Сіз – маған мәңгілік көктемсіз

0
2 592 рет оқылды

  Қымббатты оқырман! Хаттары арқылы оқырманға етене жақын болып кеткен Мейірхан Топанбайдың жүрегі сыр беріпті. Біз өз тарапымыздан ақынның тезірек сауығуын тілекшіміз.

Өлеңдер топтамасы Әнуарбек Жәлелұлына арналады.

Әнуар

Фериде Аслан

Әнуар,

Жан ұғар.

Жалғанда,

Арманы – тұмар.

Әнуар,

Жан құмар.

Лебіз сөзіңе,

Жан жырлар.

Бағалармын сені

Минара Абилова

Сен,

Мөлдір тамшым,

Сен,

Мөлдір жансың.

Қиялым қарысып,

Мұңменен алысып,

Уақытпен жарысып,

Сағынышпен табысып.

Сен,

Теңіздей тереңім.

Сені,

Өзімдей көремін.

Сен,

Қиялмас қымбатым,

Сен,

Жырмен тең атың.

Сағынған шағыңда,

Жүрегім шағына.

Жетпей жыладым,

Өмірдің жазына.

 

Фериде Аслан.

Жаз жаңбыры секілді,

Шаңын басар жердің.

Жан абзалы сез дертімді,

Жүрекке құйып сенім.

Баратын жерім жоқ,

Қағатын есікте табылмас.

Айтайтын сөзім -шоқ,

Жан күйдірмей тынбас.

Қараңғыдан соң күн секілді,

өмірімді жарық еткенсіз.

Бергенмін өмірге сертімді,

Сіз – маған мәңгілік көктемсіз!!!

Өзгелер ұға  еш алмас,

Жүректің сөзін нәзік.

Жүрегім  сене алмас,

Көргенмен жүз танып.

Жарық

Ангелина Агапия

Мені айыптап кездескеннің  бәрі,

Жүрегімнің жоғалды неліктен нәрі?!

Үн сүйгенім үшін келеке болдым,

Шашылды арсыздың жүзіме зәрі.

Мен көрмесем де  көзбен  ешкімді,

Жыр етіп өтсем дедім бес күнімді.

Адамның үніне іңкәр болдым қатем,

Ұмытым үн үшін кей кездері өзімді.

Мен үн үшін жыладым жасым төгіп,

Қалардай бір сәт тірідей  жүрек өліп.

Мен үн үшін қуандым жасым төгіп,

Алдымда тұрғандай бақыт көрініп.

 

 

Сіз маған керексіз!!!

Шарқ ұрса көңілім,

Бір сөзге алданып.

Тасқын  сезімім,

Қиялдан күй танып.

Сіз маған керексіз,

Жанар жасым тамса.

Сіз маған керексіз,

Үніңізбенен тұмса.

мен сізді көре алман,

талпынғаныммен сан.

Жанымда көп досым,

Қымбат – жалғыз жан.

Шарқ ұрса көңілім,

Бір сөзіне байланып.

Сізбен көркем өмірім,

Жүрек тұрар толғанып.

«Алауинформ»