13 бөлім (Алдыңғы жазбаға өту) 

Біздің жасырғанымыз, ол өзіміз екенін мойындағанға дейін біздің бойымызда сенімсіздікті тудырады.

Роберт Фрост

Жақсы, дұрыс өз-өзіңді бағалай білу өте маңызды деген көзқараспен барлығы келісетін шығар. Бірақ, өзінің маңыздылығын түсіну кез келгеннің қолынан келмейді.

Біздің өз-өзімізді бағалауымыз өмір сүрген жылдарда қалыптасқан барлық түсініктерді ойша елестетуден қалыптасады. Соңында, бұл образдың біздің түйсігімізде қалыптасып қалатыны соншалық, ол өздігінен өмір сүре береді. Біз оны ұмытып кетеміз: оны өзіміз жасадық, өзіміз-ақ өзгерте аламыз.

Өзін-өзі бағалау қалай қалыптасатынын нақтырақ қарастырайық. Балалық шақта, яғни адам «құндылығы» алғаш рет қалыптаса бастағанда, біз өзіміз туралы ойды қоршаған адамдардан аламыз. Егер де бала ата-аналарынан махаббатты көрсе, онда есейгенде, бала өзіне жақсы қарайды. Егер де ата-анасы баласына ұрысып, оны мазақ қылып немесе қорласа, онда болашақта баланың өзіне қарым-қатынасы негативті болады. Есейген соң, ата-ана үйін тастап, біз жасөспірімдер мен ересектердің үлкен әлеміне араласамыз. Сансыз жаңа білімдер өз ізін қалдырады. Өкінішке орай, егер де сіз өмірде болып тұратын сәтсіздіктерге қатты мән беруге үйренсеңіз, онда осы сәтсіздік сіздің имиджіңіздің негізгі бөлшегі болып қалатыны сөзсіз.

Өзіңізге байсалдылықпен қараңыз

Егер де автокөлікке күтім жасамасаңыз, ол міндетті түрде сынып қалады. Егер де үйде күтім реттілік болмаса, онда ол қирап, бұзылып қалады. Сол сияқты, егер де мықты әрі өмірге толы болғыңыз келсе, онда өз-өзіңізді бағалауға қамқорлық жасаңыз. Өзіңізге дөрекілік танытып, немқұрайлы қарасаңыз өз-өзіңізді бағалауыңыз төмендеп қалады. Өз-өзіңізді бағалауға деген қамқорлықты өзіңізді күту ретінде қабылдаңыз.

Өмірде кезеңімен кездесетін сәтсіздіктерге, рухани қиындықтарға, жеңілістер мен проблемаларға толы, сондықтан да мұқият болмасаңыз, бұл ауыртпалықтар сізді артқа сүйреуі мүмкін. Дұрыс имиджді қалыптастыру үшін өз-өзіңізді бағалауды нығайту керек. Бұған санаңызды оң, сізге серпін беретін, өзіңіз туралы рухани гүлденуді қалыптастыратын ойларға бағыттағанда ғана қол жеткізуге болады. Кей кездері алаяқтық жасауға да болады: мұнда әлі жүзеге аспаған армандарды да қосуға болады. Есіңізде ұстаңыз, түйсік сіздің миыңызда қалыптасқан кез келген ойды қабылдайды. Оның дұрыс немесе бұрыс екеніне мән бермейді.

Келесі үш тұжырым сіздің өз-өзіңізді бағалауды жақсартады:

  1. Сіз бірегейсіз. Жер бетіндегі бірде-бір адам сіз сияқты ойламайды, бір нәрсені сізден артық жасай алмайды. Көптеген адамдар өздерін қатардағы адам ретінде санайды, бірақ СІЗ бұндай қателік жасамайсыз. Өзіңіздің бірегейлігіңізді дәлелдейтін фактілерді іздеуге де тырыспаңыз; осылай ойлап, тиісінше іс-әрекет жасаңыз. Жер бетінде өмір сүріп жатқаныңызға қуаныңыз. Өзіңіздің осындай жақсы қасиеттерге ие екеніңіге қуаныңыз. Өзіңізге лайықты ар-ожданды ұстаныңыз. Өзіңізге пайдалы жақты ұстаныңыз.
  2. Сіз қалағаныңызды жүзеге асыра аласыз. Біз өмір шексіз мүмкіндіктер мен нұсқаларды беретінін ұмытып кетеміз. Көп жағдайда, күнделікті тіршілікпен өмір сүріп, ынта мен күш-жігер арқылы көп нәрсеге жетуге болатынын ұмытып кетеміз.

Сіз кез келген елге саяхат жасай аласыз;

шет тілдерін игере аласыз;

өз ісіңізді бастай аласыз;

музыкалық аспаптарда ойнауды үйрене аласыз;

кез келген клубтың мүшесі бола аласыз;

қолөнерді үйрене аласыз;

жаңа мамандықты игере аласыз;

карьераңызды өзгерте аласыз;

ғылыми-зерттеу жұмысын бастай аласыз;

барлығын ойлай аласыз.

Тиісті көңіл-күйде нені жасай алмайсыз? Сіздің миыңызда, жақсы копьютердегідей, барлық нұсқаларды көрсететін кең бағдарламалар жазылып қойылған. Мен оны «біздің голографиялық мүмкіндіктеріміз» деп айтамын. Қызанақ дәнегінен қызанақ қана өсіп шығады. Олардың міндеті – шынайы өмір сүру. Бірақ сіз шексіз әлеуетке иесіз. Қандай дәнекті таңдасаңыз да, ол сізде өсіп шығады.

  1. Сіз өзіңізге шексіз билік ете аласыз. Күн сайын шексіз билікке – шексіз мүмкіндікке ие болып оянасыз. Бұл жерде сіздің өзіндік ойлау образыңызды таңдау туралы айтылып тұр. Ешкім де сізге қалай немесе нені ойлау керегі туралы бұйырмайды. Тек қана сіз осы билікпен не істейтініңізді айқындайсыз. Өміріңіздің кез келген саласын құруға немесе тұрақтандыру өзіңіздің қолыңызда.

 

Өзіңіз туралы қалай ойласаңыз, солай болып қалыптасасыз 

Ұяң ойлар ұялшақ адамды жасайды.

         Сенімді ойлар – сенімді адамды жасайды.

         Мықты ойлар – мықты адамды жасайды.

         Мақсатты ойлар – мақсатты адамды жасайды.

         Жүзеге аспайтын ойлар – өмірге бейімделмеген адамды жасайды

         Әлсіз ойлар – әлсіз адамды жасайды.

         Егер де адам өзін-өзі аяй берсе, ол әрдайым өзін аяп жүретін болады.

         Энтузиазмға толы ойлар – белсенді адамды жасайды.

         Мейірімділік – мейірімді адамды жасайды.

         Сәттілік туралы ойлар – табыскер адамды жасайды.

СІЗ СІЗДІҢ өзіңізге деген қарым-қатынасты жасау мен сақтау үшін жауаптысыз. Өзіңізге риза болыңыз. Өзіңіздің оң қасиеттеріңізді ойша елестетіп, дамытып, мойындаңыз. 

Өзіңізді жақсы көріңіз

Өзіңізді жақсы көру маңызды рөл атқарады. Әрине, егер де ол «Мен бәрінен де кереметпін» деген ойды қамтымаса. Келесі қағиданы ұстаныңыз: «Мен осы қалпыммен де жақсымын». Сізге басқа біреу болудын қажеті жоқ екенін түсініңіз. Өзіңізді осы қалпыңызбен қабылдасаңыз, сіз өте жеңіл өзгере аласыз. Бұл парадокс. Әрине, ұзақ уақыт бойғы сенімсіздік пен антипатиядан кейін өзіңізді жақсы көру қиынға соғады: алға қадам басуда көмек беріп, өзіңізді қолдау сезімі өте терең бір жерде жатыр. Еңсеңізді түсіруді қойыңыз. Басқа адам ретінде көріудің қажеті жоқ. Өзіңізді осы қалпыңызбен қабылдасаңыз ғана, сіз «өз-өзіңізді» деп басталатын өзге қасиеттерді зерттегіңіз келеді.

Өз-өзіне сенімділік

Өз-өзіне сенімді адам болыңыз. Бұдан азға келіспеңіз. «Мен энергияға толымын, бәрі қолымнан келеді және міндетті түрде табысқа жетемін» деп өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Егер де балалық шақта сәтсіздікке ұшырасыңыз, оны ұмытыңыз; сіз осы уақытта өмір сүрудесіз, және болашағыңыз жақын-ақ. Баяғыда сәтсіздікке ұшырасаңыз, бұнда тұрған ештеңе жоқ. Сіз қалай ойлайсыз және болашақта қалай жасайсыз, соны назарыңызда ұстауыңыз керек. Өзіңізге және өзіңіздің күшіңізге сеніп, сіз өмірдің кез келген қиындықтарына қарсы тұра аласыз. Өзіңіз өзгеріп, айналаңыз қалай өзгергенін байқайсыз. Демек, бәрі сіздің қолыңызда.

Дереккөз: Кітапты орыс тіліндегі «Подсознание может все» деген нұсқасынан қазақ тіліне аударған Мырзагелді КЕМЕЛ.

«Алауинформ»