Театр әлеміндегі рухани жаңару

0
127 рет оқылды

11 қазан күні М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрында 92- театр маусымының ашылу салтанаты өтті. Жаңа маусымның ашылуына орай 16:30 да тетар басшысы мен ардагер әртістердің қатысуымен  пресс-конференция өттсе, 17:00 де  актерлердің салтанатты шеруі болды.

Пресс-конференцияда Театрдың директоры Ерлан Біләл 91- театр маусымындағы театрдың жеткен жетістіктері мен жаңа маусымдағы жоспарларын таныстырды. Өткен жылы 6 қойылымның тұсауы кесілсе, бұл жылы 4 қойылымның тұсауын кесетінімізді, 91- маусымда театр Лондон саханасында ойнаса, жаңа маусымда  Токионың төрінде өнер көрсетуді жоспарлап отырғандарын айтып өтті. Пресс-конференция соңында рдагерлер әртістер журналистер қауымына театрмен тығыз байланыста болуға шақырды.

Әртістердің салтанаты шеруінен кейін Алматыдағы 8 теартдың басын қосқан көрменің ашылуы өтті. Бұл көрме Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығы аясында «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты тақырыпта болды.

92 – театр маусымының шымылдығы театр  М. Әуезовтың «Абай» трагедиясымен ашылды.

91- театр маусымында да біздің журналистер театр әлеміндегі жаңалықтар мен жаңа қойылымдардың әсерін, әртістердің ізденісін оқырмандарға жетізіп отырған еді. Жаңа маусымда да театрмен біргеміз. М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театры ұжымына жаңа маусымда шығармашылық табыс тілейміз!

Алауинформ