Бір қателік- бес кесір

0
1 444 рет оқылды

Алматының Жетісу ауданында Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып қарсы бағыттағы жол бөлігіне шығып кеткен «БМВ» маркілі автокөліктің жүргізушісі жолшыбай келе жатып, Сидоркин көшесіне қарай бұрылмақшы болған «Дэу Матиз» автокөлігімен соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан «БМВ» көше қиылысына қарай ұшып кетіп екі жаяу жүргіншіні қаққан. Ары қарай бұл көлік жол жиегінде тоғытылған екі көлік құралы – «Фольксваген» және «Тойота Лэнд Крузер» маркілі автокөліктеріне соғылған.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құрам белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Тергеу аясында тиісті сараптамалық жұмыстар тағайындалып, жол-көлік оқиғасы куәгерлерінен жауаптар алынды және екі адамның өліміне себепші болған жол-көлік оқиғасының басқа да жай-жапсары анықталуда.

Апатқа себепші болған Алматы қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері полицейлермен оқиға орнында ұсталып, бұлтартпау шарасы туралы соттың шешіміне дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 Гүлнар Жаманқұлова,

Алматы қаласының ІІД Баспасөз-қызметі

Сурет:sanekua.ru. Мәтіндегі оқиғаға қатысы жоқ.

 «Алауинформ»