Іздегеніңізді таптыңыз ба? Бәлкім тапқан сәтте-ақ жоғалтып алған шығарсыз…

0
4 287 рет оқылды

Бағзы заманда бір кітапхана өртеніп кетіпті. Тек бір ғана қолжазба аман қалған екен. Көп жылдар бойы ол кітап дүкенінің түкпірінде жатады. Оған ешкім мән бермепті. Дүкеннің иесі өзгергенше шаң басқан күйі керексіз қалыпты.
Ол бума-бума қағаз орамдарын екшеп, кітап, қолжазбаларды жинастырып, керек еместерін тастайды. Ескі қолжазбаны да қажетсіз деп лақтырып жібереді. Кездейсоқ кетіп бара жатқан жүргінші оны тауып алады. Қолжазбаны отқа тамызық етермін деп ойлайды да, алдымен ішінде не жазылған екен деп қарап шығады.
Ал, қолжазбада былай деп жазылған екен: «Теңіз жағалауынан жанған тас тапқан адам армандаған нәрсесінің бәріне қол жеткізеді». Қайыршы не болса да жағалауға барып көрейін дейді.
Ол әр тасты көтеріп, ыстығы жоқ па екен деп қарап шығады. Көтерген тастың бәрін толқынға қарай лақтырыпты. Осылай күн артынан күн өтіп, айды ай, жылды жыл алмастырыпты… Бір күні қайыршының қолы ыстық тасқа тиеді…
Ол тасты көтереді де… әдет бойынша теңізге лақтырып жібереді.
Адамның өмірі – теңіздің жағасы іспетті. Күнбе күн тағдырымызды іздейміз. Көбіне тапқан кезде әдет бойынша оны өмірімізден адалап, лақтырып жібереміз. Өйткені, біз іздеуді ғана әдет қылғанбыз. Тауып алуды білмейміз.
Аударған Шынар Әбілдә

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here