Жандүниеңізді жұмбақ әлемге жетелейтін кеш

0
345 рет оқылды

Алматы – өлең мен өнердің, сурет пен әуеннің бас қосатын шаһары екені мәлім. Жақында Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру орталығы» Қоғамдық Қорының аясында жастардың жан-жақты қалыптасуына ықпал ететін «Тасқын center» атты шығармашылық орталық ашылды. Ашылу салтанаты ерекше өтіп, жаңашыл, еркін ойлы жастардың мекеніне айналған бұл орталық көпке танымал  суретші Мәулен Көпбаевпен сырласу кеші мен суреттер көрмесін жасауға мұрындық болды. Сегіз қырлы суретшінің әлеміне сапар шеккен қонақтар сурет өнерін тек көзбен ғана көре алатын құдірет екеніне тағы бір көз жеткізді. Жас та болса, талай белесті бағындырып үлгерген Мәуленнің портреттері әр үйдің төрінде тұруға лайық.

Осыған дейін 5000−ға жуық портрет салған суретші талант, еңбек, табандылық нәтижесінде табысының кілтін тапқан. Замандасының зор талабын байқаған «Тасқын centerдің» жетекшісі, ақын Әлия Іңкәрбек Мәуленнің таланты мен шеберлігіне тәнті екенін жасырмай, болашағына сәттілік тілеп, кешті қызықты әрі көңілді жүргізе білді.

Жандүниенізді жұмбақ әлемге жетелейтін бұл кешке алыстан ат арытып жеткен құтты қонақтар да қатысты. Әлеуметтік желі арқылы суретшіні сырттай танитын жанкүйерлері қолтаңба алып, суретшіден шеберлік сағатын өтуін өтінді. Көрмеге қойылған суреттер жанрлық жағынан портрет, живопись, пейзаж ретінде бөлінген.

Олай болса, атмосферасы ерекше кеш жөнінде фотосуреттер сөйлесін…

Асыл оқырман, Алатау ауданының аумағында орналасқан  #almatyzhastary әлеуметтік шағын орталығының басшысы Ағыбаев Берік мырза орталықтың есігі әрдайым ашық екенін айтып, жастарды жаңашылдыққа бағыттады. Алматы жастары шақырады, «Тасқын center» шақырады! Болашаққа бірге қадам басайық!

«Алауинформ»