Білместік  үлкен  қауіп әкелуі  мүмкін.  Қазақстан әрдайым ұлтаралық келісім мәселелерімен қатысты жұмыс істейді, мемлекетаралық және мемлекетішілік қақтығыстарды реттеп, көмектесуге тырысады. Алайда,  назарды біздің болашағымыз – жастарға  арнау қажет.  Қазақстандық арнайы қызметтердің деректері бойынша,  тыйым салынған террористік ұйымдардың қатарына жататын ИГИЛ ұйымында  400 қазақстандықтар соғысқа қатысқан.

400 қазақстандық содырлардың ішінде 16-23 жас аралығындағы жастар 65% құрайды, 23–30 жас аралығында 9 %, 30 жастан жоғарылар содырлардың 26 %-ын құрайды. Аталмыш содырларды білімсіз жастар деп айтуға болмайды.  Жоғары білімі бар жастар – 21 %, арнайы орта білімі  бар жастар – 16 %,  орта білімі бар жастар  – 12 %, аяқталмаған орта білімді жастар – 39 % құрайды. Жалпы есеппен білімі бар жастар 37%.  Әрі қарай олар бірдей емес.  Отбасылық жағдайы бойынша ресми некеде 25% тіркелген, діни некеде – 13%, тұрмысқа шықпаған және үйленбеген – 60%, ажырасқандар – 2 % құрайды. Содырлардың 66 % – балалары жоқ,  23 % –  1 – 2 баласы бар,  11 % – 3  балалары бар. Ал ең бастысы, жастардың 80% жұмыссыз.

Социологтар мен психологтардың айтуынша жастардың  діни радикальды ұйымдар қатарына қосылуына көптеген факторлар әсер етеді: жасөспірімдік мінез-құлық,  діни отбасындағы тәрбие, аға-апайларының, достарының әсері, махаббаты мен жақынын жоғалту. Алайда, қазіргі уақытта әлеуметтік факторлардың әсерін басты назарда ұстау қажет.  Социологтардың жүргізген статистикасы бойынша, әлеуметтік факторлардың ішінде  негізгі әсер етуші факторлар жұмыссыздық, төмен табыс, ішкі көші-қон бақылаусыздығы, аға буын рөлінің әлсіреуі, қоғамдағы мінез-құлықтың, дәстүрлі және нормативті  әлеуметтік институттардың рөлінің әлсіреуі болып табылады.  60 жастан асқан аға буынымыз аумақтық себептерге байланысты үйде отырады, ал өскелең ұрпақ бақылаусыз қалады. Орта буын табыс тауып, жұмыс істеп, балаларының немен айналысып жүр, кіммен сойлесіп жүр деген сұрақтарға жауап іздеуіне уақыты жоқ. Жастар өздеріне табысталған.

Статистика бойынша радикальды діни ұйымдардардың арбауына отбасынан бөлек тұратын, ауыл-аймақтан шыққан жастар түседі. Жастар Алматы мен Астанада көп болғандықтан стастистиканы осы қалаларға жүргізуге болады. Жыл сайын Алматы мен Астанага мыңдаған жастар кіші қалалардан қоныс аударады. Жастардың үлкен қалаға қоныс аударуының екі басты себебі бар, ол білім алу және жұмысқа орналасу. Қалада өскелең жас ұрпақтың көргені қиялына сәйкес келмейді. Олар үшін Алматы мен Астана – мақсат, арман. Алайда, қала оларды қабылдамайды. Университеттер жастарды «Дипломмен ауылға» атты арнайы мемлекеттік бағдарламамен ауылдық аймақтарға жіберуге тырысады, бірақ, жастар кеткісі келмейді. Ал Алматы мен Астана барлық жастарды баспана мен жұмыспен қамтамасыз ете алмайды.

Қазіргі жастардың менталитеттері, өмірге деген көзқарастары, аға буын өкілдерімен  салыстырғанда басқаша. Мақсаты мен арманына жетуі үшін жастар ұзақ жылдар жұмсағысы келмейді, олар  теледидар мен әлеуметтік желідегі «алтын жастар»  деп аталатын жастарға еліктеп, солар сияқты өмір сүргісі келеді. Қазіргі уақытта аға буындарымыз жастармен өмір  қиындықтары жайлы, соғыс, еңбек тақырыбы бойынша сөйлеспейді.  Сонымен қатар, пара алған шенеуніктер, көптеген жемқорлық іс -әрекеттер туралы жаңалықтар отқа майды құяды. Теледидар және әлеуметтік желіге бәрінің қолы жетімді, айналасында көптеген дискотека, түнгі клубтар, ресторан. Ал оның ақшасы, үйі, жұмысы жоқ, үйге қайтқысы келмейді.  Өзінен басқасының баріне, қоршаған ортаға үлкен ренжіс пайда болады. Кейін әлеуметтік желіден бір дос пайда болады. Кейін әлеуметтік досы оған видео жибереді, ол видеода қаланың күнәға батқаны жайлы, айналасында адамдар арасындағы  теңсіздік бар екені көрсетіледі.

Алматы қаласында 130 мың студент бар, оның 72 мыңы өзге қаланыкі.  Әрине, осы контингентке басты назар аудару қажет. Енді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не статистика жүргізуге болады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер үшін толық жағдай жасалған. Барлық факультеттердің студенттері жатақханамен қамтылған. Магистрантар үшін арнайы жатақхана бар. Докторанттарға «Жас ғалымдар» үйі салынды, қазіргі уақытта докторанттар аталмыш үйде тұрады. Университет «Smart Health University City» деп аталатын медициналық орталықпен қамтылған,  студенттерге жан-жақты қызмет көрсететін «Керемет» орталығы бар. Кереметте санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсетіледі: шаштараз, кір жуу бөлімі, косметалогиялық кабинет, супермаркет, банк және студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды.

Тәрбие жөніндегі департамент куратор-эдвайзерлердің студенттермен жұмыстарын бақылап отырады, жатақханада конфликті жағдайлар болмас үшін оқытушылар кезекшілік атқарады. Куратор-эдвайзерлер студенттердің университеттегі алғашқы күндерінен бастап студенттік өмірге, Ө.А. Джолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтетін мерекелік іс-шаралар, оқу-спорттық кешенде спорттық бассейн арқылы  қызығушылығын арттыруға тырысады. Жазда Ыстықкөл жағасында орналасқан спорттық–сауықтыру лагері жұмыс істейді, жолдама құнынының жартысын профсоюз қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, студенттер арасында би, ән, көңілді тапқырлар клубы, фольклор, спорттық жарыстар бойынша конкурстар өткізіліп отырады.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өздерінің Олимпиада чемпиондарына бай және оларды мақтан тұтатды. Жыл сайын вакансиялар жәрмеңкесі өтеді.   Жәрмеңкеге барлық болашақ түлектер, 4-курстар, магистранттар, докторанттар қатысып, жұмыс берушілермен кездеседі. Сонымен қатар, куратор-эдвайзерлер әлемнің керемет ғалымдарымен кездесу ұйымдастырып отырады, ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы қызметкерлерімен жастардың мінез-құлқына профилактика жасау мақсатымен әңгімелер жүргізіп тұрады.  Бірінші курстан бастап студент  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәртібімен танысады. Оқытушы сабақ беріп білімін арттырып қана қоймай, студенттермен отанға, туған жерге, елге деген патриоттық сезімін арттыру мақсатындағы тәрбие сағаттарын өткізіп, олардың Қазақстанды әлемдегі мықты мемлекеттер қатарынан болуға өз үлестерін қосатын жастар тәрбиелеп шығаруда белсенді қызмет атқаруда.  Алайда, оқытушының өз баласы немен айналасып жүр? Себебі студенттермен жұмыс жүргізу  кезінде, оқытушының жеке өміріне уақыты болмайды.  Ал енді білім беру, тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауап беретін  оқытушы жайлы да ұмытпауымыз қажет.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

биофизика және биомедицина

   кафедрасының оқытушылары:

доцент, Бактыбаева Л.К.,

оқытушы, Жаманбаева Г.Т.

Пікір жоқ