Робин Шарма: «Күнделікті есеп беру жағымсыз ойдан арылтады»

0
1 439 рет оқылды
  1. Болмашыға уайымдайтын әдеттен арылыңыз. Не нәрсенің де келешегін ойлаңыз. Ұсақ-түйек сәтсіздіктерді көңілге алмаңыз. Бәрі өткінші. Сізді уайымға салғанның бәрін ақ қағазға тізіп жазыңыз. Осыған уақыт бөліп, сараптаңыз, неден туғанын анықтап, шабуылдың жоспарын құрыңыз. Бұл тәжірибе жағымсыз әдеттерден арылуға көмектеседі.
  2. Өзгелерден көп жұмыс жасайтын адам болып танылыңыз. Өзінің мойнына көп міндет алып, оларды оңай орындайтын адам болыңыз. Өзгенің қамын жеуді ұмытпаңыз. Ең алдымен отбасы мүшелерінің жоғын түгендеңіз. Топты жан ішінде өзгеше болып жеке әдет пен кәсіби білікпен бөлініп тұратындай болыңыз. Жарық жұлдыз болыңыз.
  3. Ұжымда жұмыс істеп үйреніңіз. Жаңа дос табыңыз. Жас өскен сайын адамның қалай өзгеретініне таңғаласыз. Жай ғана мейірімнің адамды қалай өзгерте алатынына көз жеткізесіз. Өмір жолында кездескен әр адамға ең маңызды адамдай қараңыз. Сонда жетістікке жетесіз.
  4. Не іздесеңіз, соны табасыз. Тек жетістік күтсеңіз, ол келеді. Күн ұзаққа алдыға қойған мақсатыңызды ойлап жүріңіз. Бір күнде бес рет. Арманыңызға қалай қол жеткізетініңізді елестетіңіз. Мақсатыңыз баю болса, тұрғыңыз келетін үйді, көлікті, байлықты неге жұмсайтыныңызды елестетіңіз. Өз тілектеріңізге үнемі оралып отырыңыз. Сол мақсатқа қол жеткізетініңізге нақты сенім болғанша армандай беріңіз.

  5. Таңғалу керемет сезім. Оны дамытыңыз. Зерттеуші болыңыз. Өгелерге қалыпты көрінген нәрсенің ғажабын көре біліңіз. Көшеде ән салып тұрған көше әншісін тыңдаңыз. Әкеңізге ұнаған кітапты оқыңыз. Келесі аптада қала сыртына баратын мақсат қойыңыз. Кішігірім демалыс алып, жанның, тәннің, рухтың тыным алуын қадағалаңыз. Өміріңіз жақсара түседі.
  6. Туған күн иелеріне құттықтау жіберіңіз, оларды ойлайтыныңызды сезсін. Барлық адам қауырт қарбаласта өмір сүреді. Дегенмен, туыс, танысқа бес минут арнап құттықтау жіберуден, жаңа жылда құттықтаудан, жаман болмайсыз. Мұның барлығы екі есе болып оралады.

  7. Адамның атына мұқият болыңыз. Ешқашан ұмытпаңыз. Сөйлескен кезде атын атап сөйлесіңіз. Өз атын есту әр адамға қуаныш сыйлайды.
  8. Сыртқа шығып, жарты сағат көк аспанды бақылаңыз. Табиғатпен сырласқан кездегі ерекше сезімді есте сақтап қалыңыз. Бүгінгі қатаң тәртіптен сытылып шығып, жарты сағат табиғат аясында болып келіңіз. Орманға барып, өзенге қарап. Сіздің жаныңыз тамсанатын жерге кетіп қалыңыз. Оралған соң жеңілдеп келесіз.
  9. Бірнеше аптада бір рет қол сағатыңызды үйге қалдырып кетіңіз. Сағат қолбайлау болып, көбінесе бар әрекетті басқарып кетеді. Бұл күні қалағаныңызды істеңіз. Өте маңызды деген істерге ғана уақыт бөліңіз. Бірнеше сағат жоғалтып, сапасы зор уақытқа ие болыңыз.
  10. Жұмыста күліп жүріңіз. Бәрі сізді қолынан көп нәрсе келетін жағымды адам деп білсін.
  11. Ой санада елес тудырады. Елес оны әдетке айналдырады. Сол әдеттен ақыр соңы мінез қалыптасады. Өз ойыңыздың иесі болыңыз. Сонда сіз ақылыңыздың иесі боласыз. Ақылдың иесі болсаңыз, өз өміріңіздің иесі атанасыз. Өміріңізге ие болсаңыз, тағдырыңызға да иесіз.
  12. Жағымсызды ойламауды үйреніңіз. Мақсатыңыздан аулақ ететін кез келген жағымсыз ойды жағымдыға алмастыру. Мысалы, жексенбі күні: «Ертең тағы жұмыс. Барғым келмейді» деп ойлауыңыз мүмкін. Осы ойды қарсысына ауыстырыңыз. «Жұмысқа барғым келіп тұр. Мені қызықты жобалар мен өнімді апта соңындағы ерекше қанағаттану күтіп тұр» деңіз. Осындай жұмысыңыз болғаны қандай тамаша деген ойды қосып қойыңыз. Жұмысым алға жылжуға, дамуға жол ашады деңіз. Қазіргі жағдайдың жағымды жақтары туралы тізім жасаңыз. Оларды қайталаңыз. Жағымсыз ойды мүжіп, оны сындырып, келесі аптаны асыға күтетін боласыз.
  13. Іштей есеп беруге дағдыланыңыз. Бен Франклин мұны жеке тұлғаның ең тиімді әдеті деген. Күнделікті жатар алдында 10 минут бөліңіз. Күні бойы жасаған жақсы қылықтарыңыз туралы, жаман әрекеттер туралы, олай жасамау үшін не істеу керектігін ойлаңыз. Жетістікке жеткісі келген адам өзгелерден артық ойланады. Күнделікті есеп беру жағымсыз ойдан арылтады. Сананы тұнық етеді. Тәжірибе уақыт өте келе қателікті аз жасатады. Тұлға ретінде мықты бола бастайсыз.
  14. Ең тиімді оятқыш біздің миымызда. Сенбесеңіз мынаны істеп көріңіз:

Ұйқы алдында 10 минут жұмсақ креслода отыра тұрыңыз. Көзді жұмып, қолыңызды тізеңізге қойыңыз. Бірнеше рет терең тыныстаңыз. (5 дегенде тынысты тоқтатыңыз, 10 дегенде тыныстаңыз)

Мына сөзді 20 рет қайталаңыз: «Қалаған уақытымда оянамын және сергек тұрамын, көңіл-күйім тамаша болады». Бұл бұйрықты сезіммен, көңілді етіп айту керек. Содан кейін бірнеше секунд дәл сол уақытта өзіңіздің жеңіл, сергек оянуыңызды елестетіңіз. Аздаған жаттығудан соң қажет уақытта өзіңіз тұра бастайсыз.

  1. Джордж Бернард Шоу айтыпты: «Кей адам затты қалай бар солай көреді де, неге деп сұрайды, ал мен ешқашан болмаған нәрсені армандаймын, неге болдырмасқа деймін».

* Медитацияның сапасын арттыру үшін келесі тәсілдерді қолданыңыз: медитация күнде жасалуы керек, бір жерде, бір мезгілде. Сонда сіздің миыңыз үйреншікті тыныштыққа дайын тұрады.

* Медитация жасауға ең қолайлы уақыт таңертеңгілік мезет. Үндінің йогтары таңды қарсы алу уақыты сыйқырлы болатынына сенген. Сол сәтте медитацияға аса маңызды тыныштықты сезінуге болады екен.

* Бастамас бұрын, санаңызға тыныштал деп бұйрық беріңіз. Ол үшін мынадай сөздерді айтыңыз: «Мен қазір өте сабырлымын, жинақымын».

* Ой туса, қумаңыз. Бұлт құсап ақырын жылжып, өтіп кетсін. Сіздің санаңыз бетінде толқыны да жоқ айдын көл деп ойлаңыз.

* Алдымен медитация 10 минут жалғассын, кейін уақытын соза берерсіз. Бір-екі айдан кейін бөтен ой мазаламайтын болады.

  1. Жаңа достыққа қол жеткізіп жүріңіз. Толыққанды, жетістікке толы өмір үшін достың көптігі жақсы. Ескі достарға күніне бірнеше минут тауып, бір-екі ауыз жылы лебізіңізді арнап қоюды ұмыт қалдырмаңыз. Барлық достарыңызға бірдей қараңыз. Олардың жетістіктеріне қуанып, қайғысын бөлісуге дайын болыңыз. Жақсы дос болыңыз. Досым көп деп, жаңасын іздемеу керек демеңіз. Жаңа достарыңызға көңіліңіз ашық болсын. Көп адамға жетіспейтін қуаныш дос деген.
  2. Майлс Дэвистің «Kind Of Blue» деген кассетасын сатып алыңыз. Оның әндері жанды сергітіп, күнді өнімді өткізуге ықпал етеді. Мұндай саз жанға жайлы. (Қазақтарға күй тыңдаған дұрыс).
  3. Тәбет ашылса, суды көптеу ішіңіз. Күніне он стақан дұрысы. Су ағзадағы барлық жүйені тірілтеді, тазалайды. Сұйық тамақ ішу әдет болсын. Күріш, картоп, кеспе жеуді азайтыңыз. Сау адамның тамағын жеуге дағдыланыңыз. Сіз не жесеңіз- солсыз. Жегеніңіз сананы тұнық, қуаттың көп болуына игі әсер етуі керек.
  4. Жетістікке жету үшін еш жерге кешікпеу керек. Кешікпеу өзгеге құрмет, тәртіпке бағыну дегенді білдіреді. Тым ақылды адамның өзі кешіксе, сүйкімсіз көріне бастайды. Ерте келмеңіз, кешігіп те қалмаңыз. Ерте кеп қойсаңыз, айналада серуендеп келіңіз. Бойыңызды босаңсытып алыңыз. Бүгінгі таңда жиі кездеспейтін осы әдетті жетілдірсеңіз, сізге құрметпен қарайтын болады.
  5. Телефонды өзіңізге ыңғайлы болу үшін ұстайсыз. Өзгенің ыңғайына жығылу үшін емес. Қолыңыз бос болмаса, жауап бермеңіз. Немесе басқа біреуге кейін хабарласады деп айтқызыңыз. Уақытты ысырапқа салмаңыз. Көптеген қоңырау текке хабарласып, уақыт өлтіреді. Орташа деңгейлі америкалық өзінің 2 жыл өмірін телефонға жауап беруге жұмсайды екен. Өмірде одан да басқа қызық көп. Уақытты бағалай білу керек. Сонда өмір толыса түседі.
  6. Күніңізді жақсылықпен бастаңыз. Төсектен тұрмас бұрын дұға оқыңыз. Немесе жеке өзіңізге берген уәдені қайталаңыз. Атқан таңға алғыс айтып, бүгін көрерлік қызыққа шүкірлік етіңіз. Неге қол жеткізетініңізді өзіңіз бағамдарсыз. Бүгінгі күн сіздің өміріңіздегі ең жарқын күн болатынына сеніңіз. Одан жетістік, қызық, рахат табатыныңызға сеніңіз. Сенім шынға айналады. Өмірдің мәңгілік құпиясы: әр күні соңғы күн сияқты өмір сүру.
  7. Серіктеске де сену керек. Сонда ғана қарым-қатынас шынайы болады. Екеуіңізге де бірдей өсуге жол ашылады. Жақын адамыңызбен көңілдегі алаңмен бөлісіп отырған пайдалы.

Шынар Әбілдә аударған

Алауинформ