Смартфон дәуірінде адамдардың ең басты мәселесі қуат көзінің тез таусылуы. Оның басты себептері әдетте, батарейканың әлсіз болуы, зарядканың дұрыс қуаттамауы, қуаттау уақытының тым көп не аз болуы, смартфонның сапасы, сөйлесу рет саны немесе уақытына байланысты болумен бірге, мына бірнеше себептерді айта кеткен жөн.

  1. Смартфондағы қосылып тұрған бағдарламаларды алып тастау. Мысалы, iPhone-ның Home батырмасын екі басып, істетілмей тұрған бағдарламаларды алып тастаңыз.
  2. WiFi, Bluetooth, GPS ашық тұрса да қуат көзі әдеттегіден тез таусылады.
  3. Экранның жарық деңгейін жоғары шекке қоймаңыз немесе оны автоматты күйге қойыңыз және экранның жанып тұру уақытын да қысқа мерзімге баптаңыз.
  4. Қазіргі смартфондар сіз қолданбаған кезде де қуат көзін сарып ете береді. Сондықтан, түнде немесе ұзақ уақыт қолданбайтын сәттеріңізде ғаламтордан үзіп қойыңыз.
  5. Смартфоныңыз ауырласып, жұмыс істеуі баяу бола бастаса міндетті түрде антивирус арқылы тексеріңіз. Өйткені, кейбір вирустар смартфондағы бағдарламаларды автоматты түрде қосып жіберу мүмкіндігіне ие.

«Алауинформ»

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here