Алаштың Әлиханына құрмет Анкарадан басталды

Қазан 21, 2017
0
956 рет оқылды

Қадірменді достар, ардақты ағайын! Үстіміздегі жылдың ең маңызды рухани мерейтойларының төресі – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 150 жылдығы екендігі даусыз! Ұлт Көсемінің дүние есігін ашқан күні – 5-наурыздың қарсаңында, image-04-03-16-03-44-1 Анкара қаласында алқалы жиын ұйымдастырылды. Бүгін, 4-наурыз күні Түркияның тамырлы оқу орындарының бірі – Гази университетінің Бас ғимаратында таңғы сағат 09.30-да алқалы мәжіліс шымылдық түрді. Сәулеткер Кемаледдин залы қазір Алаш рухымен абатталды! «АЛАШТЫҢ ӘЛИХАНЫ» Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы және түркі зиялылары» тақырыбын темірқазық еткен Халықаралық конференцияда – тұтас түркінің тау тұлғаларын түгендеп һәм тағдырлы тарихқа толымды талдау жасалды. Келелі кеңес құрар басқосу Яссауи университеттi «Өнер» тобының концертімен қорытындыланады. Гази университетіне қарасты «Түркият» түркі әлемін зерттеу орталығының бастамасымен ту көтерген келелі бас қосу – ұйымдастыру ісіне ЮНЕСКО-ның Түркия Ұлттық Комиссиясы мен Елiмiздiң Түркиядағы Елшiлiгi, Халықаралық Түркі Академиясы һәм Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің тізе қосып, бас біріктіруінің нәтижесінде бес тарапты татымды тірлікке айналды.

image-04-03-16-08-55-3

Атажұрттан дүбірлі жиынға Алаш тақырыбында айшықты еңбектеніп жүрген Тұрсын Жұртбай, Бейбіт Қойшыбай, Сұлтан Хан Жүсіп сынды саңлақ ғалымдар қатысып жатыр.

image-04-03-16-07-31-8

Сонымен қатар, бүгін Анкара жиынында Сұлтан Хан Аққұлының  «Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қоры шығарған «Әлихан Бөкейхан» деп аталатын( үш тілде:  қазақ, ағылшын, орыс) кітабының тұсауы кесілді. image-04-03-16-03-44-2Академия тарапынан Дархан Қыдырәлі бастаған алымды азаматтар, Түркияның төрт бұрышынан белді қонақтар жетіп, мәртебелі басқосудың мерейін асырды! Анадолыдағы ғылым аламанына Анкарадан алыс жатқан ағайынның көңілі құлап, жанкүйер боларын білеміз. Алаштың айбозының тойы ЮНЕСКО көлемінде жыл бойы тойланбақ. Той қуанышын әрдайым сіздермен бөлісіп отырамыз.

«Алауинформ»

Пікір жоқ

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ