Кітап музейі жабылады

0
2 305 рет оқылды

Адам баласының қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыры неге жетеді? Бірақ он сегіз мың ғаламның толық құпиясын ашып тастамасаң да, осы уақытқа дейінгі адамзат ақыл-ойының жемісінен  сүрініп түскенше шырын сіміргің келеді. Қазақ онсыз да кітапты аз оқитын ұлттардың қатарына кіреді. Ары тереңдесек, арпалысқа толы жылдарымызды мансұқ етудің шебері болып шығамыз. Ал бүгін басымызға не күн туды? «Көне кітаптар мен қолжазбалар қорына бай Кітап музейі жабылады»,- деген ақпар тарады.  Қазақ баспа өнерінің тарихы саналатын музейде  Ташкент, Ыстамбұл, Қазан, Петерборда шыққан көне кітаптар мен Абайдың алғашқы кітабы, қолжазбалар һәм қазақтың баспасөз тарихына қатысты 70 мың мұрағат сақтаулы.Анығында, мәдениет-кітап бетін парақтаудан басталады. Ендеше арғы бергі мәдениетіміздің хабаршысына айналған Кітап музейі неге жабылуға тиісті? Abai.kz сайтының хабарлауынша «Музейді таратып, орнына Мәдениеттерді жақындастыру орталығын құру жөнінде Үкімет басшысының қаулысы 2015 жылдың 27 желтоқсанда шығыпты»  Сайт  Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлына «Кітап  музейін  жабу Елбасының тапсырмасы ма,Арыстанбек мырза»,-  деген сауал жолдаған. Бұл мәселеге қатысты «Бас мәдениет» иесінен БАҚ-та нақты жауап күтіліп отыр.

 «Алауинформ»

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here