Жасарудың жаңа  жолы

0
2 741 рет оқылды

Ботекстің дабырасы бізге де жете бастады. Әрі таймайтын, үнемі жұрт алдында жарқырап жүретін жұлдыздарды көрсек, «ботекс жасатқан» дейтін болдық. Несі бар? Сахна- олардың бизнесі. Ажары ашық, әлпеті тартымды әртіске сұраныс жоғары. Демек, олар өздеріне деген сұранысты ұстап тұруы үшін кейбір қадамдарға барып жатады. Бірақ олар сол шешімді жасау үшін алдымен зерттеу жүргізіп алары анық. Себебі «мүйіз сұрап, құлақтан айрылыптының » керін кигісі келмейтіні анық қой. Әдетте білместік адам көкіоегінде үрей ұялататыны анық. Ботекстің не екенін білмейтіндер оның аса қауіпті, қажетсіз екендігін тілге тиек етеді. Ол шынымен қауіпті ме? Несімен залалды? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрген дұрыс болар.

 

Ботулотоксин негізінде жасалатын ботокс косметология саласында кең тарап үлгерді. Қазақстанда диспорт, нейронокс, ботокс сынды ем-шаралар кәсіби тұрғыда жүзеге асырылатын деңгейге жеткен. Ботулотоксин препараты эстетикалық медицинада ғана емес, неврологияда да қолданылады. Тіпті оның шығу мақсаты да сол неврология саласына қатысты. Ол туралы тоқталатын боламыз. Демек, ботулотоксиннің типтері көп екенін түсінген дұрыс.

Косметологияда А типті ботулотокситан қолданылады. Ол өзге типтерге қарағанда уыттылығы аз типті дәрі болып саналады. Ең уытты ботулотокситан Н типті дәрі екенін айта кетейік.

Ботекс қайдан шыққан?

Алғаш рет ботулотоксинді емдік мақсатта американдық ғалым Алан Скот көз айналасы мен қисық мойынды және аяқ ауруларын емдеу мақсатында өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қолданған. Ботулотокситаннан даярланған дәрі ең мықты табиғи у – бутулизм негізінде даярланады. Әдетте ботулизм тамақтан уланғанда ажалға апаратын қауіпті ауру болып есептеледі. Бұл туралы алғашқы жазба XIX ғасырда көрсетілген. Ол кезде адамдар көбіне шұжықтан уланатын болғандықтан уытты дәрінің де атын осы тағамға қатыстырып қойған, яғни botulus латын тілінен аударғанда шұжық деген мағына береді. Дәрігерлер уытты дәріні келбетке егу барысында ине салынған тұстан әжімдердің тегістелгенін байқайды. Жағы қарысып, булығып ауырған,сал ауруына ұшыраған ем қабылдаушы әжімінен арылып, жасарып, тартымды бола түскені үшін дәрігерлерге алғысын білдіріп жатады. Тіпті қабылдау бөліміндегі невропатолог дәрігерлерге алғыс айтушылар да табылып жатты. Міне көрдіңіз бе, ботекс неврология саласынан косметология саласына осындай жолмен келген.

Әжім қалай пайда болады?

Тері қабатында коллаген мен эластин бар. Ультра күлгін сәулелері терінің дұпаны. Сонымен қатар, қиымыл-әрекет негізінде түсетін әжімдер де бар екенін ескерген жөн. Қастың арасы мен маңдай тұсы, көздің төменгі жақтарының бұлшық еттері қозғалысқа түседі. Қандай да бір оқиғаға әсерлену барысында қыз-келіншектер қозғалмалы бұлшық ет орналасқан теріге әжім түсіріп алады. Жас кезде мұндай әжімді қалыпқа келтіру оңай, ал уақыт өте келе әжімді тегістеу өте қиынға соғады. Бұлшық етке сәл еркінсу мүмкіндігін беру арқылы терідегі әжімді тегістеуге болады. А типті ботулотоксин 6 ай бойы өз әсерін көрсетеді. Сондықтан ботокс пен диспортты қайталап ектірген абзал. Ал, ботулотокситан – бұлшық еттің жүйке жүйесіндегі қозғалыс бағдарын бұза алатын ақуыз болып табылады. Егу барысында жүйке талшықтарының пәрменіне қарамастан ботулотоксиннің арқасында бұлшық еттердің тартылуы тоқтайды.

Қауіп қалайдан?

Косметология саласында ботулотоксиннің аз ғана мөлшері қолданылады. Бірақ негізгі ережелерді сақтамаудың кесірінен кейбір қиындықтарға жол ашылады. Мәселен, қас аумағына салынған ине нәтижесінде ботокс жоғарғы қабақтың бұлшық еттеріне түсіп, 2-3 ай жартылай ашық көзбен жүруге тура келетін кездер болады. Ерінге егу арқылы екі езуге де кері ықпал етуі мүмкін. Инені бұлшық еттердің дұрыс қабылдай алмауынан әлпеттің өзгеріске ұшырауы да ықтимал. Әрине, дәрімен жұмыс жасап жүрген маман бұл ерекшеліктердің барлығын ескеріп барып іске көшуі тиіс. Дәрінің әсер етуін бақылап отырып, аз ғана мөлшермен енгізіп отырады. Дрматокосметолог дәрігер дәрінің кері әсерін ескере отырып мөлшерден асып кетпеуі тиіс. Демек, маман таңдағанда оның мол тәжірибесі болғаны өте маңызды.

Есте сақтаңыз

Ем қабылдаушыға ине кірген тұсты қасымау қажеттігін маман міндетті түрде ескертеді. Емделушілерде инеден соң қатты бас ауруы пайда болуы мүмкін. Керісінше, жылдар бойы басы ауырып жүретін жандардың ине қабылдағаннан соң аурудан айығып кеткен жағдайлары да кездеседі екен.А типті ботулотоксин босап кеткен бұлшық еттерді де жиыруға септігін тигізе алады. Егер аталмыш инені салдыруға бел бусаңыз, ішіп жүрген дәрілерді бірнеше күн бұрын тоқтата тұруға тура келеді. Әсіресе аспирин қабылдамаған дұрыс. Әйтпесе ем қабылдаушы қан жоғалтуы ықтимал. Сонымен қатар ішімдік пайдаланбаған дұрыс екенін айта кеткен жөн. Ем қабылдау алдында екі күн бұрын спортпен шұғылданбай-ақ қойған дұрыс. Денеңізді уқалау массаждарынан да аулақ ұстай тұрған абзал.

. Ботулотоксиннің көмегімен төмендегідей эстетикалық мәселелерді шешуге болады:

  • көз айналасындағы;
  • маңдайдағы;
  • қабақ арасынағы әжімдерден арылып;
  • бұлшықеттердің еркінсуіне мүмкіндік ашылады.

Ем қабылдаған соң не істеу керек?

Алдымен аздаған ісік пен көк теңбіл түсетінін ескеруге тиіспіз. Инеден соң емделушіге жатуға болмайды. Иненің орнына қол тигізуге, уқалауға мүлдем болмайтынын айта кетейік. Алғашқы екі аптада спортпен шұғылдануды тоқтатып, ауыр жұмысты да қоя тұрған абзал. Себебі қимыл қозғалыс беттің қан тамырларының айналымын жетілдіреді. Ыстық моншаға түсіп, күн сәулесінің астында көп жүрген де еңбекті зая кетіруі мүмкін. Демек, бұл ем-шараны ерте көктемде жүзеге асырған қолайлы. Аталған осы аз ғана ережелерді сақтау барысында сіз ботокстың нәтижесін көре аласыз және жас әріңізді ұзаққа сақтай аласыз. Шынайы маман жасаған ем-шара өз нәтижесін беріп жатыр.  Он жылға жасарудың жаңа мүмкіндігінің бірі-ботекс. Жаһандану дәуірінді жылдам дамып жатқан сала- косметология. Оның жаңалықтарын біліп, өз игілігімізге жаратуымызға болады.

Айнұр Төлеу

«Алауинформ»