Жыл басынан бері Алматының Бостандық ауданының жергілікті полициясы 682 заңсыз қоршауды алдыртып тастады.Полицейлер тұрғын үйлер маңындағы аумақтарға кезекті рейд жүргізді. Аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының өкілдері заңсыз орнатылған шынжыр кедергілер, бағаналар, шлагбаумдар және т.б. қоршау құрылымдарын демонтаждады.«Тәжірибе көрсеткендей, жақын маңдағы үйлердің «пысық» тұрғындары өздерінің автокөліктерін қою үшін жалпыға ортақ жерлерді, мысалға, балалар алаңдарын, жасыл өскіндер мен жаяу адамдар жолына арналған жерлерді қоршап алады. Осылайша, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 505-бабына сәйкес (Қалалар мен елдімекендер аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу) әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жеке тұлғаларға ескертулер мен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдар субъектілеріне – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде айыппұлдар салынады»,- деп түсіндірді Бостандық аудандық ІІБ ЖПҚ табиғат қорғау полициясының бастығы полиция майоры Қуаныш Жайсанбаев.

Полиция қызметкерлері жергілікті КИК жұмыскерлерімен бірлесе отырып әрбір аулаға барып, аталмыш заң бұзушылықтарды анықтады. Аула тұрғындары аталмыш шараны қолдап, тіпті ағаштардағы шынжырларды алып тастауға да көмектесті. Ал құқық бұзушылар ескертулер алып, мұндай әрекеттердің қайталанбайтынына уәде берді. Бір күн ішінде ғана – 68 кедергі алынып, 26 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, рәсімделді.

Сондай-ақ «Ұсақ құқықбұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік» принципін жүзеге асыру аясында Бостандық ауданының табиғатты қорғау полициясы осы бағытта мынадай мәліметтер келтіріп отыр:

ҚР ӘҚБтК-тің 204-бабы – Рұқсат етілмеген жерде сауда жасау – 53

ҚР ӘҚБтК-тің 386-бабы – Жасыл өскіндерді қорғау және күту ережелерін бұзу – 162

ҚР ӘҚБтК-тің 408-бабы – Иттер пен мысықтарды күтіп-ұстау мен серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу – 25

ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабы – Ұсақ бұзақылық – 2

ҚР ӘҚБтК-тің 505-бабы – Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзу, сондай-ақ, қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру – 764 (барлығы 682 нысан демонтаждалды. )

Гүлнар Жаманқұлова,

Алматы қаласының ІІД Баспасөз-қызметі

«Алауинформ»