Луиза Хей: «Айна алдындағы бетпе- бет»

0
2 277 рет оқылды

Өзіңді мақұлдау мен өзіңді қабылдау – біздің өміріміздегі оң өзгерістердің кілті. Өзіңді бұлай жақсы көру ешқашан, ешбір жағдайда да өзіңді сынауға болмайтынын сезіну фактісінен басталады. Өз басымызды сынау біздің құтылуға тырысқан ойдың бейнесіне әсер етеді. Өз-өзіңді түсіну сиқырланған құрсаудан шығып кетуге көмектеседі.

Сіз жылдар бойы өзіңізді сынадыңыз, сонда да бұдан ешқандай жақсылық шықпағанын естен шығармаңыз

Өзіңізді жақсы көруге тырысып көріңіз, және бұдан не шығады екен, байқаңыз.

Өзіңді жақсы көру деп ешқандай эгоистік жақсы көруді  немесе «өзін жақсы көруді» нысана ету емес.  Өзін жақсы көру – демек, өз басыңның тірлік  кешу фактісін мерекелеу мен өмірдегі сыйы үшін құдайға шүкірлік ету.

Өзіңді жақсы көру – демек, бәрінен бұрын, өз басыңды құрметтеу.

Мен жақсы көруді сезінемін:

*өмір процесінің өзіне деген;

*тірі болғаныма қуанамын;

*өзім көріп тұрған сұлулыққа;

*басқа адамға деген;

*білімге деген;

*ойлау процесіне деген;

*біздің денемізге және оның құрылымына;

*жануарларға, құстарға және барлық тірі құбылысқа деген;

*Жаратылысқа және оның қалай құрылуына деген.

Сіз жеке өзіңіз бұл тізімге не қоса алар едіңіз?

Ал енді, біз өзімізді қалай жақсы көретінімізді байқайық:

*Біз үнемі өзімізге ұрсамыз және өзімізді сынаймыз;

*Біз өзімізді тамақпен, ішімдікпен және есірткімен улаймыз;

*Бізді ешкім жақсы көрмейді деген сенімді таңдаймыз;

*Біз толық хаос пен берекесіздікте өмір сүрудеміз;

*Біз өзімізге қарыз бен төзгісіз ауыртпалықты жасаймыз;

*Біз қадір-қасиетті аяққа басатын ашыналар мен күйеуді (әйелді) өзімізге тартамыз.

Қандай жағдай да, егер сіз өзіңіздің жетістігіңізді жоққа шығарсаңыз, бұл сіздің өзіңізді жақсы көрмейтініңізді білдіреді. Менің есіме көзілдірік киген өзімнің бір пациенткам түседі. Бір сабақ бойына ол өзін түп негізі балалық шақта жатқан бір қорқынышынан азат етті. Келесі күні ол оянады да, көзілдіріктің өзіне енді қажеті жоқ екенін түсінеді.  Оның жанары 100 пайыз көреді. Бірақ  үнемі өзіне: «мен бұған сенбеймін, мен бұған сенбеймін», деп айтып бүкіл күнді өткізеді. Сөйтіп, ол келесі күні тағы да көзілдірік киеді. Біздің  санамыздан тысқары ойымызда юмор сезімі жоқ. Ол өзінде 100 пайыз көретін жанар пайда болғанына тіпті де сене алмайды.

Кішкентай балалардың мінсіздігі

Сәби болған кездеріңізде сіздер қандай мінсіз едіңіздер?Балаларға мінсіз болу үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Олар мінсіздіктің өзі. Және де біледі, олар – Жаратылыс  аясы.  Олар нені керек етсе соны сұраудан қорықпайды. Өздерінің эмоциясын еркін білдіреді. Сәби  ренжіген кезде, бұл туралы көршілердің бәрінің білетінін сіз білесіз. Сондай-ақ сіз сәби шаттанған кезде оның күлкісі бүкіл дүниені нұрға бөлейтінін де білесіз. Балалар махаббатқа толы. Кішкентай балалар махаббаттың жоқтығына төзе алмайды. Өсе келе, біз махаббатсыз өмір сүруді үйренеміз. Сондай-ақ балалар денесінің әрбір бөлшегін жақсы көреді, тіпті өзінің қалдығын да.

Сіздер де сондай болғансыздар! Ал сосын сол уақытқа дейін қорқуға үйреніп алған үлкендерді тыңдай бастадыңыздар, сөйтіп сіздер біртіндеп өз мінсіздіктерімізді жоққа шығара бастадыңыздар.

Айна алдындағы жаттығу

Мен пациентімнен айнаны алып, өз көзіне қарауды, және есімін атап,  «Мен сені жақсы көремін және сен қандай болсаң да сол күйіңде қабылдаймын»,-деп айтуды өтінемін.  Бұл кейбіреулер үшін мүмкін емес!  Адамдардың қалай әртүрлі қарайтынын мен көріп отырамын – кейбіреулері жылай бастайды, екіншісі ашуланады, ал үшіншісі ешқашан бұлай істей алмайтынын  мәлімдейді: менің бір пациентім айнаны маған лақтырып, қашып кетті. Оған айналып келгенде жағымсыз эмоцияға берілмей өзін айнадан көру үшін бірнеше ай қажет болды.

Біздің ойымыздағыдай елестеткен «проблеманың» нағыз проблема болып шығуы сирек кездеседі

Мысалы, артық салмақты алайық. Адамдар жылдар бойы артық салмақпен  күреседі, бірақ бәрібір  семіз күйінде қалады.  Сонда олар өмірлеріндегі  барлық проблема – олардың толықтығынан деп айта бастайды. Артық  салмақ – тереңірек ішкі  проблеманың сыртқы  көрінісі. Менің пікірімше, – бұл әрқашан да қорқыныш пен қорғанысқа деген қажеттілік. Біз қорқыныш пен өзімізге сенімсіздікті сезінген кезде біз соншалықты «жақсы» емеспіз деп ойлаймыз, көбіміз біздің ағзамызда қорғаныс  қызметін атқаратын  майлармен қапталамыз.

Семіз болғаның  үшін үнемі өзіңді  тұқырту,  артық желінген кесіктер үшін өзіңді кінәлі  сезіну –  уақытты  босқа  өткізу. 20 жыл өткеннен кейін де  сіз семіз боласыз,  өйткені сіз нағыз проблемаға  тіпті де  маңайлаған  жоқсыз. Сондықтан мен  жеке  өз басым  әртүрлі  диеталардан  бас  тартамын. Диета  көмектеспейді. Жалғыз ғана ұсынысым –  бұл жаман ойлар диетасы. Менің клиенттерім  семіз болғандықтан  өздерін жақсы  көрмейміз деп  айтады. Ал, мен  түсіндіремін: олар өздерін  жақсы  көрмегендіктен семіз.

Біз өзімізді  жақсы  көріп, құрметтей бастаған кезде барлығы да автоматты  түрде  ғайып болады…

Нағыз проблема

Сонымен зиянсыз, құртақандай айнаға  қарайды да, пациенттің  көңілі  бұзылады.  Мен масаттанып  күліп: «Тамаша, енді біз  нағыз проблеманы  көреміз» деймін.  Мен онымен өзіңе деген махаббаттың  маңыздылығы туралы қажеттілікпен әңгімелесемін. Ешқашан, ешқандай  сылтаумен ештеңе үшін өзіңді  мінеуге болмайды, содан өзіңе деген махаббат басталады деймін мен. Мен  өз пациенттерімнен не  үшін олар  өздерін сынайды деп сұраймын да, соның ұзын тізімін жасаймын. Олар өте  семіз немесе өте  арық, өте  ақылды немесе  өте  ақымақ, өте көріксіз (бұны өте әдемілері айтады) немесе өте әдемі. Аңғарсаңыз – әрқашан «өте». Ақырында, істің  анығына жетеміз: «Мен соншалықты  жақсы емеспін». Ура! Міне,  біз  нағыз проблемаға жетеміз. Олар өздерін  сынайды, себебі олар жақсы емеспін дегенге  сенуге  үйренген. Біз бүкіл  энергиямызды  бір  проблеманы  шешуге  жұмсауымыз керек: махаббат жетімсіздігі және  өзіңе құрмет!

Мырзагелді Кемелдің аудармасы

Алауинформ