Хан Шыңғыс пен Бөрте ана қалай танысқан?

1
4 443 рет оқылды
CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 91

Есугей баһадүр баласы тоғыз жасқа келгенде оған қалыңдық іздестіреді. Ұлын ертіп жолға шыққан көсем Дай шешенді кездестіреді. Әкелі-балалы екеудің сапар  сырын ұққан шешен:

– Ұлыңның жанары от, жүзі таңғы шапақ сияқты екен. Кеше түс көрдім. Түсімде қолыма тырнағымен күн мен айды қапсырған ақ сұңқар келіп қонған екен. Бұл түсім туралы «күн мен айды көзбен ғана көруге болады емес пе, ал түсімдегі ақ сұққар күн мен айды тырнағымен қатар ұстап, қолыма қонды. Бір жаңалық болғалы тұр»,– деп ойлағаным сол еді, қарасам, Есугей құдам баласымен бірге келе жатыр екен. Бұл түстің мәнісі не? Үйге кір Есугей құда. Менің де кішкентай қызым бар. Өзің  көр,–дейді.

– Мүмкін бұл – тәңірдің аяны болар,– деп жорамалдайды Есугей.

Шынында да, олардың сапарлары сәтті болып, Бөрте қыз екеуіне де ұнайды. Ол Темучиннен бір жас үлкен болатын. Құдаласу рәсімін жасасқан әкелер балалары он төрт жасқа келгенде той жасауға уағдаласты. Сөйтіп, Темучин Бөртеге үйленеді. Бөрте Шыңғыс ханнан билігін ары қарай Батысқа, Шығыс пен Оңтүстікке таратқан балаларды дүниеге алып келеді.

Дереккөз: «Түс жорулар» кітабы

«Алауинформ»

1 Пікір

  1. «перғауын өз қауымын бастап отқа кіреді…» мұңғылдың баласын меркіттерде құлдыққа өлгенін Жаратқан қалаған болса Əбу-насрдың отаны -Отрар, Кітапханасы түркі дүниеге қандай əсер етер еді деп ойлайсыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here