Робин Шарма: «Өмір үйреткен 200 сабақ»

0
4 271 рет оқылды
  1. Аз ұйықтаңыз. Өміріңізді мәнді әрі толыққанды етуге көмектеседі. Көпшілік адамға 6 сағат ұйқы жеткілікті. 21 күн бойы тұратын уақытыңыздан бір сағат бұрын оянып дағдыланыңыз. Ең керегі ұйқының сапасы, сағаты емес. Сізге маңызды деген іске қосымша отыз сағат бөлінді деп есептеңіз.
  2. Таңертеңгісін бір сағатты өзіңізді жетілдіруге арнаңыз. Медитация жасаңыз. Күніңіз қалай өтетінін ойластырыңыз. Күніңізге пайдасы тиетін мәтіндерді оқыңыз, тыңдаңыз. Немесе ұлы адамдар туралы кітаптар оқыңыз. Таңғы тыныштықты алда күтіп тұрған шулы күнді еңсеру үшін қажетті боларлық жан қуаты мен рух тазалығына жұмсаңыз. Аптасына бір рет күннің шығуын бақылаңыз. Яки, табиғат аясына шығып тұрыңыз. Күнді жақсылықпен бастау – өзіңді жетілдірудің ең тиімді тәсілі.
  3. Ұсақ-түйекке бола маңызды нәрселерді ұмытып кетпеңіз. «Уақытым мен қуатым тиімді жұмсалып жатыр ма?» деп сұрап тұрыңыз өзіңізден. Уақытты басқару – өмірді басқару. Алтын уақытыңызға қамқорлықпен қараңыз.
  4. Миыңызды өміріңіздің тек жағымды тұстарын есте сақтауға үйрету үшін резеңке таспа тәсілін қолданыңыз. Білегіңізге резеңке білезік киіңіз. Бір нәрсеге көңіліңіз толмаған кезде резеңкені қаттырақ тартып қалыңыз. Ми жаман ойлағанда ауырсынуды сақтап қалады. Содан кейін тек жағымды ойлау мида тұрақты қалыптасады.
  5. Сізге қоңырау шалған адамға көңілді дауыспен жауап қатыңыз. Сіздің оған деген құрметіңіз зор болуы тиіс. Жақсы сөйлесе білу өте маңызды. Қоңырау шалған адамға құрметіңізді көрсету үшін орныңыздан тұрыңыз. Бұл дауысыңызға сенімділік береді.(Жалғасы бар)

Шынар Әбілдәнің аудармасы

«Алауинформ»