1. Чарльз ван Доренның «Білім тарихын» оқыңыз. Онда әлемдік идеялардың тарихы келтірілген. Бар білім осы кітапта жинақталған. Тауып алып оқыңыз. Ләззат аласыз.
  2. Уильям А.Коэнның «Көшбасшылық өнері» кітабын оқыңыз. Ол тәжірибелі кеңестер береді. Шабыт сыйлайды.
  3. Өз бойыңыздағы еліктіргіш қасиетті жетілдіріңіз. Еліктіре білетін көшбасшының қасиеттері:

* Бастаған ісіңізге адал болыңыз.

* Жеңімпаз секілді жүріп, тұрыңыз. Жеңімпаз ретінде қимылдаңыз.

* Арманыңыз асқақ болсын, жұлдыздарға талпыныңыз.

* Өз мақсатыңызға әр адымыңызды санап жылжыңыз.

* Кез келген мақсатқа жетуге дайын болыңыз, оны жүзеге асыруға барыңызды салыңыз.

* Құпия жан болыңыз.

* Өзге адамдарға жіті қараңыз, мейірімді болыңыз.

* Әзіл көтере біліңіз.

* Мінез мықтылығымен танымал болыңыз.

* Оқыс оқиға кезінде байсалдылық сақтай біліңіз. (Джон Кеннеди орта деңгейлі менеджерді көшбасшыдан қиын сәттерде сабыр сақтау қасиеті бөліп тұрады депті).

  1. Жұмыста, махаббатта, өмірде әділ әрі тұрақты болыңыз.
  2. Тыңдап отырған кезде ештеңе айтпаңыз. Сөйлеп тұрған адамның сөзін бөлу – ең үлкен мәдениетсіздік. Бар ынтаңызбен беріліп тыңдаңыз. Көп нәрсе үйреніп, көп адам сіздің кеңесіңізге жүгінетінін байқайсыз.
  3. Аристотель айтыпты: «Кез келген адам ашулана алады – бұл өте оңай; дұрыс адамға дер сәтінде оң мақсатпен оңтайлы тәсілмен ашулану екінің бірінің қолынан келе бермес».
  4. Білім – күш. Бір нәрсеге қол жеткізген адамдар міндетті түрде өзгелерден ақылы асқан, не керемет қабілетті болмайды. Оларды өзгелерден мақсатшыл болуы, білімге деген құмарлығы ғана биік етеді. Неғұрлым көп білсе, адам соғұрлым мол жетістікке қол жеткізеді. Ұлы көшбасшылардың биікті бағындыруға септескен арнайы тәсілдері болған. Әлемді бағындырған көшбасшылардың өмірбаянын оқыңыз. Олардың әдеттерін, іс-әрекеттерін, пәлсапасын үйреніңіз. Белсенді түрде не нәрсені де игеріп кететін әдетті қалыптасырыңыз.
  5. Кез келген сұрақтың жауабын кітаптан табуға болады. Көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Өзге адамдармен дұрыс байланыс орнату. Денсаулықты қалай жақсарту. Жадыны қалай мықты ету. Жеке басты жетілдірудің барлық қырлары туралы сан алуан кітаптар баршылық. Қарым-қабілетті күшейту үшін күнделікті оқыңыз. Бірақ заманауи ақпарат дәуірінде не оқығаныңызға мұқият болыңыз. Тек мақсатыңызға пайдасы бар, сізге көмегі тиер еңбектерді оқыңыз. Бәрін оқып шаршамаңыз. Маңыздысын таңдап, мәні жоғын тастаңыз. Таңды жақсы газет оқудан бастаңыз. Бүгінгі күннің жаңалығын біліп жүріңіз. Оқығаныңыз әр күнде әр түрлі болғанын қадағалаңыз. Мәселен, тарих, іскерлік, шығыс даналығы, денсаулық туралы оқу керек. Үнемі кітапханаға баруды әдет қылыңыз. Хемингуэйден бастап Брем Стокерге дейінгі классиктерді оқыңыз. Өмір туралы білу үшін тарихи кітаптарды оқыңыз. Ғылым жаңалықтарын білу үшін биология кітаптарын оқыңыз. «Жетістік» деген бөлімдегі кітаптарды бір сыдыртып қарап шығыңыз. Оқуға тұрарлық көп дүние табасыз: қиындыққа мойымай, көп жетістікке қол жеткізген шабыттандыратын оқиғалар бар; тәннің, жанның, рухтың ахуалына игі әсер ететін кітаптар табасыз; жетістікке жетелейтін қабілеттерді ашуға көмектесетін кітаптар мол. Керегін алыңыз. Көлікте, үйде оқыңыз. Шабыт сыйлап, ынтаңызды өсірсін.
  6. Кездесуді таңғы асқа белгілеуді дағдыланыңыз. Доспен, іскер серіктеспен қосылып тамақтану күнді жақсы бастаудың бір тәсілі. Қарым-қатынасты дұрыс дамытып, уақытты бірге өткізуге таптырмас әдіс.
  7. Үйіңіз жарық, хауызы бар болсын. Қолыңыз қанша бос болмаса да хауыз жаттығуға көмектеседі. Ұзақ та ауыр күннен кейін хауызға бір сүңгіп алудан өткен рахат жоқ. Өзіңізді жақсы сезінесіз. Бала сияқты ұйықтайтын боласыз.
  8. Аристотель айтыпты: «Жетілу – өнер, ол жаттығу және әдеттерді қалыптастырумен дамиды. Дұрыс қадамды жетіліп кеткендіктен емес, керісінше дұрыс жасаған сайын жетілеміз. Үздіксіз жасаған іс-әрекет біздің менімізді айқындайды. Жетілу – ерлік емес, ол әдет».
  9. «Бүгін – кешенің оқушысы», – Бенджамин Франклин.
  10. Жолайрыққа тап болсаңыз, қиын жолды таңдаңыз. Күтілген қиындық керемет нәтиже береді.
  11. Бос күйбеңнен, шудан, тобырдан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Бірнеше сағат кітап оқып, іштей есеп берумен шұғылданыңыз.
  12. Жер бетінде өмір сүрген әр адам сияқты сіз де кез келген нәрсеге қол жеткізе аласыз. Ол үшін дұрыс ойлау, талпыныс, ынта болуы керек. Шектейтін ойдан арылып, әлсіз болудан сақтаныңыз. Шын мәнісінде маңызы бар жетістікке ұмытылыңыз.
  13. Жақсы өлеңдерді жаттап алуды әдет етіңіз. Көңіл-күйді көтеретін нәрсе ғана емес, ол мидың жұмысын жақсартып, адамды жаңа іске жетелеп, есте сақтау қабілетін жаңғыртып, ойдың жинақы болуына әсер етеді.
  14. Сөзіңіз майда, ісіңіз нық болуы керек.

Шынар Әбілдә аударған

«Алауинформ»