Алматы полицейлері із-түзсіз жоғалған Ресей Федерациясының азаматын іздеп тапты. Соған байланысты Криминалдық полиция басқармасының іздестіру бөлімі Петр Подлужныйдың туған-туыстарының ешқайсысының Алматы қаласының ІІД хабарласпағанын атап көрсетті.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде өз құжатын жоғалтып алып, әлі күнге дейін оны қалпына келтіруге тырыспаған азамат П.Б.Подлужныйдың қай жерде жүргені анықталды. Сондай-ақ ол ешкім күтіп отырған жоқ деген оймен Якутскі қаласына оралуды да ойластырмаған. Азамат Подлужный жазбаша түсініктемесінде туыстарынан қол үзуінің жеке себептерін көрсетті. Біздің бөлімше қызметкерлері оның туған әпкесі – Ольгамен мобильді байланыс арқылы сөйлесуіне мүмкіндік берді»,- деп мәлімдеді Алматы қаласының ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

Сондай-ақ спикер жүргізілген шаралар ауқымында Петр Подлужныйдың бұрын Алматы қаласында байланысқан азаматтардан да жауап алынды.

«Азаматша С. азамат П.Б.Подлужныйдың өз үйінде 2011 жылдың көктемінен 2012 жылға дейін біраз тұрғанын хабарлады. Ал П. есімді азаматша П.Б.Подлужныйды соңғы рет осыдан бес жыл бұрын көргенін мәлімдеді. Белгілі болғандай, дәл қазіргі уақытта екі әйел де П.Б.Подлужныйдың тағдыры туралы ештеңе білмейтін болып шықты. Ең бастысы, ол аман-есен және дені сау. Жоғалған құжаттарын қалпына келтіріп, өзі қаласа, оның туған Отанына оралуына мүмкіндік жасаймыз»,- деп хабарлады подполковник Зиадин.

Гүлнар Жаманқұлова,

Алматы қаласының ІІД Баспасөз қызметі

«Алауинформ«