Әкемтеатрға «Медея» келді

0
1 417 рет оқылды

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Еврипидтің «Медея» трагедиясы сахналанбақшы. Спектакльдің премьерасы маусым айының 7 мен 22 -жұлдызында болады.

381A1160

Қоюшы-режиссері А.Қабдешова. «Медея» – әлем театрларында өте көп және әртүрлі интерпретациямен сахналанған трагедия. Негізінен бос кеңістікте ойналатын бұл қойылымда төрт кейіпкер ғана бар – Медея, Ясон, Креонт және Хабаршы. Билік үшін ештеңеден тартынбайтын Ясон мен махаббаты көзсіз кекке айналған Медея. Мұның ақыры ештеңемен де ақтауға келмейтін зұлымдық…

381A1184

Рольдер мен орындаушылар:

Медея – Д.Жүсіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ясон – Қ.Нәбиолла

Креонт – Б.Қаптағай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Хабаршы – Ә.Сайлауова

«Алауинформ»