Алпысбай Қазығұлов: Суретшілерге қызмет жасайтын база керек

0
487 рет оқылды

Тамыз айында Алматының суретшілері Қапшағайда 10 күндік пленэр өткізген еді. 7 қазан күні ҚР Суретшілер одағының көрме залында Қапшағайдағы пленэр бойынша пленэрлық көрме өтті. Көрмеде Қазығұлов Алпысбай, Даутбаев Арсен, Абдреев Марат, Хамирев Ербол, Жолшыбаев Нұрлан, Әлиев Мақсат, Батан Шаттық, Света Сой, Әскербек Мусабек, Нарбаева Мадина қатарлы суретшілердің Қапашағайдағы суреттері мен Өмірбек Жұбаниязов, Хайдаров Мәлік, Жұмағұлов Мәлік сияқты қонақ ретінде келген суретшілердің суреттері болды.

Осы орайда көрмені және Қапшағайдағы пленэрді ұйымдастырушы , суретші Алпысбай Қазығұлов мырзаны сөзге тартқан едік:

  • Алпысбай аға, осы реткі көрме туралы қысша айта кетсеңіз?
  • Бүгінгі көрме 7- жазғы пленэрден кейінгі қортынды көрмесі. Бұған үлкен суретшілер де қатысты, жас суретшілер де қатысты, студенттер де қатысты. 10 күн бойы Қапшағайдағы жасаған еңбектерінің нәтижесі. Сурет өнерінде жазда жасаған жұмыстар шығармашылыққа үлкен үлес қосады. Жазғы тіршілік, жарық, көркем тәбиғат. Бұл бір мектеп, жеке жұмыс жасағаннан топтық, ұжымдық жұмыс жасаған тиімді. Ұжымдық жұмыс жасағанда бір-бірімен таласып жұмыс істейді, бір-бірінен көреді, қызық процес. Жақсы жұмыстар шығады. Мен өзім бұны 7- рет өткізіп отырмын. Бұрын Қазақстанның өзге облыстарынан, Өзбекстаннан шақыратын едік. Осы жолы тек Алматы және Алматы облысынан шақырдық. Қатысушылардың бәрі өте жақсы жұмыс істеді. Мен өзім риза болдым. Болашақта осы суретшілердің арасынан Қазақстанның үлкен суретшілері шығады деген сенімдемін.
  • Сіз қазақ сурет өнеріне жаным ашиды дедіңіз, қазіргі қазақтің сурет өнері қай деңгейде?
  • Мамыр айында Түрияда өткен 60 мемлекеттен жиналған суретшілердің арасында болып келдім. Сонда менің байқағаным басқа мемлекеттің суретшілеріне қарағанда біздің суретшілер өте жақсы деңгейде, алға қарай жылжып келе жатқанын көруге болады. Біз көбінде материялық көмек қажет дейміз ғой, ондай көмек болмағанның өзінде сурет өнері тоқтап қалған жоқ, алға жылдып келе жатыр. Суретшілер жұмыс істеп келе жатыр. Осы жұмыстарымыздың бәрі қазақтың сурет өнерін құрайды. Осындай кішкентайдан құралады.
  • Жас суретшілердің ізденісі қалай?
  • Жастардың ізденісі, талпынысы өте жақсы. Жаңа айттым ғой, таңғы сағат бесте тұрып алып сурет салды. Талпыныс болмаса осылай істей ме адам? Бесте тұрып алып сурет сала ма? Бұл деген креализм. Берілген 10 күнді тиімді пайдаланды. Таласып жұмыс істеді. Біліктіліктерін күн санап арттыруда.
  • Жаңа ғана суретшілерге қайырымдылық шарасына қатысқаны үшін алғыс хат бердіңіз. Қайырымдылық шараларына жиі қатысып тұрасыздар ма?
  • Иә, қайырымдылық шараларға жиі қатысып тұрамыз. Біздің осы жолғы қатысқанымыз Асқар Жәкулин атындағы қайырымдылық қорының  «Жақсы істің бір бөлігі бол» деген қайырымдылық кеші еді. Оның алдында Онкологиялық ауырумен ауырған адамдарға көмектестік, одан кейін Жұқпалы ауырумен ауыратын балалар емханасына көмектестік, Жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге көмектестік, сол сияқты тағы басқа көптеген қайырымдылық шараларына атсалыстық.
  • Алға қойған қандай жоспар, армандарыңыз бар?
  • Қазақстанда суретшілердің жылдың қай уақыты болса да келіп суреттерін салатын Алатаудың баурайында ма, Қапшағайдың жағасында ма бір өзіміздің базамыз болса деймін. Суретшілеріміз базаға келіп суреттерін салып, пікір алмасып қайтындай жағдай туғызу керек. Соған әрекет жасап жүрміз, басшылармен сөйлесіп жүрміз. Біздің қолымызда ақша жоқ қой, жоғары жақтағы басшылар бізге көмек көрсетсе іске асыруға болады. Айта кетейін, бізде, Қазақстанда бір ән байқауы болса, бір күндік ән байқауға ақшаның бәрін төгеді, бір күнде өтіп кетеді. Мемлекет суретшілерге база салып берсе, ол мәңгілікке қалатын база. Өмір бойы суретшілерге жұмыс жасайды. Мен ойлаймын, оны жасауға болатын шығар. Бір күндік жобаларға ақшаны бөліп жатқанда, суретшілерге өмір бойы қызмет жасайтын базаны да салып берер деген үміттемін.

 

Тұрдыбек Құрметхан

Алауинформ