Қандастар қуанып қайтқан күн

Қазан 21, 2017
0
528 рет оқылды

9 қазан күні Жамбыл облыстық Көші-қон полициясының бастығы Үдербаев Орал Мұстафаұлы Тараз қалалық Көші-қон полициясынан ықтиярхат алған  этникалық қазақтарды қабылдап, мәселелерін толық шешіп беретінін жеткізді.

Тараз қаласынан ықтиярхат алған 251 қандастың мәселесі көптен бері баспасөзде жиі айтылып, қоғамды алаңдата бастаған болатын. Аталған мәселе бойынша Abai.kz ақпараттық порталында бірнеше мақала шығып, қандастар мен зиялы қауымның пікірін үкімет мүшелеріне жеткізген еді. Ақпараттық қозғаушы күш пен азаматтарымыздың белсенділігінің нәтижесінде, Елім деп жеткенде елден шығып қалам ба   деп алаңдаған ағайынды Жабыл облыстық Көші-қон полициясы 9 қазанға дөңгелек үстелге шақырады.

9 қазан күні таңертең Алматыдан шыққан бір автобуз қандасымыз сағат 15:00-де Тараз қаласына жетеді. 16:00- ден  18:00 – ге дейін  Көші-қон поициясы қандастарды жеке-жеке қабылдап, бұрынғы тапсырған құжаттарымен тағы бір танысып шығып, азаматтардың қазіргі тұрып жатқан мекен-жәйін жазып алады. 18:00 – ден бастап Жамбыл облыстық Қөші-қон полициясының мәжіліс залында Полиция бастығы Үдербаев Орал Мұстафаұлының қатысуымен дөңгелек үстел басталды.

Дөңгелек үстел барысында қандастардың енді еш алаңдауына негіз жоғын баса айтқан Орал Мұстафаұлы Ішкі істер минситрлігінің тапсырмасы бойынша, 251 қандастың құжаттарын жинап, қазіргі тұрып жатқан жерлерінің Көші-қон полициясына өздері апарып тапсырып ары қарай қайта құжаттануға  толықтай көмектестіндігін жеткізді. Тіпті дөңгелек үстелге қатысқан қырықтай қандастың Алматы қаласы мен Алматы облысында тұрып жатқандарын топқа бөліп, топ басшыларын сайлады. Қандастардың қолына 251 адамның тізімдігін беріп, әлі де келмеген азаматтардың тездетіп Жамбыл облыстық Көші-қон полициясына келіп, тұрақты қоныстанатын мекен-жәйларын тізімдетіп кетулерін ескертті.

Бұл қуанышты күнде 251 азаматтың Қазақ елінің кез-келген жеріне тіркеліп, азаматтық ала алатындығын естумен бірге сонда барған екі азаматтың азаматтығының дайын екеніне де куә болдық.

Көші-қон Полициясының есігінен күмәнмен көңілісіз алаңдап кірген қырықтай азамат, сағат 20:00 де жүздері жайнап шықғып, Қазақстанның барша халқына, осы мәселенің оң шешім табуына атсалысқан азаматтарға, Жабыл облыстық Көші-қон полициясына алғыстарын білдірді. Ара қарй Көші-қон полициясының бүгінгі түсіндіргені бойынша жұмыс жасап, 251 адамның бір де біреуіміз қалмай Қазақ Елінің азаматты болатынымызға сенімдіміз деді. Түнде Тараздан шығып таңертең Алматыға жеткен азаматтар көші-қон полициясының түсіндіргені бойынша жұмыстарын бастап та кетіпті.

Біз де қандастарға тілекшіміз, бірге қуандық. Ары қарай бәрі де өз ретімен орындалатындығына сенімдіміз. Маңгілік қазақ болуға, Қазақ елінің азаматы болғысы келген әр азаматқа ешқашан еш кедергі болмай, көшіміз көлікті болсын деп тілейміз.

Тұрдбыбек Құрметхан

Алауинформ

 

 

Пікір жоқ