Жат дін. Кришна санасы қоғамының бір күні

0
2 922 рет оқылды

Кіріспе

Дінге  деген  сенім және ұлттық тұтастық. Бұл материалда осы ұғымдар жайындағы мораль тұрғысынан  көсемсімейміз. Кришна(өздерінің түсінігінде) үнділік ең жоғарғы құдай дәрежесіне көтерілу.

«Кришна санасы» қоғамы 1966 жылы Бһактиведанта свами Прабхубаданың басшылығымен Нью-Йорк қаласында құрылды. Ал оның неліктен Америкада құрылып, бүкіл әлем бойынша еркін тамыр жайып бара жатқандығы саясаткерлер талқылайтын мәселе деп есептейміз.

Қазақстандағы «Кришна санасы» қоғамы 1994 жылы  ресми түрде жылы тіркелген болатын. 1999 жылдан бастап олар Алматы қаласынан Батыс бағытқа қарай, 25 шақырым жерде орналасқан аймақтан 47 гектор ферма сатып алады. Фермада сиырларға арналған үлкен қора, алма бағы, әдемі көл, қоғам мүшелерінің діни қызметкерлері тұратын үлкен- үлкен үйлер бар.

Тақырыпқа келу

Әдеттегі жұмыс аптасы басталған. Кеңседегі қарама-қарсы орында отыратын әріптесім демалысын ертегі әлемінде өткізгендігін айтып отыр. Ол әлем әлгіндегі ақпарат беріп өткен Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты саяжайдағы ферма болып шықты. Ауызша жеткізілген ақпаратты анықтау үшін ғаламторға кіру әдетін пайдаландық.
http://krishna.kz/ru/content/voskresnaya-programma-na-ferme-13-avgusta

Аңдасақ өздерінің арнайы сайттары бар екен. Өткізетін шараларының барлығын ресми түрде хабарлап, келген адамдары күліп қарсы алатындығынан-ақ олардың барлық әрекеттерінің заңды екенін байқауға болады.

 

Сонымен, біз не көрдік?

Тым ерте барып алғандықтан мұнда қалыпты тіршілігін жасап жүрген еңбек адамдарын кезіктірдік. Бірі кәді жинап жүрсе, енді бірі орамжапырақтың арам шөптерін жұлып жатыр. Қасына бара қалсаң «Харе Кришна» деп күліп қарсы алады. Ауызша ақпарат берушіден ұзын көйлек киіп бару керек екендігін ұғып алғанмын. Сондықтан болар, олар мені аса жатырқаған да жоқ. Бір уақытта Сергей есімді кісі келіп бөгде адаммен танысуға әрекет жасады. Бұл мекен жайды  қайдан естігенімді сұрады. Ақпарат берген құрбыма Кришнаның алғысын жаудырды. Сағат 12-де Кришна туралы мақұрымдарға лекция болатынын, оған дейін ферманы аралап шығуға ұлықсат екенін жеткізді. Ферманы аралату үшін қасымызға Артур деген кришналық сенім иесін қосып берді. Артур сиыр қораның ішімен таныстырды.

Криша санасындағы адаммен сұхбат

  • Артур, сіздердің сиырларыңыздың мүйізі неге бөлекше. Біздікіне ұқсамайды.
  • Сиыр өзінің керек екенін, сүйікті екенін түсінеді. Ал ет жейтін адамдардың сиырлары үнемі күйзелісте жүреді.
  • Сонда сиырларды соншалық құрметтейсіздер ме?
  • Иа, біз оларды ұрмаймыз. Қараңызшы, анау Чантра. Ол осы ферманың еркесі. Алма бақта маң-маң басып жүреді. Бұзаулаған кезде біз оның бұзауына да тиіспейміз. Адамдар сиыр мен бұзауды бөліп тастайды ғой. Сізді балаңыздан бөліп тастаса қандай күйде болар едіңіз. Сиырдың тезегі мен зәрі де емге шипа ғой.
  • Қойыңызшы, сонда қалай?
  • Мен мысалы зәрін ішемін. Тезегін де тұтынамын. Рас алғашында жиіркенесіз. Ал кейін ағзаңыздың тазара бастағанын байқайсыз. Сөйтіп ол сіздің сүйікті сусыныңызға айналып кетеді. Бірақ оның ішетін уақытын білу керек. Мысалы таңғы зәр тап-таза болады.Осындай тезегінің өзі ем болатын жануарды біз соймаймыз. Өздері қартайып өледі. Әкімдік арнайы жер бөлген, өлген соң сонда жерлейміз.
  • . Анау әдемі көлдеріңіз туралы атыңызшы
  • Ол қасиетті көл. Біздің дін басы оған Ганга өзенінің суын алып келіп қосқан. Сондықтан ол Ганга секілді ғарыштық тазалыққа жетелейтін судан тұрады. Сіз сәл кешігіп келдіңіз. Жаз бойы Кришнаға сенушілер осы көлге түседі. Қазір сенбей тұрған боларсыз. Ал түскен кезде бөлекше бір энергетиканы байқайсыз.
  • Енді ол дінбасыңыз қайда, бәлкім сол кісімен сөйлесіп көрермін.
  • Ол кісі миссионер ғой. Біздің танымды насихаттау үшін үнемі тыста жүреді.
  • Мынау музыка не өзі?
  • Сәрсенбі күні қойылым қоямыз. Кришнаның жоғарғы деңгейге қалай жеткенін сахналаймыз. Соған дайындық қой. Қолыңыз тисе келіңіз.
  • Жақсы, онда мен ғибадатханаларыңызға кірейін. Тыспен танысып болған сияқтымын.
  • Әрине, «Харэ, Кришна»

Ғибадатхананың іші

Іштегілер де біздің келгенімізге қатты қуанып кетіпті. Расымен, ағыл да- тегіл қаланың шуынан жалыққан, бұл әлемде бар, не жоқ екенініңе бас қатырып жатпайтын суық қоғамнан қажыған  адам мынандай қабылдауды көргенде еріп түсуі бек мүмкін. Сонымен бізге Кришнаның кім екенін түсіндірді. Тыстан кітап сатып алуға болатынын, Алматы қаласындағы кеңселерінің мекен- жайын берді.

Бұл сенімге кіргендердің ішінде анотомиясы маған ұқсайтын, шашы қара, көзі қара қазақстандықтарды көп кезіктіруге болады. Гүлжан, Нұргүл, Айгерім деген қыздармен таныстық. Олар да «Харэ  Кришнаның» әнін әдемі салады. Түсінгенім қол босай қалған кезде осы әнді салып жүру керек екен. Себебі Құдай әндеткенді, билегенді жақсы көреді -мыс.

Түскі ас

Түскі асты жексенбі күні олар тегін таратады. Сондықтан саяжай маңындағы қарны аштар осында келеді екен. Әрине ол маңда өңкей аштар тұрады деуден аулақпыз. Онда барып алып, тамақтанып шығатындарға, үндіше киініп алып шығып келе жатқандарға ренішпен қарап тұратын дүкен сатушыларын да кезіктірдік. (Видеоны қараңыз.)

Қорытынды

Қасымдағы әріптесімнің таза қазақтілді екенін байқаған діни лектор оған Кришна санасына арналған қазақша кітаптарды қайдан алуға болатынын түсіндіріп жатты. Қойылымға дайындықты, алма бағына демалуға келген меймандарды, қаладан арнайы автобупен келген кришналықтарды көріп біз бөлектене бастадық. Қазақтілді демекші, бұл ұйымға көбіне орыстілді қазақтардың кіргенін байқадық. Сиыры Құдай, көлі қасиетті аймақта өткізген күніміздің дерегі осындай болды.

Айнұр Төлеу

«Алауинформ»