Жергілікті полиция қызметінің деректері бойынша, мегаполисімізде жыл басынан бері жол-патрульдік полициясы мен арнайы батальон экипаждары Алматыда Жол қозғалысы ережесінің 55 мың 777 рет бұзылғандығын анықтаған.

– мас күйде көлік құралын басқару – 2 мың 303,

– көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқару – 2 мың 115,

– көлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белбеуін пайдаланбау –    5 мың 756,

– көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу – 3 мың 899

– басып озу, маневр жасау және қозғалыс қатары ережесін бұзу –         5 мың 260,

– көлік құралын құжатсыз басқару – 2 мың 338,

– жол бөлігін ластау– 4 мың 700 және т.б.

«Жол бөлігіндегі жол таңбасы мен арнайы белгілер талаптарын орындамау, бұл – құқықбұзушылық ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 601-бабының нормаларына сәйкес реттеледі. Бір қарағанда бұл елеусіз ғана ереже бұзушылық болып көрінуі мүмкін. Алайда, көп жағдайда дәл осындай әрекеттердің өзі ауыр құқықбұзушылықтарға, жол-көлік оқиғаларына және жүргізушілер тәртібі деңгейінің төмендеуіне әкеп соғады. Заңға бағынушылық пен ЖҚЕ мүлтіксіз сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Егер оған қауіптілігі жоғары құралды, яғни автокөлікті басқару сеніп тапсырылған болса, онда оларға деген жауапкершіліктің де артатыны сөзсіз. Жол белгілері мен таңбалары ережесін бұзушылық қозғалыс қатарын, жылдамдық режимін бұзу, «Жол бер» белгісін елемеу және басқа да бұзушылықтардың ақыры кейде қайғылы аяқталатыны да жасырын емес»,- деді Алматы қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.

Сондай-ақ спикер жыл басынан бері анықталған ЖҚЕ бұзушылықтың ең көп тараған түрлерінің статистикалық мәліметтеріне тоқтала кетті. Олар:

 

Гүлнар ЖАМАНҚҰЛОВА,

Алматы қаласының ІІД Баспасөз-қызметі

«Алауинформ»