«Алтын адамның» құпиясы ашылды

0
2 064 рет оқылды

Бүгін «Есік Мемлекеттік» тарихи-мәдени қорық-музейі «Алтын адамның» құпиясын жариялайды.  Бұл туралы «Алауинформ» хабарлайды. Есік қорығынан табылған әйгілі олжаның ашылуы мен зерттелу тарихына қатысты оқиғалар көптеген құпияларды ашып, жаңа деректемен толыққан болатын. Осыған байланысты бұрындары ешқандай жерде жарық көрмеген тың деректерден құралған «Алтын адамның құпиясы» деп аталатын жинақтың тұсаукесері өтіп жатыр. Мұражай қызметкерлері биыл «Алтын адамды» қайта жерлеу рәсімі өтетінін айтып отыр. Демек, «Алтын адамға» қатысты қаңқа сүйекке жүргізілген сараптамалар едәуір тың ақпарат алуға мүмкіндік ашқан. Бірақ Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында қазақтың танымына сәйкес, сүйекті қайта жерлеу рәсімінің өтуі- бүгінгі ғасырдағы сақтардың ұрпағы үшін жауапкершілігі жоғары іс болмақ. «Алтын адамның» қаңқа сүйегіне  жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесін де білетін сәтке жақындап қалдық. Сәлден соң ақпаратты толықтыратын боламыз.

«Алауинформ»

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here