Робин Шарма : «Бақыттың іргетасын қалайтын 10 тұжырым»

0
3 157 рет оқылды
  1. Табиғаттың басты заңдылығын есте сақтаңыз: жағымды жағымсызды жеңеді.
  2. Тынымсыз ақыл – үнемі мереке деген сөз. Сараңдық пен дүние қоңыздықты басып отыру керек. Шын бақыт пен жан тыныштығына қол жеткізу үшін бұл өте маңызды. Қолда барға қанағат етіңіз. Сол дүние сізге сонша керек пе? Қанағат сезімін төзім мен батылдық, жинақылық сияқты қалыптастыруға болады. Күнделікті жаттығу мен шынайы тілек көп нәрсеге жеткізеді.
  3. Күн сайын жаңа таныс не дос табыңыз. Бар таныстың хабарласу ақпаратын көз алдыңызда ұстаңыз. Терең қарым-қатынас – толыққанды өмірдің жасушасы.
  4. Үндінің бір мақалы бар: «Егер өз ақылыңызға иелік етсеңіз, бүкіл ғаламға ие бола аласыз».
  5. Дүние жиғаннан гөрі бақытты сәттеріңіздің көп болғанын қадағалаңыз. Алдын ала ойластырылған әрекет пен талапқа сай өмірге деген қызығушылық тәрбиеленеді, әрі осылай қолдау жасап отыру арқылы нығаяды.
  6. Қалыптасқан пікірге қарсы айтарым күйзеліс соншалықты жаман емес. Ол адам мүмкіндігі түгесілген мезетте тоқтап қалмауға, ағзадағы түрлі химиялық заттарды шығарып тастауға септеседі. Зардапты күйзелістен шыға алмау тигізеді. Күйзеліс кездерін демалыс, босаңсу уақыттарымен сәйкестендіріп, одан тезірек құтылуға асығыңыз. Көптеген көшбасшыларға ауқымды істерді мойнына алып, түрлі жауапкершілікті көтеруге тура келген. Олар көп жұмысты уақтылы демалыспен алмастыруды білгендіктен жетістікке жеткен. Джон Кеннеди Ақ үйде ұйықтап алғанды жақсы көрген. Уинстон Черчилль түскі астан кейін бір сағат ұйықтаған. Өзін сергек, жинақы ұстауға осы әдет көп көмектескен. Тәннің тыным алуы тек денсаулық үшін маңызды емес, ол мидың тыным алуымен сәйкес болуы керек. Адам баласы түрлі жаттығулар, дұрыс тамақтану, уақтылы демалу барлық қиындықтан құтқарады деп ойлайды. Мұның барлығын жағымды ойлаумен, тұнық санамен толықтыру керек. Сонда ғана ұзақ жасап, шын бақытқа қол жеткізуге болады.
  7. Күнұзаққа бір мәрте ойлану мезетіне уақыт бөліңіз. Таңертең 5 минут Бермуд үштағанына барып келіңіз. Түстен кейін Жерорта теңізінде жүзіп жүрмін деп есептеңіз. Болмаса Альпыға барып шаңғымен сырғанап жүргеніңізді елестетіңіз. Екі ай бойы қайталаңыз, маңызды істер мен кездесулер тізіміне осы жерлерге баруды да тіркеңіз. Сыйақы көңілден шығатындай болады.
  8. Өзгеріс те демалыс сияқты маңызды. Жұмыс ауыстыру сияқты күрделі өзгеріс болсын, мейлі аптасына үш рет демалу сияқты қарапайым өзгеріс болса да. Мұндай өзгеріс күнтізбеде де, ми үшін де пайдалы. Қызмет таңдаған кезде сізді баурап алатын, көп ойландыратын, күйбеңнен аршып аларлық бір жақсы жағын тауып алыңыз. Осы себептен көптеген менеджерлер жауынгерлік өнермен шұғылдануды таңдап алады. Егер ми бір секундқа бөлінетін болса, сізді алда қатал сабақ күтіп тұр. Қайғы әрдайым зор ынталандырғыш болып қала бермек.
  9. Бақыттың іргетасын қалайтын 10 тұжырымды біліп жүріңіз:

* Өнімді, қызықты, белсенді өмір сүріңіз.

* Әр сәт сайын мағыналы іспен шұғылданыңыз.

* Бейберекетсіздікке орын болмайтын жоспарлы, ұйымдастырылған өмір салтын қалыптастырыңыз.

* Нақты мақсаттар қойыңыз. Соған жетпей тынбаңыз.

* Жағымды нәрсе ойлаңыз – жағымсыз ой сияқты ысырапшылдыққа бой алдырмаңыз.

* Күйгелектіктен сақтаныңыз.

* Ойын-сауыққа уақыт бөліңіз.

* Тартымды, шынайы адам болыңыз. Адамға таза іңкарлікпен қараңыз.

* Алғаннан берген артық екенін түсініңіз.

* Бүгінмен өмір сүріңіз. Өткен шақ – өмірлік көпірдің астында ағып жатқан өзен.

  1. Сыпайылыққа ұмтылыңыз, қарапайым өмір сүріңіз.

Шынар Әбілдәнің аудармасы (жалғасы бар)

Алауинформ