланысты франсуздық зерттеушілер, олардың фитопланктоннан бактерияға қарсы заттар алатынын анықтаған.

Сонымен қатар, пингвиндер теңізде 1,900 км қашықтыққа дейін саяхаттай алады. Бірақ олар ашық теңізге қалай қоныс аударады? Антарктиданың ортасындағы тегіс бетке орналастырылған кезде айналасына қарап, содан кейін тікелей мекеніне барады. Күн жарқырап тұрған кезде еш қателіксіз діттеген жерлеріне қарай беттейді, ал күн бата бастағанда оларға қиындай түседі. Осыдан кейін зерттеушілер, пингвиндер теңізде адасып кетпес үшін, күнді пайдаланады деген тоқтамға келді.

Пингвиндер жылына бір рет өздерінің «смокингтерін» тастайды. Қалқымалы мұз қабаттарында қалатындықтан, құстар жазда бір ай бойы аштықта болады. Пингвиндердің барлық ескі қауырсындары түсіп, орнына жаңа және жұмсақ қауырсындар шығады. Жұмсақ қауырсындары ауа оқшаулағыш қабатын қамтамасыз етеді. Ал майланған сыртқы қауырсындары «су өткізбейтін жүзу костьюмі» болып табылады. Осының арқасында жұмсақ қауырсындары құрғақ күйінде қалады. Мұзды су болса, теріге тимейді. Оларды «сән саласындағы жеңімпаздар» деп те атайды екен.

Суреттер nashzeleniymir.ru сайтынан алынды

Гүлжайна Саяқбаева 

Алауинформ