40. Сөз сөйлемес бұрын бір стақан жылы су ішіңіз. Рональд Рейган осы әдісті қолданған. Сөйлегенде дауысы жұмсақ әрі жылы естілуі үшін. Көпшілік алдында сөз сөйлей білу – ізгі мақсат. Өзіңізді осы мақсатқа арнаңыз. Сізді қарым-қатынас орната білу қасиетіңізге қарай бағалайтын болады.
41. Біреуді күтіп тұрғанда тіп-тік тұрыңыз. Адамның жинақы, ойлы еместігінің бір белгісі үнемі жыбырлап, көзімен әр нәрсені іздеп, дұрыс тыныстамауы.
42. Қимылыңыз қатқыл болсын – өзіңізде қатаң бола бастайсыз. Батыл адам өзгелерге ісімен үлгі болады. Бірақ үнемі елгезек болыңыз.
43. Әлем сіз үшін не істей алады деп сұрамаңыз. Сіз әлем үшін не істей аламын деп сұраңыз. Өзгелерге қызмет етуді өзіңізге өмірлік мақсат етіп алыңыз. Уақыттың сізге беретін зор мүмкіндігі. Есіңізде болсын: өмірдің соңғы сәтінде, бәрі істеліп, қолдан келер қайыр қалмағанда, сіздің өмірдің сапасы өзгелерге жасаған жақсылығыңызбен өлшенеді. Бай мұраңызды айналаңыздағы адамдарға қалдырыңыз.
44. Аптасына бір рет күн шықпай ерте тұрыңыз. Күннің ең керемет сәті – таңды қарсы алу. Серуенге шығып келіңіз. Немесе Элла Фитцджеральдтің ескі жазбаларын тыңдаңыз. Ыстық душ қабылдап, жүз рет жаттығу жасаңыз. Классикалық кітап оқыңыз. Өзіңізді тірі сезініп қаласыз. Күш-қуатыңыз тасиды.
45. Ылғи да ұстамды болыңыз. Сіз туралы шындықты сізден басқа тірі жан білмесін. Құпия болып қалыңыз өзгелерге.
46. Ел алдында сөз сөйлеу өнерін меңгеріңіз. Табиғатынан сөз қонған адам аз. Бір атақты заңгер көпшілік алдына шыққанда қысылғаннан кекештенетін. Өзінің ерік-жігерін жанып, өзін сендіре білгеннен қазір кереметтей шешен атанды. Өзіңізге ұнайтын сөзуар адамды мысалға алып, сол сияқты көсіліп сөйлеуге тырысыңыз. Еліктеп көріңіз. Нәтиже көп күттірмейді.
47. Уәжі мықты шешенді таңдаңыз. Тәрбие ісі мен ұзақ мерзімді жетістікке қалай жету керектігін білетін адамды таңдаңыз. Өзіңізді жетілдіру үшін ай сайын сол адамның лекциясын тыңдауға тырысыңыз. Екі сағаттық лекцияда кей адам жылдар бойы жинақтайтын білімді тыңдайсыз. Жаңа идея жинауға уақыт жоқ деген ой тумауы тиіс. Не нәрсені де өзіңіз үшін жасайсыз ғой.
48. Деннис Вулдың «Бақытты ашу» кітабын оқыңыз. Тұрақты денсаулық пен бақыт жолындағы ізденісіңізге жаңа көкжиектер ашады.
49. Жинақылықты әдет ету үшін кез келген бір кітапты ашып, бір абзацты оқыңыз. Сосын кітапты жабыңыз да, оқығаныңызды сөзбе сөз қайталаңыз. Күніне бес минутты осы дағдыға жұмсаңыз. Нәтижесін өзіңіз көресіз.
50. Жүгіруге қатысыңыз. Алдымен 5 шақырымға, сосын 10 шақырымды еңсересіз. Дені сауды көп адаммен жарысып жүгіру қоздырады. Адреналин ерекше ойнайды. Өз қабілет-қарымыңызды дамытып отырыңыз. Сонда потенциал тез ашылады. Есіңізде болсын: сіздің ағзаңыз не сұрасаңыз, соны ғана береді.
51. Иістер – релаксация қалыбына енуге көмектесетін тиімді нәрсе. Иіс адамның санасының қалыптасуы мен көңіл-күйіне қатты әсер етеді. Қалампыр мен апельсиннің тұнба майларын сатып алыңыз. Қайнақ суы бар тостаққа бірнеше тамшы тамызыңыз. Бумен бірге жұпар иіспен тыныстаңыз. Өзіңіз демалатын бөлмеге май қосылған ыдысты қалдырыңыз. Байсалды тыныштықты сезінесіз. Алманың иісі де ұйқының тыныш болуына әсер етеді екен.
52. Кешкі астан кейін жарты сағат серуенге шығуды әдет қылыңыз. Неғұрлым табиғи жағдайда сейілдеген дұрыс. Табиғаттың өзі ойлап тапқан ең тиімді жаттығу – жаяу жүріс болар. Серуенге шыққанда ештеңеге бас қатырмаңыз, жұмысты ойламаңыз. Жаяу жүрудің пайдасын азайтады. Жәй айналаға зер сала серуендеңіз. Табиғаттың тамашасы мен таза ауаны сезімдеріңіз сіңіріп алсын.
53. Спортзалға барып ауыр зат көтеруді бастаңыз. Күші көп адамның әдетте рухы мықты болады.

Жас өскен сайын рух пен күш шөкпеуі керек. Кей адам 75 жасында да марафонға қатысып жүр. 80 жастағы кемпірлер альпинизммен шұғылданады. Ал, 90 жастағы аталар мен апалар ширақ өмір сүріп жатыр.

Жасыңыз қанша да болса да, мейлі — 19 не 93, өмірге ғашық болып өтіңіз. Үнемі ширақ болыңыз.
54. Бастығыңызбен ешқашан тәжікелесіп, сөзге келмеуге тырысыңыз. Дауласамын деп көп нәрседен қағыласыз.
55. Іскер адамның киіміне келсек, қара түстер (қара көк немесе қара) күштің, биліктің, еліктірудің белгісі. Елбасы мен премьер-министрдің ашық түсті костюм кигенін көрдіңіз бе?
56. Іскер серіктестерге, клиенттерге үнемі қолдан жазылған хаттар салып тұрыңыз. Төрт ай сайын осы дәстүр ұмытылмай жүзеге асып тұруы керек. Оларға бағалы сыйлықтар сыйлаңыз. Демалысқа шыққанда сәлемдеме салып тұрыңыз. Хат жазуға уақыт кетеді деп қорықпаңыз. Бұл әрекет уақытты неғұрлым тиімді жұмсау болып саналады. Тағы бір идея – жаңа шыққан қызықты бір мақалаға өз қолыңызбен хат жазып, ол адамға пайдасы тиетінін айтып, достығыңызды бағалайтыныңызды білдіріп, беріп жіберіңіз. Дұрыс қарым-қатынас орнату ылғи да басты назарда болуы керек. Сіз студент, сатушы, ата-ана, тіпті бас директор болсаңыз да солай болғаны жөн.
57. Бақытты, қуанышты өмірдің екі ұшы бар. Тепе-теңдік пен ұстамдылық. Барлық істе тепе-теңдікті сақтау керек. Ештеңені шектен шығарып алмау маңызды.
58. Ақтамақгүлдің (жасмин) шайын ішіңіз. Оны қытай шөптері сатылатын дүкендерден сатып алуға болады. Ол денсаулыққа аса пайдалы, жақсы босаңсытады. Қайнақ суға жанжәбілдің бір түйірін салып ішіп көріңіз. Бүкіл қуатыңызды қалпына келтіретін керемет шай дайын.
59. Уақытты тиімді пайдалану сізді соғұрлым алғыр, икемді етеді. Ол сізге қалаған ісіңізді жасауға мүмкіндік береді. Тек жасауға тиістімен шектелмеуді үйретеді.
60. Жетілдіруге дағдыландыратын кітаптарды тек өзіңіз үшін оқыңыз. Тек пайдалысын алып, соны игеріңіз. Жазылғанның бәрін жасап, нәтиже жоқ дейтіндер аз емес. Әр кітаптан кем дегенде бір пайдалы құрал, не тәсіл ала аласыз. Қажеттісін алыңыз. Қажетсізін қалдырыңыз.

Шынар Әбілдәнің аудармасы (Жалғасы бар)