Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына қазақ зиялылары бас қосты

Қазан 21, 2017
0
795 рет оқылды

Алматыдағы  Ұлттық кітапхананың Көрмелер залында  қоғам және мемлекет қайраткері, XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай еске алу кеші және Сұлтан Хан Аққұлының «Әлихан Бөкейхан» атты кітабының тұсаукесер рәсімі  өтіп жатыр. Кітапханаға жиналған зиялы қауым жаңа кітапты ілтипатпен қабылдады. Тұсаукесер рәсімінен кейін кітаптың авторы Сұлтан Хан Аққұлының сөз алды. «Алматы қаласынан Әлихан Бөкейхан атындағы көше, Жоғары оқу орны және Метрополитеннің атын беру туралы ұсыныс айтып өтті.

Ол өз сөзінде «Бүгінгі Қазақстанның негізін КСРО емес, Әлихан бастаған Алаштың зиялы азаматтары қалаған», деді.

Кітаптың алғаш рет Анкара жұртшылығының қолына тигендігі туралы біз порталымызда хабарлаған болатынбыз.

SAM_9068

Сөз алған тарихшы ғалым Бейбіт Қойшыбаев «Алашқа қатысты кітап шығарып отырған «Ер Жәнібек» қоғамдық қорына алғыс білдіремін» деп айтып өтті. Ұлттың тарихын жасауда руханиятқа демеушілік көрсету Батыста жақсы қалыптасқан. Тіпті Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов та «Қазақ» газетінің үздіксіз шығып отыруына қазақ демеушілерінің ықпалы туралы айтып отырған.

SAM_9165

Филология ғылымдарының докторы, профессор, акдемик Өмірзақ Айтбаев : «Алаш ардақтыларына өмірі мен жылдарын арнап жүрген азаматтарға алғысымды айтамын», деді.

SAM_9140

Ал филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова: «Кітапты әлихантануға ғана емес, алаштануға қосқан үлес» ,-деп бағалады. «Шетелге барғанда Алаш пен Әлиханды хал-қадірімізше түсіндіруге тырысатынбыз. Ал мынау үш тілді қамтыған кітап болғандықтан тысқа шыққанда ала жүретін еңбек болыпты. Жезқазғанның ашылуына Әлиханның тікелей қатысы бар екенін біз енді ғана біліп жатырмыз. Сондықтан, елімізде  Ә. Бөкейхан атындағы ЖОО болуы заңдылық шығар. Осы ұсынысты ары қарай өрбітуге тиіспіз. Мөлдір өлең жазатын Мағжан мен жазушы Жүсіпбекке «Педагогика» мен «Психологияны» жазуға тапсырма берген кім? Әрине, Әлихан Бөкейхан» – деп айтып өтті сөз алғанда. Ғалымдар Әлиханның «Жапон жолы» туралы ұсынысын талқылап жатыр.

«Алауинформ»

 

Пікір жоқ

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ