ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0
1 716 рет оқылды

Өткен аптада Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағы   әкімшіілік  тәжірибе  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы әрекет ету  бөлімінің қызметкерлерімен мамыр айына арналған  негізгі іс-шаралар жоспарын іске асыру  құқық бұзушылықты  анықтау, ашу, ескерту және алдын-алу шараларын  орындау мақсатында Алматы қаласы Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында  жеке құрам  арасында «Құқықтық  жан-жақтылық»  атты алдын-алу  акциясы  өткізілді.         Көрсетілген акцияны өткізу  барысында Алматы өңірлік  гарнизоны Әскери полиция  жасағы  әкімшіілік  тәжірибе  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы әрекет ету  бөлімінің қызметкерлерімен  барлық санаттағы  әскери қызметшілер мен азаматтық  персоналдарға  2015 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енген «Қазақстан Республикасының  Әкімшілік  құқық бұзушылық  туралы»  кодексінің  талаптары  жан-жақты  жеткізілді.  Сонымен қатар, 2016 жыл Алматы қаласы  және  Алматы облысы  Қарасай  аудандық мамандандырылған  әкімшілік  соттарының  құқық бұзған  әскери  қызметшілерге  қатысты қаулыларын әділет аға лейтенанты Данияр Бейсенов  жеткізді.

Мемлекет басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың 2012  жылғы 14  желтоқсандағы «Тәртіпсіздікке нөлдік  төзімділік»   принципін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау, болдырмау  мақсатында әділет капитаны Саурық Р. заң  талаптарын  түсіндірді.  Жеке құрамның қойған сауалдарына нақты жауаптар алынды.  Алдығы уақытта да бұл акция жалғасын таба бермек.

Қарлығаш МҰСАБЕКҚЫЗЫ