Луиза Хей : «Өзіңді жақсы көруді дамыт»

Қазан 21, 2017
0
2 048 рет оқылды

“Мен онша жақсы емеспін”

Біз “Бұл өмірде менің қол жеткізгендерім аз” немесе “Мен бұған татымаймын”… дегенді жиі-жиі үстемелейміз. Сізге ұқсай ма? “Мен онша жақсы емеспін” деп сіз жиі ойлайсыз ба, әлде айтасыз ба? Бірақ, кім үшін? Оның қандай өлшемі бар? Сізде осы сияқты таным өте  күшті болатын болса, онда қуанышты, қамсыз, толыққанды өмірді қалай жасайсыз? Сіздің санаңыздан тысқарыдағы танымыңыз іс-әрекетіңізді үнемі басқарады,  сондықтан ол сіздің өміріңізде үнемі пайда болады.

Біздің проблемаларымызды ашу-ыза, басқаларды сынау, өзін кінәлау мен қорқыныш тудыратынына  сенімдімін

Бұл сезімдер өзінің проблемасына өзгелерді кінәлайтын адамдарда болады. Түсінесіз бе, егер біз өзіміз  басымыздан өтіп жатқан жайларға өзіміз 100 пайыз жауапкершілікті арқалайтын болсақ, онда  кімді сөгеміз?! Сіздің өмірде басыңыздан өткерген жайлардың бәрі – сіздің  өз ішкі ойыңыздың бейнеленуі. Мен кейбір адамдардың келеңсіз қылықтарын жақтамаймын, біз үшін маңыздысы бізге осылай қарым-қатынас жасаған адамдарды біздің танымымыз өзіне тартатынын түсіну. Егер сіз: «барлығы мені сынайды, мен үшін ешкім ештеңе істемейді, менімен еден сүрткісі келеді» деп ойласаңыз, бұл сіздің ойлау қалыбыңыз. Сіздің бүкіл өміріңізде осындай адамдарды өзіне тартып тұратын ой сізде терең сақталған, егер одан бас тартсаңыз, ондай адамдар сіздің өміріңізде өз-өзінен жоғалады. Сіз бұдан былай мұндай  адамдарды өзіңізге тартпайтын боласыз.

Мен төменде тәни дәрежеде  көрініс табатын осындай ойлау қалыбының нәтижесін келтіремін: 1. Ұзақ уақыт бойы жинақталған ашу-ыза, өз-өзіне көңіл толмаушылық, реніш тәнді жеп,  ҚАТЕРЛІ ІСІК (рак) ауруына  айналады. 2. Басқаларды үнемі сынау ревматизм сырқатына шалдықтырады.

Кінәлі сезіну әрқашан жазалануға алып барады, ал жазалау қиналуды тудырады. Ол тудыратын қорқыныш пен тығырық асқазан жарасы мен аяқ ауруының және шаштың түсуінің пайда болуына бірден бір себепкер. Мен өз тәжірибемнен реніш пен ашу-ызадан құтылу тіпті қатерлі ісікті де жоқ қылатынын білдім. Сырттай қарағанда бұлай түйіндеу қарабайыр боп көрінуі мүмкін, бірақ менің өзім оны көрдім және өз басымнан өткердім.

Біз өткен уақытқа деген өз қарым-қатынасымызды өзгерте аламыз

­Өткен уақыт мәңгілікке кетті.  Бұл факт және бұған ештеңе істей алмайсың. Бірақ өткен уақытқа деген біздің ойымызды өзгертуге болады. Сізді баяғыда біреудің  ренжіткені үшін қазіргі сәтте өзіңді-өзің  жазалау  қандай ақымақтық болып көрінеді. Мен реніш сезімдері кернеген өз клиенттеріме: «Салыстырмалы түрде жеңілдеу болып тұрғанында реніштеріңізден қазір құтылуларыңызды өтінемін. Хирургтің пышағының сіздің үстіңізден төніп тұрғанын немесе табытта жатқан сәтіңізді күтпеңіз.  Онда сізге үреймен қоңсы қонуға тура келеді.  Үрей жағдайында жазылу туралы ойға көңіл бөлу өте қиын болады. Бірінші біз  өз қорқынышымыздан құтылуымыз керек» деп кеңес беремін.

Егер біз дәрменсіз құрбанбыз және біздің өмірімізде барлығы да баянсыз деген танымды ұстанатын болсақ, онда Жаратушы біздің танымымызды қолдайды да, біздің өміріміз қоқысқа айналады. Бұлардың барлығы да ешкімге ешқандай пайда әкелмейтін, жартыкеш кертартпа пікір екенін түсіну біз үшін өте маңызды.  Тіпті Құдай туралы да ол біздің жағымызда, бізге қарсы емес деп ойлау керек.

 

Өткеннен азат болу үшін кешіруге дайын болуымыз керек

Өткеннен өзіңді өзің азат ету мен жұрттың бәрін, әсіресе өзіңді өзің  кешіру үшін біз өзімізге таңдау жасауымыз керек. Біз қалай кешіруді білмесек те, бірақ мұны қатты қажет етуіміз керек.

 

Кешірім жасауға құлықтану фактісінің өзі сауығуға ықпал етеді

«Сенің мен қалаған  бейнедей бола алмағаның үшін де  сені  кешіремін. Мен сені кешіремін және сені толықтай азат етемін».  Осындай тоқтамға келу сіз кешірім ететін адамды да, кешірім етушіні де азат етеді.  Тоқтамға келу үшін  өзіңе-өзің қайталай беру ғана емес (ішіңнен және дауыстап), жазу да маңызды, әсіресе машинкада – бұл өте жылдам, 7 күн бойы, күніне 70 реттен. Егер сіз белгілі бір адамды кешіргіңіз келсе кешірілушінің де, кешірім етушінің де есімін айту керек.

Барлық ауру кешірмегеннен болады

Қалай адам ауыра бастайды, солай ол өз кеудесінен кешірім  етілуі  қажет адамды іздеуі керек. Егер сіз кешірім жасалуы өте қиын адамды тапсаңыз, онда тап сол адамды кешіру керек. Кешіру – демек, азат болу. Сізге қалай кешіруді білу қажет емес. Ең керегі – кешіруге құлықтылық. Ары қарай сізге Жаратушының өзі көмекке келеді. Біз өз қиналысымызды жақсы түсінеміз. Бірақ кешірім жасауға тиісті адамдардың да қиналысты басынан өткеретінін қабылдау бізге қалай қиын. Сол сәтте олардың өзгеше іс-қимыл жасай алмағандығын түсіну қажет.

Маған адамдар кеңес алуға келген кезде, олардың проблемасының шығу негізіне басым ауырмайды, бұл денсаулықтың нашарлығы ма, ақшаның жетімсіздігі ме, қарым-қатынастың нашарлығы немесе дамымаған талант па – мен бірден тек қана бір нәрсемен, өз-өзіңді жақсы көруді қалай дамыту керектігімен жұмыс жасай бастаймын.

Өзіңді жақсы көруді дамыту

Мен мынадай қорытындыға келдім: біз өзімізді жақсы көрген кезде, өз іс-әрекетімізді мақұлдаған кезде және өз-өзімізбен қалған кезде біздің өміріміз жайнай түседі, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Барлық жерде – кішкентай ғажайыптар. Денсаулық жақсарады, қолға ақшаның өзі келеді, біздің басқалармен қарым-қатынасымыз гүлдене түседі, біз өзіміздің тұлғалық қасиетімізді шығармашылық негізде білдіре бастаймыз. Біз өзімізді бар жан-тәнімізбен жақсы көріп, құрметтеген кезде және өз іс-әрекетімізді мақұлдаған кезде біз ақылдың белгілі бір ұйымын жасаймыз.  Осыдан – қоршағандармен ғажайып қарым-қатынас, жаңа жұмыс: біз тіптен жүдейміз, өзіміздің қалыпты салмағымызға ораламыз.

Мырзагелді Кемелдің аудармасы (Жалғасы бар)

Алауинформ

Пікір жоқ