Гансу автономиялы өлкесінің сауда-инвестициялық форумы өтті

0
600 рет оқылды

18.08.2017 күні Алматы қаласы «Esentai-Tower» сауда үйінде сағат 09:30 да Қазақстан-Қытай екі ел арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға арналған ҚХР Гансу автономиялы өлкесінің сауда-инвестициялық форумы өтті. Форумға ҚХР Гансу автономиялы өлкесінің өлке әкімі, мемлекеттік жоғары дәрежелі басшылар, Сыртық саяст департаменінің, мәдениет-ақпарат саласының өкілдері, ҚХР Сыртқы сауда палатасы, CCPIT төрағасы, ҚХР-ның халықарлық сауданы қолдау комитеті және Қазақстан Республикасындағы Қытай елшілгі, Қытайдың көптеген алпауыт компанияларының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ «Отандас-Ел» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан сауда- инвестициялық іскерлік байланыс агенттігі қатысты. Форум екі елдің экономикалық ынтымақтастығына, екі елдің  инвестициялық даму мен келісіміне арналды. Өкілдер талқылайтын негізгі үш сауал Қазақстанның жаңа инвестициялық саясатының және Қытай өнеркәсіптерінің келешегі болмақ. Форуымның мақсаты-екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты, іскерлік байланысты нығайту, халықарлық сауда қызыметін жүзеге асыру кезінде екі тараптың кәсіпкерлерін қолдау болып табылады. Форумды ұйымдастыру мен үгіт-нәсихат, ақпараттық қолдауда селбестік танытқан «Отандас-Ел» Республикалық қоғамдық бірлестігі.

Гансу өлкесінің орынбасар губернаторы Хуаң Чиаң:

Қазақстанда ехро аясында өтіп жатқан Гансу өлкесі күндері нің мақсаты мен маңызы қандай?

Әсем Астанаға келіп,  «Ехро 2017» көрмесіне  қатысып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Қазақстан-Қытайдың достық қарым-қатынасы тереңде жатыр. Гансу өлкесі Қазақстанға жақын, көрші орналасқан.  Екі елді жібек жолы тоғыстырып отыр. Сондықтан достық қарым-қатынас негізінде іскерлік қарым-қатынасты жандандыру- басты мақсат.

Болашақта Қазақстан-Гансу өлкесі арасында қай салада іскерлік қарым-қатынасқа басымдылық беріледі?

Әрине, алдымен логистика. Гансу өлкесі-тоғыз жолдың торабы. Транспорт және логистиканың дамыған ортасы, көлік дәлізі. Қазақстан және Гансу өлкесінің транзиттік тасымал саласын дамыту,  логитика бойынша келісімі, –  Қазақстан ғана емес, Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамытудағы басты бағыттардың бірі болмақ. Сондай-ақ Еуропаның тауарлары Қазақстан арқылы Гансуға, Гансу көлік дәлізі арқылы тұтас Қытай еліне жол тартса,Қытай өнімдері Гансу арқылы Қазақстанға, Қазақстан арқылы Еуропаға жол тартады.

Ехро 2017 көрмесінің басты тақырыбы жасы энергетика. Гансу өлкесінде жасыл энергетикаға қаншалықты мән берілген?

Гансу-  ҚХР-дағы жасыл энергетиканың дамыған өлкесі. Зиянды қалдықтардың ауаға таралуын қысқарту, табиғи қорларды үнемдеп тұтыну, энергия тиімділігін арттыруда жоғарғы деңгейде қол жеткіздік.  Жаңа экономиканың стратегиясы табиғи технологиялардың дамуына инвестицияларды тартып, осы бағытта да Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын  жаңа белеске жеткіземіз деп сенеміз. Жасыл эко­номиканың жарқын болашағы бар.

«Отандас-Ел» Республимкалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұқан Мамытхан:

16-тамызда Астана қаласында, «Ехро» қалашығы, қытай павильонында Қытайдың Гансу өлкесінің  күндері өтті. Шараға Гансу өлкесінің орынбасар губернаторы Хуаң Цян бастаған мемлекеттік жоғары дәрежелі басшылар, Қазақстандағы Қытай елшілігі, сонымен қатар,  Қытайдың ірі компанияларының өкілдері қатысты. Гансу-  Қытай Халық Республикасының солтүстігінде, Тибет үстіртіМоңғолияСычуань  және Шын жаң-ның арасында орналасқан Қытайдың ең ірі провинцияларының бірі. Ал, бүгін міне, Алматыдай әсем қалада белгілі компаниялар мен ірі кәсіпкерлердің қатысуымен сауда-инвестициялық форумға жалғасып жатыр. Бұл шаралар- Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық, инвестициялық қарым-қатынасты дамытудың жалғасы болмақ. Қазіргі таңда Қазақстан-Қытай экономикалық қатынастар өзінің даму тарихының ең бір ұтымды, кемелді кезеңін өткеріп жатыр. Демек, бұл алдағы уақытта екі ел арасындағы экономикалық даму ілгерлемесе төмендемейді деген сөз. Бүгінгі форума екі ел кәсіпкерлері арасында іскерлік байланыс орнап, біраз келісім-шарттарға қол қойылды. Қазақстандық кәсіпкерлер өздеріне сенімді серіктес, инвесторлар тауып жатса біздің экономикамыздың дамуына да ықпалы зор. Бүгінгі таңда екі ел Шаңхай ынтымақсатығы ұйымы аясында да саяси, экономикалық ынтымақтастықты тоқтаусыз нығайтып, халықарлық аренадағы іскерлік, стратегиялық іс-қимылдарды жандандыру түскенін аңғару қиын емес. Ехро-2017 көрсемі аясында Қытайдан 20-ға жуық делегация келіп, Ехро-ны тамшалып, түрлі шаралар ұйымдастырды. Бүгінгі форум- соның біреуі. Біздің «Отандас-Ел» Республикалық қоғамдық бірлестігі шетелден келген қазақтардың ғана мәселелерімен айналысып қоймай, осындай дипломатиялық, іскерлік қарым- қатынастарды дамытатын халықаралық шараларға да белсенді қатысып отырады.