Джон Кехо: «Түйсігіңмен ойлай біл»- «Сана серпілісі»

0
4 183 рет оқылды

(Жалғасы. Материалдың алғашқы жазбаларына өту.) Ми – бұл голографикалық Әлемді бейнелейтін голограмма. Осы таңғажайып идея авторлары Лондон университетінің физигі, Эйнштейннің шәкірті Дэвид Бом және жаһандық кванттық физика ғылымының қайраткері, әрі Стэнфорд университетінің нейрофизиологы Карл Прайбрам саналады. Олар өз жаңалықтарын бір-біріне тәуелсіз, түрлі ғылым саласында жұмыс істеу барысында ашты. Бом кванттық физиканың құбылыстары мен процестерін дәстүрлі теория арқылы түсіндіру барысында бірнеше рет сәтсіздікке ұшырап, Әлем голографиялық табиғат деген шешімге келді. Прайбрам адам миын зерттеу барысында дәстүрлі теориялар оның көптеген құпияларын шеше алмайтынына көзі жетті. Екі ғалым үшін де голографиялық модель мағынаға толы болып, бұған дейін жауапсыз қалған сұрақтардың жауабына айналды. Олар өз жаңалықтарын ХХ ғасырдың 70 жылдарының басында жариялады. Ғылыми орта олардың жаңалықтарына үн қатты, бірақ, өкінішке орай, ғылыми ортадан тысқары бұл жаңалық кең танымалдыққа ие бола алмады. Кейбіреулер оларға күмәнмен қарады (қай ғылыми теория болса да бұл жағдайды басынан кешірген), бірақ жаһанның алдыңғы қатарлы ғалымдары олардың жақтастарына айналды.

Кембридждік ғалым, 1973 жылы физикадан Нобель сыйлығының лауреаты атанған Брайан Джозефсон Бом Прайбрам теориясын «шынайы өмірдің негізін түсінудегі озық ой» деп атады. «Материя мен ми арасындағы көпір» кітабының авторы, «біздің ойлау процестеріміз, көпшіліктің болжауына қарағанда, физикалық дүниемен тығыз байланысты» деген теорияны ұстанушы, Канада королдігі университетінің ғалым-физигі, доктор Дэвид Пит те осы теорияға келісім білдіреді.

1979 жылы Принстон университетінің техникалық және қолданбалы ғылым мектебінің деканы Роберт Дж.Джан «материалды шынайылықты анықтаудағы сананың рөлі» атты зерттеу бағдарламасын әзірледі. Джан және оның көмекшілері бірнеше тәжірибе жасап, өз жаңалықтарын жариялады. Ми тікелей түрде әсер етеді және материалды шынайылыққа әсер етеді деп айтуға барлық негіз бар деген ой түйді. 1994 жылы жаһанның алдыңғы қатарлы ғалымдары мен педагогтары осы теорияны әрі қарай қалай дамытуға болатынын және белгілі бір ғылым саласында тәжірибеде қалай қолдану мүмкін екенін талқылау үшін Принстон университетінде жиналды.

Бұл жаңалық ерекше, сондықтан да оның нәтижесін тәжірибеде қолдану үрдісі көптеген күмәнмен және күдікпен байланыстырылып келеді.

Бүгігі таңда материалды өмір мен сананың қарым-қатынасы таңғажайып құбылыс болып саналмайды.

Сана – бұл энергия, энергияның аса нәзік және динамикалық формасы. Бұл біздің қиялдарымыз бен ойлау образдарымыздың, армандарымыз бен қорқыныштарымыздың шынайы оқиғаға не себепті әсер ететінін түсінуге көмек беріп, мидың жасаған образдары қалай шынайылыққа айналатыны түсіндіреді.

Шынайы өмірдің негізіне қатысты осындай жаңалықтар болашақта біздің жан-жақты дамуымызға серпін беретін күш болуы мүмкін. Адам өзінің ашық және динамикалы Әлемнің бір бөлшегі екенін сезініп, оның миы шынайы өмірді жасауда шешуші рөл атқаратынын түсініп, ол өмірге деген белсенді және шығармашыл әдісті дамыта алады. Енді оған болып жатқан оқиғаға шетте тұрып қарау керек емес, себебі ашылған жаңалықтар бойынша шет жоқ және ешқашан болған емес. Барлығы өзара әсер етуге негізделген. Қайда барсақ та, не жасасақ та біздың ойларымыз бізді қоршаған шынайы өмірді жасайды.

«Жаңа теорияны ашу шыңға өрмелеу сияқты, себебі сіздің алдыңызда жаңа, әрі кең көрініс ашылады» деген Эйнштейн. Аталмыш кітапты оқу барысында сіз осындай жағдайға тап боласыз. Көп уақыт өтпей, сіз өзіңіздің нақты мүмкіндіктеріңізді ашқан сәтте, сіздің ойша «өрлеуіңіз» сыйақыға ие болады.

2 бөлім

Сана 

Сіздің әр ойыңыз аспанда жалындаған үлкен әріптермен жазылып, әрі әр адамға көрінеді деп ойлаңыз, ол солай болады.

Мирдад кітабы

 

Өз ойыңызды шынайылық ретінде қабылдау, оның «материалды өмірмен» қатар өмір сүруін мойындау арқылы, сіз осы екі құбылыстың бірегей байланысын түсінуге жақындадыңыз.

Біз бір уақытта екі әлемде, екі шынайылықта өмір сүреміз: біздің шынайы ойларымыздың, сезімдеріміз бен көзқарастарымыздың ішінде және сыртқы шынайы өмірде, яғни адамдар, оқиғалар, заттар арасында. Ішкі және Сыртқы дүниені ажырата алмай, Сыртқы дүниенің біздің өмірімізге үстемдік жүргізуіне мүмкіндік беріп, Ішкі дүние бізбен болып жатқан оқиғаларды көрсететін «айна» рөліне ие болады. Біздің ішкі дүниеміз өте сезімтал, сыртқы әсерге үн қату арқылы біз қандай күшке ие екенімізді түсінуге мүмкіндігіміз жоқ.

Адам өзі өмір сүретін шынайы өмірге назар аударудан бас тартқан сағат пен минутта ғана осы шынайы өмірді өзгерте алады.

Ішкі сана – бұл әсері біздің өміріміздің әр аспектісінде сезілетін мықты күш. Сонымен қатар, ол сіздің негізіңіздің басты, әрі маңызды бөлшегі болғандықтан, сіздің сәттіліктеріңіз бен сәтсіздіктеріңіз осы ішкі санаға байланысты болып келеді.

Барлық зат өз негізінде энергия болып саналады. Ойлау кезінде біз үлкен көлемде шапшаң, жеңіл, әрі қозғалмалы формадағы энергияны пайдаланамыз. Бұл – ойлау формасы. Ой әр уақытта белгілі бір форманы иеленгісі келеді, сыртта өзінің бейнесін көрсетуге тырысады. Өзінің физикалық баламасы ретінде материалды өмірге айналу мен ұмтылу оның табиғатының негізінде бар.

Адамның қарапайым ойлары оттың шоқтары сияқты. Шоқтың әлеуеті мен негізін иеленіп, олар тез арада ғайып болады. Бірнеше секунд қана өмір сүріп, олар жоғары көтеріліп, өшіп қалады.

Бір рет санаға келген ой үлкен күшті иеленбейді, бірақ осы ойды бірнеше рет қайталап, назарыңызды жинақтауға, бағыттауға және оның күшін арттыруға болады.

Әлсіз және шашыраңқы ойлар – әлсіз және шашыраңқы күштер,Күшті және жинақталған ойлар – күшті және жинақталған күш.

Мұны түсіну үшін бірнеше күн сәулесі өтетін үлкейтетін шыныны елестетіңіз. Егер де шыныны жан-жаққа бұрып, қозғалта берсеңіз, онда күн сәулесінің шуақтары шашырап, көрінбейді. Ал, егер де, сіз осы шыныны белгілі бір биіктікте бекітсеңіз, онда жаңағы шашыраңқы күн сәулелері жинақталып, отты тұтататын күшке ие болады.

Біздің ойларымыз да осындай жағдайға тап болады. Ми күшін зерттеу деңгейіне сай сіз өз ойларыңыздың әлеуетін жоғарылатып, оларды жан-жақты дамытасыз, әрі жинақтай аласыз. Осы кезеңде сіз мынаны түсінуіңіз керек: ойлар өзіндік күшке ие болады. Сіздің ұстанатын көзқарасыңыз, қорқыныштарыңыз, үміттеріңіз, қамқорлығыңыз, ұстанымдарыңыз, армандарыңыз және әр ойыңыз сіздің өзіңізге, қоршаған ортаңызға және сіздің айналаңызға әсер етеді.

Көптеген адамдар таңертең тұрған сәтте өз ойларына мән бермейді, мидың қалай жұмыс жасайтынын, нені қалайтынын, неден қорқатынын, өзіне не айтып жатқанын, нені керексіз деп ойлайтынын елемейді. Біз күнделікті өмірде тамақ жейміз, жұмыс жасаймыз, араласамыз, қобалжимыз, үміттенеміз, жоспар құрамыз, сүйіктілерімізбен бірге боламыз, сауда жасаймыз, ойнаймыз, бірақ, осы сәтте өз ойларымызға өте аз назар аударамыз.

Егер де әр ойымыз үшін, оның мазмұнына сай бір доллар берсек немесе бір доллар алсақ, мүмкін біз өзіміздің ойлау процестерімізге баса назар аударар едік. Күн сайын біздің ойымызда мыңдаған ойлардың пайда болатынын ескерсек, бұл ұсыныс қызықты болып көрінеді.

Бухгалтерияны ойлаңызшы, мысалы сіздің ойларыңызды есепке алып және оның қайсысы сізге пайда әкелгенін, ал қайсысы шығын әкелгенін есептеп отырған жағдайда, барлық адамзат шығын әкелетін ойлардан аулақ болып, пайдаға кенелтетін өз ойларын мейілінше аса бір құлшыныспен  бақылауда ұстап, бағыттап отырар еді.

Айтқандай, біз осы жағдайды басымыздан өткереміз, бірақ доллар орнына энергия алға шығады, яғни кең есепке алу жүйесі жұмыс жасайды. Ол Әлем деп аталады, және оның тарапынан бірде бір ой назардан тыс қалмайды.

Адамның жан дүниесі жансыз кірпіш пен тас үйіндісі емес. Сіздің әр ойыңыз осы жүйеде көрініс тауып, оған әсер етеді. Сіз қалайсыз ба жоқ па, бірақ ойлау процесі кезінде сіз өзіңіздің шынайы өміріңізді жасайсыз.

Бір таңқаларлығы, жаңа өмірдің бірінші қадамы жеңіл болып келеді: тек қана өз ойыңыздың бағытын қадағалап, оларды тиісінше бағыттап отыру керек.

Әр адам өз өмірін өзі жасайды, сондықтан да өзіңіздің өмір сүру салтыңызға сыни тұрғыдан қараңыз. Сіз қаржылай гүлдену туралы айтасыз, бірақ әр уақытта ақшаның жоқтығына және қымбатшылыққа наразылық білдіресіз. Сіз өзіңізде жоқ нәрсеге баса назар аударып, келген шоттан қорқып, осы жағдайдан қалай шықсам екен деп алаңдатушылық білдіресіз. Сіз қаржылай жеткіліктілікке ұмтыласыз, бірақ сіздің санаңыз ақшаның жоқтығы мен алаңдаушылыққа бағытталған, сондықтан да сіз ешқашан сол жеткіліктілікке қол жеткізбейсіз.

Мүмкін сізді қызықтыратын әрі болашағы бар, өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді дамытуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар, қомақты қаржы таба алатын жаңа жұмысқа орналасу керек шығар. Егер де әрдайым өзіңізге осындай жұмыс жоқ және оны табу мүмкін емес деп айта берсеңіз, әрине, бұндай көзқараспен сіз ол жұмысқа ешқашан қол жеткізбейсіз.

Әлде, сіз тез тіл табысатын, өзіне сенімді, емін-еркін болғыңыз келетін шығар, бірақ сіз әрдайым өзіңіздің ебедейсіз және ой бөлісе алмайтыныңыз туралы ойласаңыз, қайта-қайта өзіңіздің кемшліктеріңіз бен проблемаларыңызды есіңізге сала берсеңіз, әрине сіз ешнәрсеге қол жеткізбейсіз. Нәтижесінде, сіз өзіңіз қалаған тұлғаға айналуыңыз екіталай. Сіз өзіңіздің мықты, әрі сенімді болуыңызды армандай аласыз, бірақ, егер де сіздің санаңызда әлсіз адам бейнесі орын алған жағдайда, сіз болашақта өзіне сенімді тұлға болу үмітімен өз жан дүниеңізді алдап қана өмір сүресіз.

Бір сөзбен айтқанда, тек армандаумен ғана іс өзінің оңтайлы шешімін таппайды. Бір нәрсе өзгереді деп үміттеніп отыру еш нәтиже бермейді. Егер де қауырт жұмыс жасап, он екі, он бес сағат жұмыстан бас алмасаңыз да, бұл жеткіліксіз болып саналады.

Бәрі орнынан қозғалу үшін өзіңіздің ойлау образыңызды өзгерту керек. Бұл аса маңызды шарттардың бірі болып саналады.

Ауқатты адам ауқатты бола түседі, ал қолында түгі жоқ адам, қолындағы барынан да айырылады

Лука Евангелиесі 19:26

 

Мен осы нақыл сөзді алғаш оқығанда, ол маған әділетсіз болып көрінген еді. Бұл әділдікке жата ма, егер де «ауқатты» адамның байлығы арта түссе, ал «қолында түгі жоқ адам» бар нәрсесінен де айырылса, бұл дұрыс па? Бір қарағанда бұл нақыл сөз абсолютті түрде дұрыс емес: егер де «қолында түгі жоқ адам» көбірек алса, онда әділеттілікке жақын болар еді, бірақ Қасиетті Жазбаларда басқаша жазылған. Інжіл бойынша Әлем осылай қалыптасқан. Көп толғаныстардан кейін мен бұл нақыл сөз терең мағынаға ие деген шешімге келдім. Шындығында, әр адамға өз ойларын таңдау мүмкіндігін беруден басқа әділетті не бар? Оның ойларынан оны қоршайтын шынайы өмір жасалады. Нәтижесінде, әр адамда өз өмірінің сапасын өзі анықтау еркіндігі бар.

Сіз жағдайды өзгерткіңіз келе ме? Бұл үшін өз бойыңызда қажетті сана түрін дамытыңыз. Сәтті адам санасы әрдайым сәттілікке бағытталған санаға ие болып келеді. Ауқатты адамның санасы байлыққа бағытталған, оның ойлары ауқаттылыққа, сәттілікке және материалды әл-ауқатқа арналған. Бұл оның ойлау образы.

Сіз оған айтуыңыз мүмкін: «Жақсы. Сәтті адам болсаң, табыс туралы ойлау оңай; бай адамға әл-ауқат туралы ойлау қиынға соқпайды, алайда, менің жағдайым басқа. Мен сәтсіздікке ұшыраған адаммын, мен кедеймін. Өмірлік жағдайлар мені үнемі артқа тартады».

ДҰРЫС ЕМЕС! Түбегейлі дұрыс емес. Сізге өмірлік жағдайлар мен қалыптасқан оқиғалар кедергі келтірмейді. Сізге кедергі келтіріп, арманыңызға жетуге бөгет болатын жалғыз ғана нәрсе, бұл – сіздің ойларыңыз. Күш-жігер мен тәжірибе арқасында сіз өз ойларыңызды басқарып, қажетті сана түрін жасай аласыз. Сізді қоршаған шынайы өмір, сіз сананың жаңа түрін жасаған сәттен бастап өзгереді. Бұдан ерте өзгеріске ұшырамайды. Жаңа сана алда жүруі керек.

Сіз өмірден не қалайтыныңызды шештіңіз бе?  Денсаулық па? Онда денсаулық санасын дамытыңыз. Билік пе? Билік санасын дамытыңыз. Әлде, материалдық әл-ауқат па? Әл-ауқатқа бағытталған сананы дамытыңыз. Бақыт па? Бақыт санасын дамытыңыз. Рухани дүниесі бай адам болғыңыз келе ме? Рухани сананы дамытуды қолға алыңыз. Барлығы әлеуетті мүмкіндік түрінде өмір сүреді. Сізден тек қана қажетті энергияны күш-қуатпен қамтамасыз ету талап етіледі, нәтижесінде, сіздің мақсатыңыз шынайылыққа айналады.

Егер де сіз санаңызды энергиямен қуаттап отырсаңыз, онда бұрынғы және қазіргі өміріңіздегі жағдайлардан тәуелсіз, бұрын сіздің өміріңізде болған сәтсіздіктерге қарамастан сіздің өміріңіз өзгереді! Бұл қызықты мүмкіндік бәріне беріледі. Әр адам оны пайдалану немесе пайдаланбау мүмкіндігіне ие болып келеді. Бұл үшін көп ақшаның немесе ерекше дарынға ие болудың қажеті жоқ. Сізден шамалы уақытыңызды арнауыңызды және тиісінше сананың түрін дамыту үшін қажетті күш-жігеріңіз талап етіледі. Бар болғаны осы ғана! Қалғаны автоматты түрде жүзеге асады.

Сіздің миыңыз бау-бақша сияқты. Сіз оны күте аласыз немесе қараусыз қалдыруыңыз мүмкін. Сіз – бағбансыз және өз бақшаңызды гүлдендіру немесе қараусыз қалдыру өзіңіздің қолыңызда. Бірақ, есіңізде ұстаңыз: сіз өз еңбегіңіздің немесе әрекетсіздігіңіздің нәтижесін иеленесіз!

Ми сізді қоршаған өмірді қалыптастырады… Сіз осы тұжырымдамамен келісуіңіз немесе келіспеуіңіз мүмкін. Сіз осы ойды түсініп, миыңызды өзіңізге жұмыс жасата аласыз немесе бәрін өз бетімен жіберіп, сіз әрдайым сәтсіздікке ұшырайтындай мидың жұмыс жасауына мүмкіндік бересіз. Бірақ, сіз өмір сүріп жатқан шынайы өмір сіздің миыңызбен жасалады.(Жалғас бар)

Дереккөз: Кітапты орыс тіліндегі «Подсознание может все» деген нұсқасынан қазақ тіліне аударған Мырзагелді КЕМЕЛ.

«Алауинформ» электронды нұсқадағы дереккөзі болып саналады.