Луиза Хей: «Біз ата-ананы өзіміз таңдаймыз»

0
1 559 рет оқылды

Мен неге сенемін?

Өмір- өте қарапайым.  Біз не берсек, соны аламыз.

Жұрттың барлығының, оның ішінде мен де, біздің өміріміздегі жақсы-жаман оқиғалар үшін 100 пайыз жауапкершілік арқалайтынымызға сенімдімін. Біздің әрбір ойымыз біздің болашағымызды құрайды. Әрбір адам өмірде оқиғаны ой мен сезімнің қатысы арқылы жасайды. Біз ойлайтын ойлар мен сол  ойларды бейнелейтін сөздер өмірде басымыздан өткізетін жайлардың бәрін туындатады. Өмірдегі сол немесе басқа жайлардың барлығын да біз өзіміз қалаймыз, сосын өзіміздің бақытсыздығымыз бен келеңсіздігіміз үшін басқаларды қарғап, күш жұмсап жатамыз. Біз өзіміз – өз уайымымыз, қоршаған орта шындығы мен ондағы барлық нәрселердің бастауы болып табыламыз. Екінші жағынан алғанда, өз санамыздағы үйлесімділік пен тепе-теңдікті ұстана отырып, біз өмірде сол нәрселерді кездестіре бастаймыз.

Сізді дәл суреттеген қай сөйлем?

«Бұл өмірде адамдар маған жамандық жасайды».

«Жұрттың бәрі  менің проблемамды шешуге көмектеседі».

Біз неге сенсек, сол біздің шындығымызға айналады. Біз өзіміз сенетін нәрселер мен өз ойларымызды өзіміз таңдаймыз. Біздің  санамыздан тысқары ақылымыз біз сенетін нәрселердің бәрін қабылдайды. Біздің  нені ойлауды миллиондап таңдауға мүмкіндігіміз бар. Біз осыны сезінген кезде, «Адамдар маған жамандық жасайды» дегеннің орнына «Жұрттың бәрі маған көмектесуге тырысады» деп ойлауға болады. Жаратылыс күштері бізді ешқашан соттамайды да, сынамайды да. Олар біз қандай болсақ, сол қалпымызда қабылдайды. Сосын автоматты түрде танымды бейнелейді. Егер сіз ылғи да жалғызбын, мені ешкім жақсы көрмейді деп ойлауды жөн көрсеңіз, онда сіз солай өмір сүресіз.

Бірақ, сіз «Дүниеде махаббат бар, ал мен ұнатамын және ұнамдымын» деп ойласаңыз, және бұл сөзді жиі қайталасаңыз, онда сіз бұны өз басыңыздан өткере де аласыз. Сіздің  өміріңізде күтпеген жерден көптеген  тамаша адамдар пайда болады, ал сізді жақсы көретіндер одан сайын жақсы көретін болады.

Біз кішкентай кезімізде де өмір туралы түсінікті үлкендерден аламыз

Егер сізге аса бақытты болмаған, жексұрын немесе өздерін кінәлі сезінген адамдармен өмір сүруге тура келген болса, онда сіз қоршаған орта мен өзіңізді керісінше қабылдауды үйренгенсіз. «Мен ешқашан ештеңені дұрыс жасамаймын», «Бұл менің кінәм», «Егер мен ашулансам, онда менің жаман адам болғаным» – міне, сіздің кейбір ойларыңыз. Өмірді түңілулерден тұратын осындай ойлар құрайды.

Біз өскен кезде балалық шақтағы көңіл-күй ортасын жаңғырту бейімділігі болады

Бұл жаман да емес, жақсы да емес, дұрыс та емес, біз тек «үйдегідей» сөзінің нені білдіретінін білеміз. Біздер жеке қарым-қатынасымызда әкемізбен немесе шешемізбен қалыптасқан қарым-қатынастарды жаңғыртамыз. Сіздің әкеңізді немесе шешеңізді дәл еске түсірерліктей нақсүйеріңіз немесе бастығыңыз болғаны туралы ойлаңыз. Бізге ата-анамыз қалай қарым-қатынас жасаса, біз өзімізге солай қарым-қатынас жасаймыз. Бізді  ата-анамыз қалай сөгіп, қалай жазаласа, біз өзімізді солай сөгіп, солай жазалаймыз. Олардың осындай жағдайда қолданған сөздерін біздер естиміз де. Егер бізді сәби кезімізде сүйсе, есейген кезде біз де өзімізді дәл солай сүйеміз.

«Сен ешқашан ештеңені дұрыс жасай алмайсың». «Сен кінәлісің».   Сіз өзіңізге осылай қаншалықты жиі айтасыз?

«Сен кереметсің». «Мен сені сүйем». Ал осындай сөздерді сіз өзіңізге қаншалықты жиі айтасыз?

 

Мен бұл үшін ата-анамды сөкпеймін

Біз бәріміз құрбандықтың құрбандығымыз, және біздің ата-аналарымыз да өздері білмеген нәрсеге бізді үйрете алмады. Егер анаңыз өзін қалай жақсы көруді білмесе, немесе әкеңіз өзін қалай жақсы көруді білмесе, онда сіз өзіңізді қалай жақсы көру керек екенін  үйрене алмауыңыз мүмкін нәрсе. Егер  ата-анаңызды өте жақсы  түсінгіңіз келсе,  олардың  балалық шағы туралы  сұраңыз, егер жан-жүйеңізбен беріліп тыңдасаңыз, олардың қорқынышы мен өмірге деген қатынасының негізін түсінесіз.  «Сізге қиналу әкелген» адамдардың өздері де қазіргі сіз сияқты қорқынышта болған.

Біз ата-ананы өзіміз таңдаймыз дегенге мен сенемін

Осы планетада, осы немесе басқа уақытта, осы немесе басқа жерде қайта туу оған керек пе,  әрбір адам өзі шеше алады. Өмірден сабақ алу үшін, өз кезегінде эволюциялық жолдағы  біздің  одан әрі рухани дамуымызды қамтамасыз ету үшін біз осы жерде тууды жөн көрдік. …Сосын, есейе келе, біз әдетте оларға  саусағымызды шошайтып: «Сендер кінәлісіңдер» деп қыңқылдаймыз. Шындығында, біз оларды  өзіміз таңдадық, себебі  біздің осы өмірде  еңсермек болған  тілегімізге олар сай келді.

Біз өз танымымызды балалық шақта қалыптастырамыз, ал сосын өмірде  біздің танымымызға сай келген жағдайларды туындата отырып қимылдаймыз. Өткен өмір жолыңызға бұрылып қараңыз, сонда сіз сол бір ғана жағдайды қайта-қайта туындатып отырғаныңызды көресіз. Сіз неге сенсеңіз, соны туындатып отырсыз, өйткені сол сеніміңіз сіз сеніп отырған нәрсені бейнелейді, мен бұған сенімдімін. Бұл жағдайда сіз бұл проблеманың қатысын, оның мөлшері немесе ондағы қауіпті қанша уақыт сезінетініңіз соншалықты маңызды  емес.

Күш бастауын әрқашан қазіргі кезден алады

Осы кезге дейін өміріңізде  болған оқиғалардың бәрі де өткен тәжірибелерге негізделген сіздің танымдарыңыздан туындаған.

… Ең маңыздысы – қазір сіздің нені ойлап, неге сенуді өзіңіздің таңдауыңыз. Бұл ойлар мен сөздердің сіздің болашағыңызды жасайтындығын әрқашан есіңізден шығармаңыз.  Сіздің күшіңіз – осы қазіргі сәт.

Сіз жұмыс істеуге тиіс жалғыз нәрсе – ол сіздің ойыңыз, ал ойды саналы түрде өзгертуге болады

Сіздің проблемаңыздың сипаты қандай болса да бәрібір, ол – бар болғаны сіздің ойыңыздың бейнеленуі. Мысалы, сіз: “Мен жаман адаммын” – деп ойлайсыз. Ой өзінің соңынан сіз берілетін сезімді ергізеді.  Сізде бұндай ой болмаса сезім болмас еді.  Ойды саналы түрде өзгерту қиын. Мұңды ойды өзгертсеңіз, мұңды сезім де өзгереді. Кертартпа ойды қанша уақыт ойлағаныңыз тіпті де маңызды емес. Күш өткенде емес, әрқашан да осы сәтте.  Сондықтан да тура қазір азаттыққа шығыңыз!

Сіз бұған сенесіз бе, жоқ па, бірақ біз өз ойымызды өзіміз таңдаймыз

Біз қайта-қайта бір нәрсе туралы ойлай беруге бейімбіз, сондықтан бізге,  өз ойларымызды өзіміз таңдайтындай болып көрінеді. Біздің белгілі бір нәрсе туралы ойлағымыз келмейді. Біз өзіміз туралы қаншалықты жиі жақсы ойлағымыз келмейтінін есіңізге  түсіріңізші. Ал, қазір өзіміз туралы жаман ойламауды үйренейік. Осы планетадағылардың барлығы да, мен білетін,  мен бірге жұмыс жасайтындар  артық-кем дәрежеде өзін кінәлі сезіну мен өзін-өзі жек көруден жапа шегіп жүргендей көрінеді. Біз өзімізді қаншалықты жек көрсек, соншалықты біздің жолымызда сәттіліктер де аз болады.

Мырзагелді Кемелдің аудармасы (Жалғасы бар)

Алауинформ