Үкі-сүйегі мен қан тамырына дейін «ақыл» дарытқан құс

1
9 567 рет оқылды

Жапалақтәріздес құстың құпиялары

Үкі — қасиетті құс. Ертеден-ақ, үкінің қауырсынын «тіл-көз тимесін» деп баланың бесігіне, қыздың бөркіне, ал сал-серілер домбырасына таққан.

 Үкілер — сұлу, мистикалық, кербез құстардың бірі. Бір қызығы, жабайы табиғатты түсіруші фотосуретшілердің тамаша модельдері екен.

Олардың көздері әрбір ұсақ-түйек қимылдарды байқау қабілетіне ие. Күн сәулесі түскенде, үкілердің сары көздері ағарады, ал түнде көздері екі кішкентай күн сияқты жарқырайды. Тіпті, жеті қараңғы түнде де, жемтіктің қайда тұрғанын анықтай алады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, күндіз де көре алады екен. Олардың есту қабілеттері де жақсы дамыған. Бір құлағы екінші құлағынан үлкен болып келеді. Басында ассиметриялы орналасқан құлақтары дыбыс белгілерін ажыратып, жемтіктің қай жерде екенін тез анықтауға көмектеседі. Ал, оған көз жеткізу үшін, басын бұрып, алдыға және артқа изеп тұрады деседі.

 

Бір қызығы, үкілердің ең танымал ерекшеліктеріне — басын ешқандай қиындықсыз 360 градусқа дейін бұра алатындығы жатады екен. Дәл осыны адамдар қайталайтын болса, басына қан құйылып, есінен танатыны анық.

 

Америкалық ғалымдар үкінің сүйектері мен қантамыр жүйелері «ақылды» болатынын анықтаған. Бұл басын 270 градусқа бұрған жағдайда да, тамырларға зақым келтіруден қорғайды. Үкілер көздерін айналдыра алмайды. Табиғат оларды, жемтікті тиімді аулау үшін, бастарын еркін бұра алатын етіп жаратқан.

Гайлуд пен суретші Фабиан де Кок-Миркадо ондаған өлі үкілерді зерттеп, қимылдары арқылы құрылымдарымен танысқан.

         Ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша, әдетте, үкілер жемтікті бүтіндей жұтып, өзіне пайдасыз жерін (сүйектері, жүні, тісі және т.б.) қайтадан шығарып тастайды екен. Жапалақтәрізділер қатарына жататын бұл құстың қауырсындары жұмсақ болады. Сол себепті, ұшқанда қауырсындарының дыбысы шықпайды.

Кейбір іс-әрекеттері басқа құстарға ұқсайды. Аталық үкі аналық үкінің назарын өзіне аудару үшін, қатты дыбысын шығарып, билеуді бастайды. Көптеген аталық үкілер жалғыздықта өмір сүргенді ұнатады. Тек, ұрпағын жалғастыру үшін жұп болады және балапандары ұясынан ұшқанша ғана жандарында жүреді. Ал, кейбір үкілер жұптарын ешқашан жазбайды.

уки 2

Көптеген үкілер ұяларын өздері тұрғызбайды. Олар жұмыртқаларын тал-шыбықтың айыр тармақтарына яки басқа құстардың тастап кеткен ұяларына салады. Дене мүшелеріне байланысты 2 — 12 жұмыртқаға дейін басады. Әдетте, жұмыртқаны аналық үкі ғана басып отырады. Ал, аталық үкі жұбына қамқорлық жасап, балапандарына тышқан ұстап алып келеді. Жемтік тасушы үкі бір түннің ішінде ондаған тышқанды немесе басқа да кеміргіштерді өлтіре алады. Бұл құстың тамаша аңшы екенін білдірсе керек.

укили бас ким

Үкі таққан қыз бақытты болады

Үкілердің өмірі — құпияға толы. Бұл көбінесе, үкілердің түнгі құс болуына байланысты. Ал, түн әрқашан адамдарға құпия мен жұмбаққа толы болып көрінеді. Үкі шамандардың көмекшісі десе де болады. Қараңғы түнде көруге және жоғалған заттарды табуға көмектеседі. Үндістерде аналар, балалары тез ұйықтау үшін, баласының жанына үкінің қауырсынын қойып қоятын болған. Олардың суреттері ақылдылықты, қажымаушылықты білдірген. Қанаттары жайылып тұрған кез-келген үкі — алға қарай ұмтылыстың белгісіндей. Мұндай бойтұмарлар арманшыл адамдарға ылайықты екен. Қыздар өздерінің жеке өмірлерінің бақыты үшін, ал тұрмысқа шыққан келіншектер жолдасымен тату-тәтті тұру үшін бой тұмар ретінде тағып жүреді. Міне, осындай наным-сенімдер көптеген елдердің мәдениетінде қалыптасқан. Тіпті олардың құрметіне храм да ашылыпты.

уки бесик

Қазақтың үкі құсына деген құрметі әлі де сақталған. Дәстүрлі әншілердің домбыралары мен жүргізушілердің автокөлік айнасынан үкі қауырсындарын кездестіруге болады.

Үкілердің жүздеген түрлері бар. Олардың жалпы сандары қанша екені белгісіз. Алайда, ғалымдардың пікірінше, қазіргі таңда азайып кеткен. Құстар — табиғаттың байлығы. Ал, оларды қорғау біздің міндет…

 

Гүлжайна Саяқбаева

«Алауинформ»

 

1 Пікір

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here