АЛМАТЫДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ  ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

0
576 рет оқылды

2017 жылғы 23 тамызда Алматы қаласы  әкімінің  орынбасары Мұрат Амангелдіұлы Дарибаевтың  басшылығымен 2017 жылғы күзде азаматтарды мерзімді әскери әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және алдын-ала дайындық жұмыстарын үйлестіру  мәселелері бойынша қызметтік жиналыс өтті.

Қызметтік жиналысқа Алматы қаласы әкімінің орынбасары – шақыру комиссияларының төрағасы,  Алматы қаласы бгйынша ҚР  ҰҚК, ҚР ІІМ өкілдері,  Алматы қалалық Білім беру, Денсаулық сақтау басқармасының басшылары, Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен басқармаларының бастықтары қатысты. .

Жиналыс барысында  күзгі әскерге шақыру науқаны туралы және жергілікті әскери басқару органдарының шақыру комиссияларын тексеру жұмыстары,  әскерге шақыруды ұйымдастыру барысындағы тапсырмаларды сапалы орындау бойынша талқыланды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының  «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес ағымдағы жылда елімізде күзгі  әскерге шақыру науқаны жылдағыдан ерте, яғни қыркүйек айынан басталмақ. Осыған байланысты Алматы қаласы бойынша әскер қатарына алынатын азаматтарға Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармалары тарапынан шақыртулар беріліп, медициналық  куәландыру үшін комиссия өз жұмысын бастап кетті.
Шара соңында Алматы қ. әкімінің орынбасары М.А.Данибаев көктемгі әскерге шақыру қорытындысы бойынша жақсы жетістікке жеткен Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқараасының бастығы полковник ГА.Сырлыбаевны, Алматы қаласы Жетісу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Е.Д.Қуанышбаевты және басқа да сала өкілдерін мадақтамамен марапаттады.
   Қарлығаш МҰСАБЕКҚЫЗЫ
                Алматы қаласы қорғаныс істері
      жөніндегі басқармаларының  баспасөз хатшысы