251 қандасты қайта құжаттандыру басталды

0
810 рет оқылды

Жабыл облысы Тараз қаласынан ықтиярхат аламыз деп бастары дауға қалып жаз бойы алаңдаумен күн өткізген 251 қандасты қайта құжаттандыру жұмысы басталды. Бұл туралы бүгінгі қайта құжаттануға өтініш берген қандастар шүйіншіледі.

16 қазаннан бастап қайта қжаттандыру жұмысын бастаған Жабыл облыстық Көші-қон полициясы қандастарымызды бір жолда 20,30 адамнан қабылдай бастаған.  15 қазан кеште Алматыдан аттанған алғашықы  20 адам екі күн бойы Жабыл облыстық көші-қон полициясы мүшесінің жол бастауында, 086- медициналық анықтамасы сияқты уақыты өткен құжаттарын жаңадан жасатып, бұрынғы ықтиярхаттарын қайтадан күшінге енгізу үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне өтініш беріп қайтқан. Сонымен бірге, қандастарымыз бұл жолы Жамбыл облыстық Қаржы полициясына барып, Қаржы полициясының қойған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің ешкімге де пара бермегенін, құжат алу барысында ҚР заңын бұзатындай әрекеттерге бармағанын дәлелдеп қайтқан. Айта кететінім, осы жұмыстардың бәрін Жамбыл облыстық Көші-қон басқармасының басшысы Үдербаев Орал мырза  қандастарға бір қызметкерін қосып беріп, қайта құжаттану барысын өз бақылауына алып, көмегін көрсетіп отырған.

Бүгінгі қайта құжаттануға өтініш берген қандастардың құжаты осы аптаның соңына  дейін күшіне еніп, 23 қазаннан бастап қазіргі тұрып жатқан мекен-жәйі бойынша тұрақты тіркеуге тұрып, азаматтық алуға құжаттарын жинай бастайтын болыпты. Жамбыл облыстық Көші-қон полициясы басқа аймақтардағы Көші-қон полицияларымен келіссөздер жасап, қандастардың бәрінің жұмысының сәтімен бітеріне уәде беріп отыр.

Осы орайда қуанышпен қайтқан қандастар барша қазақ халықына, осы істің басы-қасында болған қоғам белсенділері мен жуналистерге, Жамбыл облыстық Көші-қон полициясы басқармасының басшысы мен қызметкерлеріне алғысын қайта-қайта айтумен болды. Біз де қандастардың қалған жұмыстарының сәтімен бітіп, қуанышының ұзағынан болын тілейміз!

Тұрдыбек Құрметхан

Алауинформ