Фериде Аслан. Ана (Аударма)

0
4 101 рет оқылды

 

 Аман болсын аналар,

Сәби жүректер саялар.

Барша сәбиге қадірлі,

Аялы сол бір алақандар.

Талай түн кірпік ілместен,

Сәбиінің ұйқысын күзеткен.

Жарық дүние сыйлаған ана,

Алғыс айтам  сәби жүрекпен.

Құшағыңа гүлді,

Толтыратын күнді,

Аңсап талай ана,

Балапаның көз ілді.

Өмірдің сырын үйреткен,

Тағдырдың өзін күйреткен.

Аналарға қарыздармыз біз,

Күні-түні  бесік тербеткен.

Жаныңның жылуын,

Іздейді әр сәт құлының.

Үніңді естімесем бір күн,

Еңсені басады ауыр мұң.

Сенім берген сынар шақ,

Қуат берген құлар шақ.

Жасымды тыйған жан,

Жырымсыз жылар шақ.

Сәбилік шағымды,

Жүрегім сағынды.

Сол сәби жүрегім,

Ана деп сабылды.

Топанбай Мейірхан

Республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлде иегері